Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#8862
1   2   3   4

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

26 


 

адал  да  ұтымды  тактикасының,  үлкен  парасат  пен  биік  талғамының 

арқасында! Шығармамды өзімнің өлең шумақтағымен аяқтағым келеді... 

 

Қызыл жебе қан майданда ойсыратыр ойнаған, 



Анау фашист танкісімен атқылауды қоймаған, 

Жалғыз емес барша қазақ даласын, 

Фашистермен, өзге ұлттар бойлаған, 

Қан майданда ерлік үшін еңбек етіп қазақ баласы, 

Әлия мен Мәншүк сынды жұлдыздар 

Қайсарлықтың нағыз айқын даласы!!!  

 

Турдыкеева Шынар  

10 сынып, Үлкеншыған орта мектебі,  

Үлкеншыған ауылы Алматы облысы  

Жетекшісі:Давлетярова Райхан Омирсерикқызы 



 

Отты жылдар жаңғырығы 

 

     Міне,  Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына  70  жыл  өтіпті.  



Бұл  –  сол  кездегі  кеңес  халқының  ержүректілігі  мен  төзімділіктерін  паш 

ететін  тарихта  мәңгілік  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде 

қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлер 

тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  тылдағы  қажырлы  еңбегімен  жеңісті 

шыңдаған,  станоктың  қасында,  егін  даласында,  күні-түні  мал  бағып, 

тынымсыз  жұмыс  істеген  жұмысшылар,  ауыл  адамдары  тойлайды.  Бұл 

мейрамды біздің аяулы да, даңқты әйелдеріміз – өздерінің әкелерін, ерлерін, 

ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, 

олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар 

тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын 

қиып, бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды. 

Ұлы  Жеңіс  күні  елі  мен  жері  үшін  жанын  пида  еткен  туған-туыстарына, 

жақындарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл 

ел болып еске түсіреді. 

     Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика 

халқымен  бірге,  кеңес  халқы  неміс  басқыншыларынан  азат  еткен  Еуропа 

елдерінің тұрғындары тойлайды.  


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

27 


 

     Ұлы  Отан  соғысы  халқымызға  төнген  ең  ауыр  күндер  болды.  Төрт 

жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпағы үшін 

қан  құйлы  соғыс  жүріп  жатты.  Бір  күшке  жиналған  орыс  пен  тәжік,  грузин 

мен беларус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алынбас қамал болып 

жұмылды.  

     Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, 

жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық 

жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап  Берлинге  дейін  барды.  Олар 

Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград 

үшін  болған  ұрыстарда    ерліктер  көрсетті.  Украинаны,  Кавказды, 

Белоруссияны,  Қырымды,  Прибалтиканы  азат  етті,  Польша,  Румыния, 

Венгрия,  Чехословакия,  Болгария,  Германия  жерлеріндегі  майдан 

жолдарында  жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің 

қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. 

     Қазақ  ел  басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген 

жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу 

деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі 

Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп 

қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына көз жеткізуге 

болады.  Ердің  ері  шыдайтын  жаңбырша  жауған  оқ  пен  қарша  бораған 

бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары 

ажалдың қанды тырнағына ілікті. 

     Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген 

патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Сол жылдары Қазақстан 

миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейірімін  тартушы, 

эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-

түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. 

       Иықтарына үлкен ауыртпалық түскен еңбек даласында миллиондап 

жұмыс  істеген  әйелдерсіз,  жасөспірімдер  мен  қарттарсыз  Жеңіс  күнін  көзге 

елестету мүмкін бе еді?!  

      Тарих  кеше  үнемі  жаңаланып  отырады.  Десе  де  ұмытылмайтын, 

ескірмейтін  оқиғалар  болады.  Барлық  әлемді  дүр  сілкіндіріп  екінші 

дүниежүзілік    соғыстың  қасіреті  мен  Ұлы  Жеңістің  қасиетін  батыр 

ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

28 


 

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-сінде болған 

еді.  Бірақ Сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының  арқасында 1945 

жылы  9-мамырда  Ұлы  Жеңіспен  аяқталады.  Қара  бұлттай  түнеріп,  батыста 

өрттей  қаулап,  жан-жағын  жалмап  фашист  деген  «аждаһа»  алдына  келгенін 

жайратып  келе  жатты.  Жолындағыны  аямады,  баланы  бала  демеді. 

Ұстанғаны-  аямаушылық,  қатыгездік  таныту,  күшпен  әлемді  дүр  сілкінтіп, 

баса көктеп бейбіт өмір кешіп жатқан халыққа аяушылық танытпады. 

  Отты  лебімен  небір  зәулім  үйлерді,  ғимараттарды  да  жермен  жексен 

қылды. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан 

астам  қазақстандық  қаза  тапты.  Соғыста  қаза  тапқандардың  саны  туралы 

мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Адамзат тарихындағы  ең зұлмат соғыс 

20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. 

   Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ  Кеңес  халқы  жан  тәнімен 

Отанды  қорғады.  Әрбір  ауыл,  әрбір  қала  үшін  кескілескен  ұрыс  болды. 

Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Осы 

соғыста  Кеңес  одағының  басқа  республикалармен  бірге  біздің  Қазақстан 

Республикасы  да  жан  аямай  шайқасты.  Даңқты  қарулы  күштерінің  және 

еңбек армиясының құрамына 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған. 

       Ат  ауыздығымен  су  ішкен,  ер  етегімен  су  кешкен  сұрапыл 

ерлермен  бірге  қолдарына  қару  алып,  Отанын  қорғауға  біздің  батыр 

апаларымыз  Әлия  Молдағулова  мен  Мәншүк  Мәметова  ерлік  көрсетіп, 

батырлықпен қаза тапты. 

      Бірақ ел бірлігінің арқасында ол «аждаһа» да ауыздықталды. «Отты 

аждаһаға»  тосқауыл  қою  үшін  15  мемлекет  өз  бірлігін  танытып,  тұс-тұстан 

соққы  берді.  Соғыс  жүріп  жатқан  жерлерге  азық-түлік  жөнелтіп,  тылда 

балалар,  шал-кемпірлер,  ақ  жаулықты  аналар  тынымсыз  еңбек  етті.  Бар 

әлемнің  назарына  іліккен  соғыста  отандастарымызға  рух  беру,  күш  жігерін 

қайрау  үшін  отты  өлеңдер  жазылып  жатты.  Сол  кезде  соғыс  тақырыбы 

әдебиет  әлемінде  етек  жайды.  Атап  айтқанда  Ғ.Мүсіреповтың    «Қазақ 

солдаты»    романы,    Ж.Жабаевтың  «Ленинградтық  өренім»  өлеңі, 

Б.Момышұлының «Артымызда Москва» т.б шығармалар жарық көрді. 

     «Жұмыла    көтерген  жүк  жеңіл»  демекші,  елдің  ынтымақтығы, 

бірлігі  арқасында  совет  өкіметі  Ұлы  жеңіске  қол  жеткізді.  Жауынгерлік 

ерліктері  үшін  мыңдаған  қазақстандық  орден-медальдарымен  марапатталса, 

Кеңес  Одағы  Батырларының  қатарында  қазақтың  екі  қызы  –мерген  Әлия 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

29 


 

Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Жеңіске дету жолында 

қайсар  қазақ    бабаларымыздың  ерлігі  мен  көрегендігі    де  себекпші  болды. 

Танымал  қолбасшы,  әскери  жауынгер,  тактик  Бауыржан    Момышұлының 

ерлігін  білмейтін  қазақ  жоқ  шығар.  Бауыржан  атамыз  «Болат  қайнауда 

шынығады»,  «Отан  үшін  отқа  түс    күймейсің»-деп,  сарбаздардың  күш  –

жігерін, намысын қайрады. 

    Қайсар 

бабаларымыздың 

ерен 


ерліктерін 

ұмытпау 


үшін 

Қазақстанның барлық қалаларында Даңқ монуметтерін, Ұлы Отан соғысында 

қаза  тапқан  жауынгерлердің  ескерткіштеріне  гүл  шоқтарын  қою  9  мамыр 

күні ерекше салтанатпен өтіледі. 

   Осы  бейбіт  өмірде  бізге  сыйлаған  ата-бабамның  әруағына  құран 

бағыштап  олардың  есімнің  ел  жадында  өшпеуіне  ат  салысуымыз  біздің 

бейбіт замандағы  ұлы күресіміз. 

 

Шарипов Жасөрен  

 10-сынып оқушысы Бөдеті орта мектебі  

Ұйғыр ауданы Алматы облысы 

                                                       Жетекші:Ахметова Кеуерхан Алпысбайқызы 

 

                                                                    ... Есіме соғыс жылғы дауыл түсер, 



                                                                     Шал-кемпір,жетім-жесір ауыл түсер. 

                                                                     Қақсатып қара қағаз жататұғын, 

                                                                     Майданда өлген әке-бауыр түсер.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Н. Исахметов 

 

Менің  ауылым-Кепебұлақ.Кілең  қазақтар  орналасқан  қияндағы 



кішкентай  ауыл.Ауылдың  шығыс  беткейіндегі  шағын  өзекшені  қуалай 

ағатын  өзен  де  Кепебұлақ  деп  аталады    «Әркім  өз  лағын  текешік  қояды»  

демекші, өзен деген атауға келмесе де,өзімізге Іле дария болып көрінетін бұл 

су  да  басын  Кепебұлақ  тауынан  алады.Тау  қойнауынан  құлай  аққан  асау 

өзен,мөлдір  бұлақтар  менің  сіміріп  ішкен  шарбат  суым,шөлімді  басқан 

сусыным.Жағада  жайқалған  жасыл  құрақ,жағалай  өскен  тал,терек,өрік,алма 

ағаштары,асыр  салып  аунаған,жемісін  теріп  саялаған  құт  мекенім.Осы  бір 

құт  қонып,қыдыр  дарыған,бейқам  жатқан  ауылдың  осындай    тыныштығын 

бұзған  1941  жылдың  21  маусымындағы  соғыс  туралы  суық  хабар  еді.Ел 

басына  күн  туған  қиын  сәтте,  ер  намысы  сыналар  шақта  шағын  ауылдың 

өзінен  200  азамат  соғысқа  аттанды.  «Кебін  киген  келмейді,кебенек  киген 

келеді»демекші,аттанған  200  боздақтан  25  адам  ғана  кебенек  киіп,мүгедек 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

30 


 

болып  елге  оралды.Солардың  бірі  менің  атам-Асрандин  Шәріп.Бір  үйден 

аттанған төрт азаматтан дәм-тұзы таусылмай,елге аман оралғаны ғана менің 

Шәріп  атам  екен.Атамның  соғыста  көрсеткен  ерліктері,алған  ордендері  мен 

медальдары,оларды алу тарихытуралы айтқан естеліктері өз алдына үлкен бір 

кітап болары анық.Атам елге оралған соң 47 жыл ұстаз болып еңбек етті.Мен 

атамды  мақтан  етемін.Атамның  көптеген  медальдарымен  бірге  «Қызыл 

жұлдыз»  ордені,ауданның  құрметті  азаматы,ҚР  Білім  озаты  секілді  толып 

жатқан марапаттары бар.                          

Жер  бетін  тып-типыл  етуге  ұмтылған,аранын  ашып,  әлемге  алақұйын 

жалын  шашып,жан  біткенді  жалмауға  жанталасқан  заһарлы  зұлмат-екінші 

дүниежүзілік соғыс туралышығарма жазуды бастағанымда,бұл тақырыпты он 

бетке  болсын,жүз  бетке  болсын  сыйғызудың  мүмкін  еместігіне  көзім 

жетті.Себебі,соғыс  уақытқа  тәуелсіз,ешқашан  өзгермейтін,ешқандай  сынға 

берілмейтін азап. Жеңіс үшін өмірін,жастық шағын қиған,тағдырдың ауыр да 

азапты тауқыметінен өтіп,Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп 

дәлелдегенардагерлеріміз  жылдан-жылға,күннен-күнге  азаюда,олардың  тірі 

қалғандары арамызда жүріп,Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен 

санарлықтай...  

Адамзат  тарихындағы  ең  сұмдық  соғыстың  болып  өткеніне  70  жыл 

толды.Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты соғыс та ұмытылмастай 

ізін қалдырды. 

 

Соғыс,соғыс сенің қылған  қастығың, 



Талай жанның көкірегін басты мұң. 

Әкемнің де өмірін сен жоғалттың, 

Шешемнің де солдырдың-ау жастығын, 

 

-деп  жырлаған  республикаға  танымал,белгілі  ақын  Нүсіпбек  Исахметов  те 



осы Кепебұлақ ауылының перзенті. 

           Сұрапыл  соғыстың  көкейге  салған  жарасы  осындай-ақ  болар.Ананың 

қайғысы,баланың  орны  толмас  сағынышы  жүректі  сыздатып,бойды 

шымырлатады. 

 

Көңілге көп тоқыған, 



                                               Кәрі-құртаң ашынды. 

                                               Қара қағаз оқудан, 

                                              Сауатымыз ашылды, 

 

-деп  Қадыр  Мырзалиев  жырлағандай,Ұлы  Отан  соғысы  талай  адамның 



тағдырын күрт өзгертті,талай жанның өмірін үзді   

 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

31 


 

Жеті жаста жүгіргенде кеше мен, 

Жігіттерді көрмеуші едік көшеден. 

Аттандырып жеңіс үшін барлығын 

Ауылға ие біздер қалдық шешемен, 

 

- деп Нүсіпбекақын жырламақшы, бүкіл ауыл тіршілігі жас әйелдер мен бала-



шағаларға  қалды.  Қабырғасы  қатпаған  жас  балалар  мен  желегі  желбіреген 

жас әйелдер егін орып,шөп шауып,мал бағып,майданға азық-түлік пен жылы 

киімдер  дайындап  жөнелтіп  отырды.  Аламанова  Әлия,Шопанбаева 

Тәттіжан,Есболатова 

Үмітті,Мартбаева 

Көкек,Әбдіғұлова 

Күлиша, 

Қасымбекова    Қарлығаш  сынды  аналарымыз  жесір  қалып,жарларынан  қара 

қағаз  келіп,  қара  жамылып  отырса  да  осы  бір  қасіретті  де  қасиетті  міндетті 

абыроймен орындай білді.  

 

Кешегі қу соғыстың кесірі еді, 



Аттанды елдің түгел есіл ері. 

Бұл күнде кемпір болып қалдыңдар-ау, 

Өрімдей Кепебұлақ жесірлері. 

Жиырма жаста-ақ таттыңдар күйік дәмін, 

Қу тізеңді құшақтап ұйықтадың. 

Соғыстың ауыр жүгін арып-ашып, 

Көтеріп шықты талмай иықтарың. 

 

Жесірлер жанған жүрек от жүзділер, 



Барлығын бастан түгел өткіздіңдер. 

Оралмаған әкенің орны бол деп, 

Жетім қалған біздерді жеткіздіңдер,-деп 

 

Н.Исахметов  жырлағандай,  әр  шаңыраққа,  әр  жүрекке  салған  жара 



жетпіс  жыл  өтсе  де  әлі  жазыла  қойған  жоқ.Алайда  арды  ойлаған 

аналардың,Отаны  үшін  от  кешкен  ерлердің,Жеңісті  еңбегімен  соққан 

еңбекшінің  ерен  ерліктері  ешқашан  ұмытылмайды.Жыл  сайын  тойланатын 

Ұлы  Жеңіс  күні-сан  мыңдаған  ұрпақ  үшін  ортақ  мереке.Бұл  мереке  –

бейбітшілік  пен  қайырымдылықтың  мәңгі  жасампаздығын,Отанын  қорғаған 

жауынгерлердің  айбыны,тылдағы  Жеңісті  жақындатқан  жұмысшылардың 

ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.  Бұл 

мейрамды  бүгінгі  майдангерлер-соғыстың  алғы  шептерінде  қайсарлықпен 

шайқас  жүргізіп,ерліктің  сан  үлгілерін  көрсеткендер,ал  бүгінде  тәуелсіз 

елінің  өздеріне  көрсеткен  құрметін  сезінген  Ұлы  Отан  соғысының 

мүгедектері  тойлайды.Бұл  мейрамды  өздерінің  қажырлы  еңбектерімен 

жеңісті  шыңдаған  шаруалар  тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

32 


 

әкелерін,ерлерін,ұлдарын  және  жарларын  көзінен  жасы  сорғалай  жүріп 

төзімділікпен  күткен  аналар  тойлайды.  Бұл  күні  аналар  мен  жесірлердің 

жүрегі 


осыдан 

жетпіс 


жыл 

бұрынғыдай 

сыздайды.Бұл 

күні 


жеңімпаздардың,олардың  балаларының,немерелерінің  жүрегі  мақтаныш 

сезіммен  лүпілдей  соғады.Біздің  бабаларымыздың  қасық  қанымен,жастық 

жанымен  келгенҰлы  Жеңіс  тәуелсіз  еліміздің  көк  туы  көкке  желбіреп 

тұрғанда мәңгі тойлана берері сөзсіз.  

 

Тоғызыншы май күні-Жеңіс күні, 



Тегіс жылап,бүкіл жұрт тегіс күлді. 

Қайтпаған мен қайтқанның хабарындай, 

Тұрды ауылда желбіреп Жеңіс туы. 

 

Сол  сұрапыл  соғыста    батырларымыздың  сақтап  қалған  байтақ  жері 



бүгінгі күні дүние жүзі    таныған,әлем мойындаған мемлекет болып қалуы-

біз үшін үлкен мақтаныш,жетістік.Қазір Республикамыздың дүние жүзіндегі 

алдыңғы  қатардағы  мемлекеттердің  бірі  болып,ең  бастысы,елімізде 

бейбітшілік  пен  ынтымақтың  өріс  алып,халқымыздың  тыныштықта    бейбіт 

өмір  сүріп  келе  жатуы-тұңғыш  президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  адал  да  ұтымды  тактикасының,үлкен  парасат  пен  биік 

талғамының  арқасында.Сондықтан  біз,ХХI  ғасыр  жастары,осындай  байтақ 

елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз! 

 

Шукурлаева А. 

8 сынып Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі 

                                                                   Жетекшісі:Алпысбаева М.К.                   

 

Ел есімі - ер есінде 

 

Жер бетін тып-типыл  етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын 



жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат – Екінші 

дүниежүзілік  соғыс  туралы  шығарма  жазуды  бастағанымда,  бұл  тақырыпты 

он  бетке  болсын,  жүз  бетке  болсын  сыйғызудың  мүмкін  еместігіне  көзім 

жетті. Себебі, соғыс уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға 

берілмейтін азап. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр 

да  азапты  тауқыметінен  өтіп,  Отанға  деген  махаббатын  от  басып,  су  кешіп 

жүріп  дәлелдеген    ардагерлеріміз  жылдан-жылға,  күннен-күнге  азаюда, 

олардың  тірі  қалғандары,  арамызда  жүріп  Жеңістің  тәтті  дәмін  татып 

жүргендері саусақпен санарлықтай.  Адамзат жүрегіне айықпас жара салған 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

33 


 

Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  аяқталғанына  жарты  ғасырдан  астам  уақыт 

өтсе  де,  отты  жылдардың  елесі  әлі  күнге  халық  жүрегінен  өшпегенін 

түсіндім.Өйткені,  адамзаттың  бүгінге  дейінгі  сапарындағы  ең  сұрапыл 

қырғын да Ұлы Отан соғысы екені әлемге аян.  

 Қанша үйдің ұрлап адамын, 

 Қанша  үйде  сөніп  қалды  оттар,  -  деп  ақындар  жырлағандай,  әр 

шаңыраққа,  әр  жүрекке  салған  жара  сонша  жыл  өтсе  де  әлі  жазыла  қойған 

жоқ. 

     Елдің елдігін, ердің ерлігін сынайтын нағыз тарихи аласапыран кезеңде:       



 

Қасиетім менің, 

Адалдығым менен ақтығым. 

Жаныма қуат 

Жүрегімнің таза пәктігі. 

Тәңірімнен күнде 

Көз жасыммен тілеймін 

Өтсем екен деп 

 

Тірі  жанға  болмай  жаттығым,  -  деп  ақын  Әбділдә  Тәжібаев 



жырлағандай, парасаттылық,  адалдық, жүрек  пәктігі  сияқты  ізгі қасиеттерді 

биік  ұстап  өткен  Қазақ  халқы  ел  басына  күн  туған  қасіретті  шақта  Отанды 

қорғауға  аттанды.  «Адал  адам  Отанын  сүйеді.  Адал,  ақ  жүрекке  Отан 

анасындай.  Отанның  дегенін  істеу  –  қуаныш,  мақтаныш.  Отанға  деген 

махаббатты  бізде  өлшеуге  болмайды»,  -  деп  Баубек    Бұлқышев  айтқандай, 

жаратылысынан  ақкөңіл,  ақ  жүрек,  батыр,  намысты    халық  өз  мүддесінен 

Отан  мүддесін  артық  қойып,  өмірін  құрбан  етуден  асқан  асыл  мұрат  жоқ 

екенін, Отанға деген махаббатын осылай дәлелдей білді. Қазақ деген – батыр 

халық.  Ол  еңкейгенде  еңкейеді,  шалқайғанда  шалқаяды.    Шірене  қалса,  

асқар-асқар  тауларына  сүйенеді,  еңкейе  қалса,  азаматтығына,  өзінің 

парасаттығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей 

көсемдігі  бар,  айтыса  қалса,  дауласа  қалса  Бөгенбайдай  ерлігі  бар, 

Қабанбайдай  ірілігі  бар,  қолынан  қиыстырып  жол  табар,  Абылайдай  тірлігі 

бар ел. Қазір өз алдымызға  мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес 

Одағы  барлық  халықтардың  ортақ  мемлекет  болып  есептелгендіктен, 

батыстан  жау  шапқанда  Отанымыздың  абыройын,  бостандығы  мен  

тәуелсіздігін  қорғауда  жаппай  ерлік  пен  қайсарлықтың  үлгісін  көрсетті. 

Даламыз  қандай  кең  болса,  пейілі  де  сондай  кең,  жер  қойнауы  қандай  бай 

болса,  жүрегі  де  сондай  бай  халқымыз  қан  майданда  елдік  мінездері  мен 

ерлік  қасиеттері  сынға  түсті.  Осы  жолда  қанша  ардагер  әкелеріміз, 

аталарымыз  бен  апаларымыз  қанын  төкті,  жанын  пида  етті  десеңші! 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

34 


 

Осылайша,  біздің  халқымыз  соғыс  барысында  бүкіл  әлем  алдында  бар 

ұлылығымен көрінді.  

     Сол  кездегі  Кеңес  Одағы  халықтарының  тұтасқан  бірлігі  мен 

мызғымас  достығы,  халық  пен  әскердің  жаппай  ерлігі  Жеңісіміздің  кепілі 

болды.  


     Осындай  сұрапыл  жылдарда  да  қонақжай  адал  ниетті,  ақкөңіл, 

меймандас халқымыз ізгілік сипатын, адами қасиеттерін  жоғалтып алмады. 

Дүниенің  түкпір  -  түкпірінен  келген  баспанасыз  миллиондаған  жетім-

жесірлерді халқымыз құшақ жая қарсы алып, шын жүректен бауырына басты. 

Босқындармен  өз  баспанасын  да,  қолындағы  соңғы  тілім  нанын  да  бөлісіп 

жеді. Әрине, мұның бәрі де мақтан тұтарлық әрекеттер, Жеңіске жетуіміздің 

бірден  -  бір  себепшісі.  Біздің  бұл  халқымыз  –  батыр  халық.                                            

«Батырлығы    жауына  татырда  анық»,  -  деп  ақындар  жырына  арқау  болған 

халқымыздың батырлығы, ерлігі қан майданда талай рет дәлелденді. Дүниені 

дүр  сілкіндірген  осы  алапат  соғыста  қазақтың  көптеген  ержүрек  батырлары  

Кеңес Одағының Батыры атағын алды, сөйтіп тарихта өшпестей із қалдырды. 

«Ел  шетіне  жау  тиді»  дегенді  естігенде  Қабанбай,  Бөгенбай,  Амангелді 

сынды  батырларымыздың  ұрпақтары  қолдарына  қару  алып,  бір  кісідей 

кеуделерін  оққа  тосуға  әзір  екендіктерін  білдіреді,  елі  үшін  өлуге,  елін 

қорғауға  ант  береді.  Және  олар  өздері  берген  анттарында  тұрып,  ел  шетіне 

жау  шауып,  халқымызды  қойға  шапқан  қасқырдай  аяусыздықпен  шетінен 

қырып жатқан сәтте кіндік қаны тамған жерлерін, Отанын қорғауға аттанып, 

сұрапыл  соғыс  алаңында  ерлікпен  қаза  тапты.  Туып  –  өскен  жеріне 

тұтқиылдан  шабуыл  жасалып,  халқы  аяусыздықпен  қырылып  жатқан  сәтте 

кешегі  Бөгенбай  мен  Қабанбай,  Абылай  сынды  ұлы  тұлға,  жаужүрек 

батырларымыз бен қазақ халқының тұғыры биік ел болып, өсіп – өркендеуіне 

үлес қосқан батыр бабаларымыздың ұрпақтары осындай ел басына күн туған 

сәтте қалай қол қусырып отыра алсын.  

     Бүкіл  дүние  жүзіне  аузын  арандай  ашқызған  бұл  соғысқа  аузынан 

ана  сүті  кеппеген,  өрімдей  жас,  Отан  үшін  отқа  түсуге  дайын,  кешегі  бүкіл 

әлемді  сұлулығымен  тәнті  еткен  Қыз  Жібек,  Баян  сұлу  мен  қазақтың  үкілі 

домбырасымен  айтысып,  күй  тартқанда  алдына  жан  салмайтын  Дина  мен 

Сара  сынды    аяулы  аруларымыздың  ізін  жалғастырушы  қыздарымыз  да 

аттанды.  Кейбіреулердің  оларға  қарсы  болғаны  да  рас.  Ержүрек 

сарбаздарымыз  үшін  оңай  соқпаған  шайқас  аруларымыз  үшін  қалай  оңай 

болмақ? Бірақ, олар Отан қорғау әрбір елін сүйген азаматтың парызы, Отан 

алдында  бәрі  бірдей  деп  ойлаған  секілді.  Мен  олардың  бұл  шешімімен 

толықтай  келісемін,  бәлкім  мен  де,  мен  сияқты  басқалар  да  солай  істер  еді 

деп ойлаймын. 

     Сондай  қиындықтарға  толы  күндерді  басынан  өткізген  қазақ  халқы 

«тірліктен  де  артық  қойған  бірлікті»  деп  қазақ  атам  айтқандай,  бірлік  пен 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

35 


 

ынтымақтастықты,  ел  тыныштығын  бәрінен  де  артық  қойып,  неміс 

фашистерімен болған соғыста жеңіске жетті. 

     Бүгінде  біз  өз  тәуелсіздігімізді  алған,  зайырлы,  өзге  елмен  терезесі 

тең  тұғырлы,  болашаққа  бастар  жолы  ашық,  бейбіт,  барлық  ұлт  өкілдерін 

туғанындай  көріп,  төрінен  орын  беріп,  бауырына  басқан  қонақжай 

мемлекетте  өмір  сүріп  жатырмыз.  Біздің  бүгінгі  өмірімізді  бұрынғымен 

салыстыруға да келмейді. Әрине, мұның бәрі сонау сұрапыл соғыс жылдары 

Отан  қорғап,  туып  -  өскен  жерінде  гитлершіл  саясат  жүргізіп  жатқан  неміс 

фашистерінің  құрыштай  қарулы  әскерлерін  бұл  жерге  қайтып  табан 

тіреместей  етіп,  қуып  шыққан  Алпамыстай  күші  бар,  жаужүрек 

батырларымыз  бен    бойына  ақыл  тұнған  аруларымыздың  арқасы.  Өкінішке 

орай,  сондай  тек  қана  қазақ даласы үшін дүниеге келген  батырларымыздың 

кейбіреулері  қазір  арамызда  жоқ,  олар  соғыс  даласында  жүріп,  қасық  қаны 

қалғанша немістің қанды қол әскерлерімен шайқасып, ерлікпен қаза тапты.  

     Қазіргі  таңда  қазақ  даласын  немістің  қарулы  әскерінен  азат  етіп, 

жеңіске жеткен күніміз салтанатты түрде атап өтіледі. Бүгінде арамызда бар 

адамдарға  және  ерлікпен  қаза  тапқан  батырларымызға  ерекше  құрмет 

көрсетіледі.  Оларға  арнап  еліміздің  әрбір  қалаларында  ескерткіштер 

орнатылған  десем  қателеспеген  болар  едім.  Әрбір  Отан  десе  ішкен  асын 

жерге  қоятын,  әрқашан  елім,  жерім  деп  жүретін  нағыз  ел  патриоты  болуға 

дайын,  өскелең  ұрпақтың  болашағын  ойлайтын  әрбір  азамат  осы  Ұлы  Отан 

соғысына  арнап  орнатылған  ескерткіштің  жанынан  өткенде,  тәуелсіздіктің 

қалай  келгені  жайлы,  бұл  жолда  батыр  -  бабаларымыз  қандай  қиындықтар 

көргені жайлы есіне түсіп, аталары салған дара жолды ары қарай жалғастыру 

керектігін түсініп, Отанына өз пайдасын тигізетін болар деп ойлаймын.       

     Біз  сол  зұлмат  замандағы  қайғы  –  қасіреттер  мен  қиындықтар 

туралы    сол  заманда  болып  бәрін  өз  көзімізбен  көрмесек  те,  сол  қездегі 

оқиғаларды,  сарбаздарымыздың  батырлығы  жайлы  білеміз.  Және  сол 

батырларымыздың  ержүрек,  қайсар  мінезі  мен  батырлықтары  жайлы 

болашақ ұрпаққа аңыз сынды, батырлар жыры сынды жеткіземіз. Бұл оқиға, 

батырларымыздың  ержүректігі  мен  қайтпас  қайсарлығы,  «Отан  оттан  да 

ыстық» деген мақалды қолдана отырып, елін, жерін қорғау үшін ештеңеден 

тайсалмай  атқа  қонып,  ел  қорғаудағы  батылдығы  болашақ  ұрпаққа  үлгі  – 

өнеге көрсетеді.Қазақта «Ер есімі ел есінде» деген аталы сөз бар емес пе, сол 

сияқты  біз  елі  мен  жері  үшін  оттан  да  тайсалмаған  батырларымызды 

ешқашан ұмытпай, есте сақтаймыз. 

                                                                    



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет