Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне



жүктеу 379.59 Kb.

бет1/4
Дата12.03.2017
өлшемі379.59 Kb.
  1   2   3   4

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



Алматинская область 

 

Айтмолданова Аружан ............................................................................................................. 2 



Асқарбекқызы Ақнұр ................................................................................................................ 3 

Беркимбаева Тоғжан ................................................................................................................ 4 

Даулетиярова Роза .................................................................................................................... 6 

Ешмұхамет Ұлпан ...................................................................................................................... 7 

Қадыржан Гүлназ .................................................................................................................... 10 

Қалибек  Игнат ......................................................................................................................... 11 

Караев Ернат ............................................................................................................................ 13 

Керімжан Динара .................................................................................................................... 17 

Молдакулова Алтынай ........................................................................................................... 18 

Мырзақасым Ақгүл ................................................................................................................. 21 

Ташқараева Мадина ............................................................................................................... 23 

Тоқтасын Жансая ..................................................................................................................... 24 

Турдыкеева Шынар ................................................................................................................. 26 

Шарипов Жасөрен ................................................................................................................... 29 

Шукурлаева А. ......................................................................................................................... 32 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



Айтмолданова Аружан  

Т. Жанұзақов атындағы орта мектебінің 5  сынып оқушысы, 

Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы 

 

Ұлы жеңіске 70 жыл 



 

 

1941 жылы 22 шілдеде фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасап, 



Кеңес Одағын қиратып, шексіз билікке қол жеткізуді жоспарлады. Сөйтіп екі 

ай  ішінде  Кеңес  Одағын  жермен  жексен  етпекші  болды.  КСРО-дан  өзге 

жолай  Еуропаның  бірқатар  елдерін  басып  алды.  Соғыс  1941-1945  жылдар 

аралығын  қамтыды.  Москва,  Сталинград  жерлерін  басып  алмақшы  болған 

фашистік Германия қатар-қатар қалалар мен елді мекендерді қиратып, бейбіт 

халықты  аяусыз  қырды.  Көмекке  Қиыр  Шығыстан  бастап,  Орта  Азияға 

дейінгі аралықта әскерлер алынып, олар жұмылған жұдырықтай фашистерді 

түре  қуды.  Соның  салдарынан  қаншама  қан  төгіліп,  қанша  сәулелер  сөнді. 

Отбасына жас жеткіншектер орала алмады. Бірақ олар бүгінгі бейбіт өмірдің 

сәулелерін  жағушылар  еді.  Олардың  қатарында  тарих  беттерінде  есімдері 

алтын  әріппен  жазылған  қазақтың  өр  тұлғалы  ұлдары  мен  қыздары  да  бар. 

Атап, айтсақ Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигельдинов, 

Қасым  Қайсенов,  Мәншүк  Маметова,  Әлия  Молдағұлова,  Хиуаз  Доспанова 

т.б.  Мәскеу  шайқасы  тарихында  шексіз  ерлікпен  қаһарман  батырлықтың 

үлгісін көрсеткен, Бауыржан Момышыұлының аты аңызға айналды. 

 

Аналар жесір, бала жетім қалды. Әр жыл сайын аталып өтетін 9 мамыр 



жеңіс  күнінде  адамдардың  көзінен  жас  моншақтайды.  Себебі  сол  күні 

оралмай  кеткен  жарларын,  біреулері  ата-әжелерін,  енді  бірі  оралмаған 

балаларын  есіне  алады.  Менің  нағашы  әжемнің  екі  бауырыда  соғысқа 

қатысқан. Олар өте жас екен бірі, Тасыбаев Тоқпай 17 жаста, бірі  Тасыбаев 

Сұлтанбай  18  жаста  екен.  Тоқбай  деген  атамыз  соғыстан  оралмады.  Ал  

Сұлтанбай  атамыз  бір  аяғынан  айырылып  елге  оралған.  «Ұрыс  даласында 

елім,  жерім  үшін  бір  аяғымды  қалдырдым»  деп  әңгімесін  айтып  отырады 

екен. Ұлы жеңіске 70 жыл. Бұл аз уақыт емес, содан бері ғасырға жуық уақыт 

өтіпті,  бірақ  соғыс  салған  жара  әлі  жазылар  емес.  Енді  соғыс  атаулы 

болмасын.  Елімізде  тыныштық,  бейбітшілік  мәңгілік  орнасын.  Әр  күнді 

бейбіт  қарсы  алып,  тыныштықпен  батырсақ  екен.  Сәбилердің  ұйқысы 

тыныш, жеріміз аман болсын. Ерлік тек бейбіт өмірде жасалсын. Ақ көгершін 

аспанымызда мәңгілік қалықтасын. 

 

 

 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



Асқарбекқызы Ақнұр 

9 сынып, М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп 

Іле ауданы Алматы облысы 

Жетекші: Жандарал Рыскүл Байжұмақызы 



 

Ұлы Жеңіске 70 жыл! 

9  мамыр  –  Ұлы  Жеңіс  күні.  Осыдан  70  жыл  бұрын,  бұл  күні  адамзат 

тарихындағы  ең  сұрапыл,  жойқын  Ұлы  Отан  соғысы  аяқталды.  Екінші 

дүниежүзілік  соғыс,  біз  үшін  Ұлы  Отан  соғысына  6  материктің  сол  кездегі 

әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын. 

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын 

жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші 

дүниежүзілік  соғыс  туралы  шығарма  жазуды  бастағанымда,  бұл  тақырыпты 

он  бетке  болсын,  жүз  бетке  болсын  сыйғызудың  мүмкін  еместігіне  көзім 

жетті.  Себебі,  соғыс  -  уақытқа  тәуелсіз,  ешқашан  өзгермейтін,  ешқандай 

сынға  берілмейтін  азап.  Адамзат  жүрегіне  айықпас  жара  салған  Екінші 

дүниежүзілік  соғыстың  аяқталғанына  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  өтсе  де, 

отты  жылдардың  елесі  әлі  күнге  халық  жүрегінен  өшпеген.  Өйткені, 

адамзаттың  бүгінге  дейінгі  сапарындағы  ең  сұрапыл  қырғын  да  Ұлы  Отан 

соғысы екені әлемге аян.  

Қанша үйдің ұрлап адамын,  

Қанша  үйде  сөніп  қалды  оттар,    -  деп  ақындар  жырлағандай,  әр 

шаңыраққа, әр жүрекке салған жара жетпіс жыл өтсе де әлі жазылып қойған 

жоқ. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер бейбіт жатқан елді «тұтқиыл» 

шабуылмен талқандап, құртып жіберуді, халқын құлға айналдыруды, герман 

империализмінің отарына айналдыруды ойлады. Бірақ, ата-бабаларымыз міз 

бақпай,  анталап  келген  жауға  айбындылықпен  қарсы  тұрды.  Өзінің  Отанын 

қорғауға батыл бел буып шықты, әділетті азаттық соғысқа жұп жазбай тұтаса 

көтерілді,  табандылық  пен  қайсарлық  танытты.  Жаратылысынан  ақжүрек, 

батыр,  намысты  халық  өз  мүддесінен  Отан  мүддесін  артық  қойып,  өмірін 

құрбан  етуден  асқан  асыл  мұрат  жоқ  екенін,  Отанға  деген  махаббатын 

осылай дәлелдей білді. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер 

қойнауы  қандай  бай  болса,  жүрегі  де  сондай  бай  халқымыз  қан  майданда 

елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қанша ардагер 

әкелеріміз,  аталарымыз  бен  апаларымыз  қанын  төкті,  жанын  пида  етті 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



десеңші!  "Ер  есімі  –  ел  есінде”,-  демекші,  бізге  жарқын  болашақ,  бақытты 

ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. 

Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. 

Ұлы  Отан  соғысының  қатпарлары  парақтарына  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың 

қанды  қырғынға  қаймықпай  соғысқанына  ашық  көзіміз  жетеді.  Айқас 

алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры 

атағын алғанын айтсақ та жетеді. 

9  мамыр  -  бұл  мереке  ғана  емес,  бұл  ауыр  еңбек,  бұл  халықтың 

батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлеріміз! 

Әрине,  ардагерлеріміздің  қатарының  күн  санап  сиреуі  қынжылтатын 

құбылыс.  Майданда  қан  кешіп,  соғыстан  кйінгі  заманның  барлық 

ауыртпалығын иығымен көтерген сол буынның өкілдерінен үйренеріміз көп. 

Сол себептен ардагерлерімізді құрмет тұтып, көмек көрсету қажет. Солардың 

жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның 

туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, 

еңіреп  жүріп  жауды  жеңіп,  тауын  шағып,  туын  жағап,  жеңістің  таңбасын 

басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы 

үшін  қуаныш  болған  күн.  Сондықтан  да  бұл  Ұлы  мереке.  Оққа  ұшқан 

қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман  оралған  ардагер 

аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың 

елдің  қамығып  жеткен  Жеңіс  күнін,  біз  ұмытсақ  та  тарих  ұмытпайды.  Осы 

ұлан  ғайыр  даламызды  найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен  ата-

бабаларымыз  бізге  аманат  етіп  тастап  кетті.  Осы  аманатқа  қиянат  жасамай, 

келесі ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз.  

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құтты болсын! 

 

Беркимбаева Тоғжан 

8 сынып, Алтын ауыл орта мектебі,  

Қаскелен қаласы Қарасай ауданы, 

Алматы облысы 

Жетекші: Шулбаева Қаламқас Байдуллақызы 



 

Жеңіс туы желбіреген ұлы күн 

 

Балауса тілек бал татыр, 

Сөзімде менің сыр жатыр. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



Жетпіс онды елге паш еткен

«Жеңісім» сенсің шын батыр! 

 

Мөлдір аспан шуағын шашқан мына заманда, бақытсызбын деген адам 



адам ба?!  Дүние есігін ашқанымнан, мейірімін күндей анам шашқан маған. 

Шапағатын  шаттықтың    сезіп  балаң  жүрегім,    балалықтың  бақытына 

батқандай  боп  жүремін.  Туған  жердің  әр  тасы  күш-қуат  беріп  денеме, 

көктемдегі жауқазындай жайнап өсіп келемін. Өйткені мен туылдым тәуелсіз 

ел  жерінде:  қариясы  отыратын  төрінде,  қызғалдағы  құлпырған  қыр-белінде. 

Әлімсақтан салт-дәстүрін ардақ тұтқан халқым бар, үлкендерін кіші сыйлар 

салтым  бар.  Бар  әлемге  елдігімді    танытатын  Астанадай    қалам  бар,  о  шеті 

мен  бұ  шетіне  көз  жетпейтін  ұлан-байтақ  далам  бар,  баба  жолын 

жалғастырар  данам  бар.  Осылардан  үлгі  алып,  оттай  жанып,  елі  үшін  қыр 

асатын, қара сөзбен жыр жазатын мен секілді балаң бар. Елдігімді, ерлігімді 

жырлайтындай санам бар... 

         Бұл бақыттың оңайлықпен келмегенін, ырыс-құттың өз-өзінен енбегенін   

білемін.  Мен көрмедім қиын өмір, аштықты да сезбедім. Бірақ «соғыс» деген 

суық  сөздің ел ішіне кезгенін, апалардың, аталардың сұм тағдырды сезгенін, 

Отан  үшін  жанын  беріп  туған  жерден  алшақта,  намыс  отын  жандырғанын, 

біліп отыр балдырғаның. Білетінім: батыр менің аталарым жауыз жауды  45-

те  жеңгенін,    мәңгі  оттай  көңілінде  сақталатын  пенденің  –  «Жеңіс  күні» 

екенін. Жетпіс көктем содан бері нұрын шашты далама, жетпіс жасқа келіп 

қапты  сол  кездегі  бала  да.  Сәби  болып  сезбестен  бұл  фәнидің  қызығын, 

алаулаған отты күндер шыжығын арқалаған міне солар. Бұғанасы қатпастан 

қанды  көрді,  от-жалынға    алаулаған  таңды  көрді.  Місе  тұтпай  аштықты 

қасқиып жауға аттанған жанды көрді. Қазағымның сол жылдарда майдандағы 

ерлігі, қиындыққа белін бүкпей тылда көрсеткен  кеңдігі ұрпағыңа үлгі-өнеге 

қашанда. Жамбыл баба жырлары ұран болды майдан шебінде. Рақымжанның 

ту  тіккені  -  батырлықтың  жатқаны  ғой  тегінде.    Бес  жүз  қазақ  азаматы  ие 

болып «батыр» деген  ұлы атқа, өр кеудесін тосып оққа, қасық қанын Отан 

үшін берген жоқ па?  Әлия, Мәншүк қайсарлығы, Бауыржанның өр тұлғасы – 

белгісіндей ерліктің. Қаншама ұлт елімдегі куәсіндей теңдіктің, дәмін татып 

қазақылық    кеңдіктің  бүгін  міне  тату  өмір  сүруде.    Жаңа  буын  олар  жайлы 

міндетті әркез білуге... 

          Көз  салмастан  өткенге,  көш  түзеліп  кеткен  бе?  Болашаққа  салынатын 

дархан  жол  кешегінің  жалғасындай  бүгінде.  Жеңіс  туы  желбіреген  ұлы  күн 

ұрпағыңның  айтылады  мақтанышпен  үнінде.  Дүниені  дүр  сілкінткен  сол 

алапат  соғыста,  ел  шетіне  жау  тигенде,  қарап  жатпас  батырдың    есімдерін 

міне  бүгін  ұлағаттап  жатырмыз.  Соғыс  дәмін  татқан  жандар  бағалы 

санарлықтай  саусақпен,  арамыздан    дүние  көшін  тастап  кетіп  барады. 

Өкінішті!.. Халық жолы - өшпес тарих, санамызда мәңгі жатталып қалады.  


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



 Жеңіс  күні  -  жетпіс  жылда  аты  аңызға  айналып,   әр  жыл  сайын  ұлан-

асыр тойланып,  аталатын ұлы күн.  Ұлылықты сезе білу, тарих жолын кезе 

білу  келді    ме  екен  қолымнан?    Тәуекелге    белді  байлап,  өзімді-өзім  ақын 

сайлап, арнау жазып ерлігіңді жырласам,  ұрпағыңның балаң үні, пәк үні деп 

қабылда! Ақ қағазға қалам тартып,  із қалдырсам... бағым да. 

 

Даулетиярова Роза 

Алматы облысы Қарасай ауданы  

Жамбыл орта мектебінің 11 сынып оқушысы 

 

Ерлік пен жанған ұланымның кеудесі! 



Тағы да соғыс, тағы да зеңбірек гүрсілі, 

Тағы да тағы, тағыда ана күрсінді 

Отанды қорғап, біздерге аман қалдырған, 

Сөнді ғой қаншама жүрек дүрсілі. 

Тағы да неміс, тағы да фашист зұлымы, 

Тағы да кетті қазақтың жап – жас құлыны. 

Тойымсыз болған, сондағы аш көз фашисттер, 

Жетіскен жоққой, тұншықтырды өз былығы. 

 

           1941  –ші  жыл...  1939  –  шы  жылы  басталған  «Екінші  Дүниежүзілік 



соғыстың»,  күндерін  әрең  көріп  жүрген,  өз  дінің  еркін  ұстана  алмай,  өз 

тіліңде еркін сөйлей алмай, ата – бабаларымыз қанды соғыспен жаулап алып, 

жаның  беріп  аман  алып  қалған  жерде  тіршілік  жасап  жатқан,  қарапайым 

халықты  одан  әрі  сорлатып,  «Ұлы  Отан  соғысына»  айналуы  қатты  соққы 

болды.  1941  –  ші  жылғы  Сталиннің  жодлауы  бойынша:  «Великая», 

«Отечетвенная война» - деп, екі бөліп іркіліп, арасын суытып айтуының өзі 

халыққа  үлкен  үрей  алып  келді.  Атқа  мінуге,  қару  ұстауға  жарамды  деген 

еркек  кіндітінің  барлығы  да  соғысқа  аттанды.  Олар  ата  –  бабаларымыздың 

ерліктерін  жалғап,  отанымызды  қорғау  үшін  «Ұлы  майданға»  аттанды. 

Майданға  кеткен  жауынгерлердің  жүрегі  бір  жақтан  «Отаның  жауынан 

қорғау » үшін ауырса, екінші жағынан үйінде қалған отбасын ойлап ауырады.  

Бірақ ешбірінің де жүрегі өлімнен қорқып сыздаған жоқ. Отанды қорғау үшін, 

ешкім де ештенесін де алған жоқ. Тіпті рухы берік, қазақтың қаракөз батыр 

қыздары  да  майданға  аттанды.  Майданда  ерекше  ерліктерімен  көзге  түсіп, 

есімі  ел  тарихында жатталған  қазақтың  қарақөз  батыр  ұлдары  мен  қыздары 

мақтанарлықтай  көп  болды.  «Кеңес  одағының  батыры»  атағына  екі  рет  ие 

болған, қазақтың бетке тұтар азаматы, соғыс жауынгері, ұшқыш батырымыз 

–  Талғат  Бигелдинов,  Кеңес  одағының  туына  көкке  көтеріп,  қызыл  туда 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



тіккен, жалғыз қазақ есінде ғана емес, бүкіл Кеңес одағының есінде сақталған 

ержүрек  батырымыз  Рақымжан  Қошқарбаев,  ел  тарихында  ерекше 

ерліктерімен,  ержүрек,  батырлығымен,  өжеттілігімен  есімдері  өшпестей 

болып  сақталып  қалған  мерген  қызымыз  Әлия  Молдағұлова,  пулеметші 

қызымыз  –  Мәншүк  Мәметова,  әскери  қолбасшы  Сағадат  Нұрмағамбетов, 

Бауыржан  Момышұлы  және  де,  ерекше  атап  өтуге  ерлігі  әбден  лайық  есімі 

мен  ерлігі  естігенде  кез  –  келген  қазақ  баласының денесі  «дір»  етіп,  жүрегі 

тулап, патриоттық рухы оянып кететіндей ерлігі бар Сұлтан Баймағамбетов, 

міне  бүгінгі  таңда  аталаған  батырларымыздың  ерлігіне  68  жылдан  астам 

уақыт өтті. Ерліктеріне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, есімдері мәңгі 

ел тарихында қаларлықтай болды. Сол күнгі жауынгерлердің соғыста кешкен 

күні  мен  қазіргі  таңғы  біздердің  келер  ұрпақтың  күнін  салыстыруға  дәтім 

бармас....  Ең  өкініштісі  «Ұлы  Отан  соғысына»  қатысқан  жауынгерлеріміз 

шексіз  көп  болса  да,  ел  есіңде  қалғаны  санаулы  ғана.  Егер  ондағы  барлық 

жауынгерлердің  есімін  тізіп  шығатын  болсақ,  бізге  шың  мәнінде  жарты 

ғасыр  жетпей  қалары  анық.  Майдандағы  жауынгерлердің  ерліктері  мен 

есімдерін  еске  ала  отырып,  шығармамды  мына  қанатты  сөздермен 

аяқтағанды жөн көрдім. «Ер есімі – ел есінде! »... 

 

Ешмұхамет Ұлпан 

Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылы 

«О.Жандосов атындағы  орта мектеп мектепке дейінгі шағын 

орталықпен» КММ 10 сынып оқушысы 

Жетекшiсi: Узакова Шырын 

       Адамзат  тарихындағы  ең  сұмдық  соғыстың  болып  өткеніне  70  жыл 

толды.  Бірақ,  Ұлы  Жеңістің  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та 

ұмытылмастай ізін қалдырды.  

Женіс  күні!  Бұл  –  сан  мыңдаған  ұрпақ  үшін  ортақ  мереке.  Біздің 

аталарымыз  бен  әкелеріміздің  батырлықтары,  ержүректігі,  олардың  өз 

Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері 

үшін  мақтан  тұтарлық  үлгі  ғана  емес,  бұл  –  бірнеше  ұрпақты 

байланыстыратын  қоғамның  рухани  дамуы  мен    ұлттық  қайта  өрлеуінің 

жоғары адамгершілік негізі.  

Қазақстаннан  шыққан  батырларымыз  қан  майданда  саптың  алдыңғы 

шебінде өздерінің ержүректілігінің және мергендігінің арқасында көзге түсе 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



білді. Елімізден соғысқа миллионнан астам қазақ азаматтары қатысты. Атап 

айтар  болсақ,  Б.  Момышұлы,  Т.  Бигелдинов,  И.В.  Панфилов,  И.  Журба,  Г. 

Булатовтар  және  т.б.  Бұл  соғыста  тек  қана  ерлер  емес  табиғаты  нәзік 

болғанымен,  ержүрек,  батыр  аруларымыз  да  болды.  Мысалы,  М.  Мәметова, 

Ә.  Молдағұлова,  Х.  Доспанова  сияқты  қыздарымыздың  ерлігі  жайында 

сөзбен  айтып  жеткізу  мүмкін  емес.  Алапат  шайқаста  ерен  ерліктерімен 

дүниені таңқалдырған осындай қыздарымызбен бүгінгі күні мақтанамыз.  

Осы  соғыста  96  қазақ  Кеңес  Одағы  батыры  атағына  ие  болды. 

Табандылық  пен  ерлік,  отанға  деген  сүйіспеншілік  қатал  соғыста  жеңіске 

жеткізді.  Сол  жылы  Қазақстан  миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына 

аналық  мейіріммен  тартушы,  эвакуацияланған  завод  пен  фабрикаларға, 

майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. 

Фашистік Германия ашқан екінші дүниежүзілік соғыстың халыққа қандай 

зардап әкелгені тарих беттерінде айқын. Басқыншы фашистерге соққы беріп, 

Отан  қорғауға  аттанғандардың  ішінде  біреудің  баласы,  біреудің  іні-ағасы, 

күйеуі, нағашысы кетіп, көбі қайтпай қалды. Қайтқандардың өздері аянышты 

жағдайда мүгедек, жарымжан болып оралды. Талай жүректерге орны толмас 

қасірет әкелген соғыс ызғары алыстаған сайын, бүгінгі жастардың санасынан 

жеңістің  мән-мағынасы  өшіп  бара  жатқан  сыңайлы.  Соғыс  қиыншылығын, 

оның  тауқыметін  көрмеген,  тыныштық  қоғамында  өмірге  келген  жас 

жеткіншектер,  яғни  біздер,  жеңіс  күнінің  қадір-қасиетін  толығымен  түсіне 

бермейміз.  Көпшілік  қауым  9  мамыр  –  Жеңіс  күні  екенін біледі, бірақ  жан-

тәнімен осы күннің ерекшелігін сезіне алмай жүргеніміз өтірік емес. Бұл күн-

мереке  ғана  емес,  ауыр  еңбек,  бұл  халықтың  батырлығы.  Қаншама  жанның 

үкілеген  үміті  ақталып,  төгілген  көз  жастардың  қуанышқа  айналған  күні. 

Бастан  өткізген  қайғы-мұңды    ұмыттырып,  өткен  күннің  қасіретінен 

арылтқан күн. Міне,  


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



9 мамыр, осындай қуаныштарды сыйлаған барша қауымның төл мерекесі 

биыл  70  рет  аталып  өтпекші.  Бұл  күнді  атап  өту  дегеніміз-шарап  буынан 

шалқып,  теңселе  жүріп  той  тойлау  емес.  Азаттық  үшін  күрескен  асыл 

жандардың ерен ерліктерін еске алып олар жайлы келешек  ұрпақтарға өнеге-

өсиет  қылу.  Осы  бір  тарихымызды  еске  сақтап,  аманат  еткен  жерді  қорғап, 

дамыту, гүлдендіру бұл, әрине, бүгінгі ұрпақ – біздің қасиетті парызымыз. Біз 

үшін  отқа  түскен,  жанын  пида  қылған  барша  отандастарымыздың  алдында 

бас  иеміз.  Ардагер  аталарымыздың  жауынгерлік  ерлігі,  тылдағы 

бауырлармыздың еңбегі ешқашан ұмытылмайды. 

Талай жыл арман еткен, азаттық жолында күрескен, келер ұрпаққа жеңіс 

қуанышын  сыйлаған  ата-бабаларымыздың  рухына  тағзым  етіп,  батыр  да 

батыл  ер  азаматтарымыздың  ерен  еңбектерін  бағалау  баршаның  міндеті 

секілді. Осы бір тәуелсіз қоғам, бас еркіндігі біздің  елде қалай  орнады? Міне, 

осы  мәселе  жөнінде  ойлансақ,  біздер  жеңіс  мерекесін  нағыз  патриоттық, 

намысшылдық сезіммен атап өтер едік.  

Қорыта  айтқанда,  жылдан-жылға  азайып  бара  жатқан  ардагер 

қарттарымызды құрметтеп, барынша көмек қолын созып көмектесуіміз қажет 

деп  ойлаймын.  Бүгінгі  шуақты  күніміз,  егеменді  ел  болу  үшін  біздің 

халқымыз, қазақ халқы басынан қандай күнді кешпеді десеңізші... . 

Өзімізден  кейінгі  іні-сіңілілерімізге  қазіргі  уақыттағы  тәуелсіздігіміз 

оңайлықпен  келмегенін  түсіндіріп,    оларға  жеңіс,  тәуелсіздігіміз  туралы 

толыққанды  мәліметтер  беріп,  еліміздің  мерейі  үстем,  болашағы  жарқын  да 

нұрлы болуына аз да болса өз үлесімізді қоссақ нұр үстіне нұр болары анық. 

Аспанымызды  қара  бұлт  шалмай,  бейбіт,  өмірде  достастықпен  күн  кешіп 

өмір  сүрейік.  Тәуелсіздігімізді  бағалап,  жарқын  болашаққа  нық  сеніммен 

қадам баса берейік!!! 



                                                                            


  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал