Философия, саясаттану


ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет11/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34

ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
әлеуметтік  қайшылықтарды  бейбіт  жолмен  реттеуге  мүмкіндік 
беретін демократия принциптерін дамыту.
Әлеуметтік употизм туралы айтпасқа болмайды. Жалпы әлеу-
меттік употизм дегеніміз – жеке және қоғамдық сананың сыңаржақ
ойлау  тәсілдерімен  образ-концепция  құруы  арқылы  жаңа  түрдегі 
әлеуметтік ілім жасауға ұмтылуы. Бұл құбылыстың негізгі гнесеоло-
гиялық айшығы саналылық пен санасыздық, эмоция мен таза ойлау, 
дәрежесіз  білімсіздік  пен  қалыптасқан  білім  дәрежесінің  шекара-
ларын ажырата білмеу, оларды жеке-жеке абсолюттеу деуге болады.
Қазақ  халқының  дүниетанымындағы  «қой  үстіне  бозторғай 
жұмыртқалайтын заман» үлгісі орындалмайтын арман ғана. Әлеу-
меттік  әділеттілік  принципі  әрбір  адамға  берілген  бостандық  пен 
таңдау теңдігі. Қоғам даму тенденциясы ондаған адамдардың даму 
бағыттары және кезеңдер арқылы айқындалады. Тарихқа зер салсақ, 
қазақ  қоғамында  ежелден  жеке  адамдардың  даралық  қасиеті  өте 
жоғары бағаланған. Оның әлеуметтік-ізгілік тұтастығын түсіндірген-
де ғана толық мәнін ойлауға болады.
Әрбір  жеке  тұлғалар  әлеуметтік  шындыққа  дұрыс  немесе 
бұрыс  қатынасы  оның  өзі  қабылдаған  философиялық-теориялық-
методологиялық принциптеріне байланысты.
XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысының 
көрнекті қайраткерлері өмірдің объективті жағдайларын өзгертуде 
күшпен  емес,  сананы  сол  процеске  енгізу  арқылы  өзгерту  керек 
деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары – бостандық, тәуелсіздік, 
рухани  езгіден  құтылу  жолдары  және  қазақ  халқын  жалпы 
адамзаттық құндылықтарға жақындастыру болды. Қазіргі Қазақстан 
өркениетті ел, егеменді мемлекет құрып, дамыған қоғамдастықтың 
терезесі  тең  мүшесі  болуды  мұрат  етуде.  Оның  негізі  дәстүрлі 
мәдениет пен рухани дүниеде жатыр. Осы көтерілген мәселелердің 
бәрі  келешектегі  бірлескен  тарихи,  әлеуметтік-гуманитарлық  және 
философиялық  ізденістердің  алғы  шарты  болып  табылады.  Бұның 
негізінде  толыққанды,  теориялық  даму  деңгейі  жетілген  тұтастай 
қазақтану  ілімін  жасау  жолында  жекелей  ұлы  тұлғалардың  дүние 
танымдық көзқарасын анықтап, ұлттық өрлеу шыңындағы белестерді 
белгілеуге жол ашылады.
Философия тарихында ненің қалай болғаны емес, керісінше, ол 
неге осылай болған, неге басқаша болмаған деген идея басымдығын 
көрсетуі  дұрыс.  Осы  идеяны  басшылыққа  алғанда  философия 
тарихының заңдылықтарын ашуға мүмкіндіктер туар хақ.
Философия  тарихына  синтетикалық  немесе  теориялық  әдісті 
қолдану осы процестің мәніне тереңірек бойлауға, оның қыры мен 

92 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
сырын жан-жақты зерделеуге кеңірек жол ашады. Осы әдістің негізін 
қалаған  Аристотель  екі  мәселені  нық  айтады:  а)  философиялық 
теорияның  қалыптасу  логикасының  мәнін  ашу;  б)  ойшылдардың 
жаңашыл және жетілген философиялық жүйелерін қалай және не 
үшін жасауының қайнар көзін анықтау. Осыларды басшылыққа ал-
ған философияны зерттеуші қажетті мақсатына жетпек және жеке 
ойшылдың ұлттың ой желісінде алатын орнын анықтауға мүмкіндігі 
мол.
Қазіргі Қазақстан тарихын зерделесек, оның аса қуатты көршісі 
–  қытай  мәдениетінің,  болғанына  қарамастан,  негізінен  Батысқа, 
европалық  өркениетке  ден  қойғанын  көреміз.  Бұл  қалай?  Ұлы 
далада  дүниеге  келген  арийлер,  Заратуштра,  Индияға,  Иранға 
ауған  тайпалар,  әлемге  «Ведаларды»,  «Авестаны»  әкелді  емес  пе? 
Монголоидтар,  ариялықтар  сияқты,  сақтар  деп  аталып,  Батысқа 
қарай жол бастады. Тарихтан белгілі болғандай ол жақты жайлаған 
ұлы  дала  халықтарынан  шыққан  ата-аруақты  біздің  де  ата-
бабаларымызды жақындастырып, өшпес рухтары жетелеген болар. 
Осы  үлкен  рухани  болмыстың  аясында  ұлттық  ойлау  дәстүрі  бар 
ма, болса қай түрде, мағынада және бағыттарда өрбіді деген сұрақ 
алдымыздан шығады. Халықтың туа біткен идеялары қан-дай, басқа 
жұрттармен  біте  қайнасқанда  қандай  өзгерістерге  ұшырады?  Осы 
мәселені де анықтау қажеттілігі туып отыр.
Еуропаорталық  үстемдік  біздің  ділімізде  өз  ізін  жоя  алмай 
отыр.  Қазақ  философиясын  тұрпайы,  асып  кетсе  діни-жабайы 
көзқарастан  аспаған,  тар  шеңберде  қалып  қойған  кішігірім  ойлау 
жүйесі  ғана  деп  бағалайтын  концепциялар  жоқ  емес.  Бұндай 
скептицизм қазіргі ұлттық философиямыздың тарихын, теориясын, 
методологиясы  мен  даму  логи-касын  зерттеуге  едәуір  кедергі 
болуда.  Қазақ  философиясының  хроникалық  шеңберін  анықтау, 
ғылыми түрде оның тарихының кезеңдерін пайымдауда бұл қателік 
бірталай қиындықтарды әкелуде. Қазіргі қазақ философиясы деген 
ұғымды  мағыналы  да  және  хронологиялық  та  түрде  қолданып 
жүрміз. Осы дұрыс па, ойланып көрейік, ұлы бабамыз Қ. Жалайыр 
шығармашылығына зер салып үңілейік.
Қ.  Жалайыр  еңбектеріндегі  ең  басты  идея  –  тұрақты  қоғам 
мәселесі. Оның алғышарты ретінде дінге негізделген ұлттық келісім, 
қоғамдық  қатынастардың  әділдігіне,  басшылардың  мемлекеттік 
даналығына  сенген,  әлеуметтік  және  мәдени-психологиялық  тұтас-
тық  аясында  қалыптасқан  рухани  идеялар  аталған.  Тұрақты  қоғам 
болған  жерде  тұрақты  қатынастар,  тұрақты  тәрбие,  адамгершілік, 
ізгілік, ойлау жүйелері қалыптасады. Ол кезде қоғамдық өзгерістер 

 
 
 
                      
                                                  93
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
«жоғарының»  меңзеуімен  жүргізілді.  Дінбасылар  қоғамның  күнде-
лікті істеріне тікелей араласпады. Олар өмірдің жетіспейтін жақта-
рын көріп-білумен қатар оған сәйкес келмейтін басқару жүйелерінің 
кемшіліктерін  аңғарды.  Бірақ  өздері  аластатылған  күнделікгі 
тіршіліктен  олар  өз  жоспарларын  жасауға  көп  кеңшілік,  еркіндік 
алды. Дегенмен оларды іске асыру мүмкіншіліктерді өте аз еді.
Осыдан  келіп  аса  зор  проктерді  өлермендікпен  іске  асыруға 
ұмтылыс  пайда  болды.  Қазақ  ойының  ерекшелігін  аңғартатын  осы 
бағыт ақылдың болмыспен қабысуын, онымен қарсыласуға бармауын, 
еркіндік бірлікпен астасып, шетке шыққан қарама-қарсылыққа жол 
бермеуін байқатады. Бұның негізінде әлемге құшақ ашу, оған деген 
сүйіспеншілік, жарасымдық, нәзіктік және қамқорлық жатыр.
Осы  аталған  мәселелердің  Қадырғали  Қосынұлы  Жалайыр 
бабамыздың қазақ философиясындағы алатын орнын анықтауда зор 
мәні  бар.  Жалайыр  ұлтымыздың  қазақ  ретінде  қалыптасу  басында 
өмір  сүріп,  қызмет  атқарды,  қоғамдық  ойдың  дамуына,  қазіргі 
философиялық  білімнің  мағынасын  кеңейтуге  үлкен  үлес  қосты. 
Ұлттық  ойлау  дәстүрлерін  жаңартуға,  ұлғайтуға  және  байытуға, 
тарихи өлшемді ескере отырып біршама еңбек сіңірді. Ол былай деп 
жазды:  «Кім  көп  білікті  (бітік,  жазу)  біліп  көңілінде  тұтса,  дәулеті 
артар» [2, 19 б.].
Қ.  Жалайыр  шығармаларын  тарихилық-афоризмдік  және 
қарапайым  түрде,  көркемдік,  таным  деңгейі  жоғары  және  өнер 
талғамы  жарасты  жағдайларға  келтіріп  жазған.  Мысалы,  Шыңғыс 
хан мен басқада хандардың қарым-қатынасын, қазақ жамиғатының 
ішкі  жағдайларын,  ортақ  мүдделер  мен  адами  көзқарастар  ара 
салмағын  баяндауы  рухани  дәстүрлеріміздің  бастауы  сонау  атақты 
Бабырдың  және  Дулати  шығармашылығымен  астасқан  Қадырғали 
Қосынұлында  жатқанын  көрсетеді.  Қазақ,  орыс,  басқа  ұлттар 
бауырластығын сипаттаған дүниетанымдық ойлары да, көзі көрген 
оқиғаларды тұтас және ішкі байланыстарын сақтай отырып бейнелеуі 
тарихи философиясын зерттеудің бір үлгісі іспеттес.
Ал  басты  шығармасы  «Шежірелер  жинағы»  өзіне  тікелей 
көмектескен  Б.  Годуновқа  арналуы  Жалайырдың  кең  ауқымды 
ойшыл,  табанды  тұлға,  үлкен  ақыл  иесі,  парасатты  да  білімдар, 
кеңпейіл  тарихи  адам  болғанын  растайды  және  оның  өмірбаянын 
зерттеген оқымыстылар осы қасиеттерін атап өткен.
Өзінен  бұрынғы,  заманындағы  тарихи  оқиғаларды  объективті 
қарастырған  Қадырғали  оларды  эмпирикалық  жүйелі  түрде 
зерттейді.  Бұл  әлі  теория  емес,  бірақ  фактология  деңгейінен  әлде 
қайда  жоғары,  себебі  оқиғалардың  ішкі  байланысына,  логикасына 

94 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
негізгі мән берілген және қандай да бір тарихи фактіні баяндағанда 
оған  өз  көзқарасын  білдіріп  отырған.  Бұндай  әдіс  шындықтан 
ауытқумауға тегеріш болады.
Нәтижесінде Жалайыр жалпы айтарлықтай деңгейде теориялық 
тұжырым жасауға мүмкіндік ашады. Оны мынадай ойлы жүйеден 
көруге болады. Адамға еркіндік күш тән, сондықтан ол өзінің ізгілік 
және  зұлымдық  іс-әрекетіне  жауапты,  өз  тағдырын  өзі  қалайды. 
Өмірдің өзі зұлымдықтың пайда болуының алғашқы шарты. Адам 
зұлымдықпен  мәңгі  күрестегі  сарбаз,  себебі  оны  қоршаған  дүние 
тұрпайы.  Зұлымдықты  жеңудің  тура  жолы  –  ол  дүниені  өзгертіп, 
оны ізгіліктендіру.
Қ. Жалайыр шығармашылығындағы тарихи деректердің нақты-
лығы, дәйектілігі, айқындылығы, шынайылығы, тілінің жатықтылы-
ғы,  кейбір  сәттердің  тарихи-мемуарлығы,  хронологиялық  суретте-
мелердің  логикалық  шегіністермен  толықтырылып,  айшықталып 
отырылуы  –  бұл  методологиялық  тұрғыдан  алғанда  қазақ  тарих 
философиясының  басты  әдістері  ретінде  жеке  зерттеулерді  қажет 
ететін мәселелер. Осыларды арнайы ғылыми тұрғыда қарастырсақ, 
Қадырғали Жалайырдың тарихи және әлеуметтік көзқарастарында 
ұлтымыздың ауқымды дәстүрлері өз жалғасын тапқанын көреміз.
Қ. Жалайырдың дүниетүсініктеріне сипаттама
Әрбір халық тарихи даму кезеңінде өз болмысын ойлау жүйесі, 
жеке  дүниетаным  арқылы  зерделейді.  Ұрпақтан  ұрпаққа  рухани 
құндылықтарды жеткізу ұлттық құндылықтардың тұрақты жүйесін 
жасайды.  Сыртқы  дүниедегі  өзіне  ұқсас  қоғамдық  өлшемдерді 
ішкі  қажеттіліктерге  жаратып  тарих  философиясы  негіздерін 
қалыптастыруға  мүмкіндіктер  ашады.  Дүние-танымның  негізгі 
мәні дүниені тануда емес, оның мәнді мақсатын адамға байланысты 
пайымдау.  «Жаһан  ішінде  дүниенің  әр  бұрышын  кездім  мен,  – 
дейді Қ. Жалайыр. – Көп кітаптар оқып, көпті білдім мен. Әділдік 
пен  инсаптың  хабарын  да  көрдім  мен»  [2,  19  б.].  Бұндай  «тарихи 
рефлексия  кез  келген  заман  келбетінен  жекелей,  немесе  кісілік 
рухты  бөліп  алады»  [8,  275  б.].  Осы  мәселені  арнайы  зерттеген 
белгілі батыс философы К. Ясперс былай деп атап өтеді: «Орталық 
Азиядан  Қытайға,  Үндіге,  Батыс  елдеріне  жаугершілікпен  жеткен 
көшпелі  халықтарға  (олардан  ежелгі  ұлы  мәдениеттер  жылқыны 
пайдалануды  үйренген  еді),  дәл  осындай  үш  бағытта  оның  септігі 
тиді: аттың үстінде осы көшпенді халықтар әлемнің кеңдігін танып 
білді. Олар ежелгі ұлы мәдениетті мемлекеттерді жаулады. Қауіпті 

 
 
 
                      
                                                  95
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
іс-әрекеттер  мен  жойқыншылықтар  оларға  болмыстың  нәзіктігін 
түсінуге  көмектесті;  билеп-төстеуші  нәсілдер  ретінде  олар  дүниеге 
батырлық  пен  зәбірлік  санасын  қоса  әкелді,  «бұлар  өздерінің 
эпостарында бейнелерін тапты» [9, 46 б.].
Көшпенді бабаларымызға тән болған болмыс танымы бірнеше 
ерекшеліктерден  тұрады.  Бірінші,  кеңістік  уақытқа  қарағанда 
жоғары орында, сондықтан да кеңістіктік ойлау басымырақ келеді. 
Аспанның мәңгілігі, адамның оған жақындығы космикалық түйсікті 
қалыптастырды.  Дегенмен  негізгі  ерекшелік  –  ол  кеңістік-уақыт 
екеуінің  бірлігінде,  уақыт  қозғалысы  адамның  өткені,  тарихын 
кеңістігін  түсініп,  сол  арқылы,  өмір  мәнін  ашып  көрсету.  Осы  екі 
өлшемнің ара қатынасын қосып, анықтап тұрған ұғым ол тарихи ес. 
Тағы бір ерекшелігі, өз тарихын екшеу ұрпақтардың уақыт арқылы 
дамуын, ішкі мәндерін Жер мен Аспан кеңістік өлшемдері арқылы 
айқындап  отырып,  атабаба  аруағын  дүниені  танудың  кілті  ретінде 
қабылдауы.
Ұлтымыздың  санасында  терең  орын  алып  отырған  «Жеті  ата», 
«ата-бабалар», «немере-ағайын» деген ұғымдар баршылық. Оларды 
бұлайша сабақтайды: «Жеті ата: Әке, ата, Әз ата (Бұлар аталар), баба, 
тектін, төркін, түпқиян (Бұлар бабалар). Жетеуі бірігіп ата-бабаларды 
құрайды. Немере ағайындар: бала, немере, шөбере, шөпшек, өбере. 
Жамағайын:  туажат,  жүрежат,  жекжат,  жұрағат,  жамағат.  Қалыс 
ағайындар: Өркен, Әулет, Зәузат, Жаран, Қалыс. Осыдан келіп жеті 
ата-жүз жетпіс бес жыл, онбес ата үш ағайын үш жүз жетпіс бес жыл, 
барлығы қосылып бес жүз елу жыл қазақ халқының тарихы болады 
екен.
Ата-баба  ойлау  жүйесі  бөлектенушілікпен,  ішкі  дүниесінің 
оқшаулануымен  ерекшеленіп,  оған,  жалпы  мәні  бар  универсалды 
құндылықтарға  қарағанда  символ  көбірек  тән.  Болмыс  шындығы 
жеке  адам  болмысы,  ал  даналық  адам  санасындағы  жоғары  мәнін 
тауып жатады. Сонымен бірге ерте заман, атабаба рухы алдында бас 
иеді.  Ерекше  руханилық  шығыс  адамының  мәдени  санасын  іштей 
нұрландырып  тұрады.  Өзіне  тән  тарих  философиясын  жасады: 
өз  тарихи  дамуының  ерекшеліктерін,  әрбір  заманның  мәдениет 
үрдісінің болмысын ескере отырып, номадтық мәдениет теориялық 
концепцияларын  орнықтырды.  Оның  негізінде  дүниені  рухани-
көркемдік қабылдау жатыр.
Көшпелі  өмір  салты  уақыт  пен  кеңістік  жөнінде  өзінің  қатаң 
заңдылықтарын  қалыптастырды.  Кеңістік  байлығы  мен  уақыт 
ырғағында  әлеуметтік  тәжрибе  қалыптастырған  түсінік  пен  ой 
тұжырымы  арқылы  тұрақты  ұғымдар  сомдалып  кесектелді.  Бұл 

96 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тұрақтылықтар – халықтың болмыс пен сана сезім арқылы бізге жаң-
ғырып жеткен кеңістік пен уақыттың тұрақты параметрлік өлшемі 
болумен  бірге  сөйлеу  тілінің  образды  бейнесін  қалыптастырған 
рәміздік  сөз  тіркестері:  «Сүт  пісірім  уақыт»,  «бие  сауым  уақыт». 
Қазақ  дүниетанымында  уақыт  пен  кеңістік  қатынасын  түсіну  үшін 
оның табиғи мүмкіндіктерін ескергеніміз жөн.
Дүниені,  әлемді  үздіксіз  күрес  ретінде  қабылдасақ  та,  оның 
түрлерінің бірлігін, ұдайы қозғалыс пен ұзақтықтың біртұтастығын 
ұғамыз.  Түркілер  кеңістік  пен  уақыт  әлемінде  күнге,  айға  және 
жұлдызға  үлкен  мән  бергенімен,  көк  тәңірі  жаратылыстың  ең 
жоғарғы анықтаушысы болып қала берді. «Шыңғыс хан доңыз жылы 
туды,  түрікше  күн  есебінде  жетпіс  екі  жыл  өмір  кешті.  Және  тағы 
ай есебінен жетпіс бес жыл өмір кешті. Ай есебінен әр отыз жылда 
бір жыл тафаут (қосылады) етеді. Барша моғол түрік есебімен есеп 
қылады» [2, 50 б.] – дейді Қадырғали.
«Орта  ғасырлардағы  адамның  табиғатқа  қатынасы  субъектінің 
объектіге  қатынасы  емес,  сыртқы  әлемде  өзін-өзі  табуы,  космосты 
субъект  ретінде  қабылдау.  Адам  ғаламда  өзінде  бір  қасиеттерді 
көреді.  Жеке  адам  мен  әлемді  бөлетін  нақты  шекара  жоқ;  әлемде 
өзінің  жалғасын  тауып,  сонымен  қатар  әлемді  өзінде  ашады.  Олар 
бір-бірінде көрінгендей болады» [10, 51–52 б.].
Адам өмірін мазасыз, үнемі өзгеретін процесс ретінде қарайтын 
Қадырғали  шығармашылығы  дүниедегі  барлық  құбылыстар  мен 
заттарға  осы  пікір,  осындай  көзқарасты  қолданады.  «Ғаламда 
болып жатқан қарапайым болмыстар небір ғажайып оқиғалардың, 
жаратушы жаратқан иемнің хикметті құдретінің ісі екенін көреміз. 
Құдіретті  күшті  жаратушының  мейір-шапағаты  түсіп,  кейбір 
пендесін  адамзаттан  асырып  жаратқанына,  шексіз  кереметтігіне, 
жаман да таң-тамаша болады.
Алла  тағаланың  адам  баласы  мен  бүкіл  дүниедегі  тіршілікте 
болып жатқаннан тізгіні бір өзінің қолында екені белгілі, Алланын 
пендесі  солай  деп  сенеді.  Олай  болса,  Алланың  өмірімен  солай 
болған еді.
Бәрі де алланың қолдауымен, оның әмірімен іске асады» [2, 35 б.].
Жалпы  түркі  тарихында  бейбтшілікті  қолдаған  дәстүр  болды. 
Тіпті ислам дәуірінде жаулап алып, бағындырған барлық халықтарға 
діни еріктілікті ұстанады. Жалайыр еңбегінде осы екі ұғым қосарлана 
қолданып отырылған.
Ерлік,  қаһармандық  болған  жерде  ел  бірлігі  сөз  болмай 
қалмайды.  Сондай-ақ  азамат  ердің  естен  шығармайтын  міндеті, 
парызы  бар.  Ол  туған  елдің  жерін,  тәуелсіздігін  қорғау,  бейқам 

 
 
 
                      
                                                  97
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
болмай,  дұшпандарға,  жау  жаққа  сақ  болу.  Бейбіт  өмірді  баянды 
етуге күш салу, тұрақты қоғам құру.
Түркі  тарихында  әрқашан  куаттылық,  амандық-саулық,  бірлік 
және тәуелсіздік идеясы болған. Осылардың негізін Қосынұлы жан-
жақты қарастырып, ұлттық идея ауқымын баяндайды.
Өзі қатысқан тарихи оқиғаны барлық желі-жапсарымен толық 
баяндайды. Сан және сапа жағынан алғанда бұл баяндауда жеке дара 
оқиғалардың  қасиеттерінің,  көлеңкесіне  дейін  анықталған.  Ал  өзі 
көзі көрмеген, біреулерге сілтеме жасалынған оқиғаны суреттегенде 
оларды таразылап, топтамаға айналдырып, іріктеп көрсетеді.
«Бір уақытта Мұқалы гөйәнді әскерімен Никиас жаққа жіберді, 
ол  жетпіс  екі  қаланы,  уәлаятты  алды,  елші  жіберді  құлдық  етіп 
Шыңғыс  ханға,  осы  халден  неге  уәлаяттар  ашылғанын  хабар  берді 
және  сауал  қылды:  «Бізге  рұхсат  бар  ма,  я  жоқ  па?  Жарлығын 
айтсын,  қайтайықпа,  я  тағы  қалаларды  алайықпа?  –  деп.  Елші 
қайтып келді. Мұқали гөйен сұрады: «Қалаларды алайық па? – деп. 
Елші қайтып келді. Мұқали гөйен сұрады: Қалайша құлдығымызды 
Шынғыс ханға жеткіздің, менің сөзімді арыз еттің бе, ол не айтты? 
Бас  бармағын  көрсетті.  Және  сұрады  менен  соң  бармағын  қойды, 
Мұқалыға қой деп айтты (онан соң Мұқалы айтыпты): «Бекерге риза 
емеспін,  өйткені  өлгенше  күш  бердім,  барымды  сарқып  бәрінде 
көрдім».  Ол  тағы  сұрады,  тағы  кімдерге  бармағын  көрсетті,  солай 
бармақтарын  қойдылар,  солайша  Бауыршы  Борағұл,  Куйлай, 
Чилагун,  Қарашар,  Шадай,  Бадай,  Қышлық  бәріне  бұйырды, 
бұларға да бармақтарыңызды қойыңыз деп еді. Менен ілгері, кейін 
көмекші және жәрдемшілер күш бергендер менің және оқты жақсы 
атушылар,  Күтаул  (ат  күтушілер)  ат  байлайтындар  құспен  аңға 
шыққандар, құсбегілер ит жүгірткендер осылардың бәрі солар еді [2, 
83 б.].
Көбінесе суреттеліп отырған оқиғалар саяси бағыттарына орай 
қарастырылады.  Олардың  басты  мақсаты  –  белгілі  бір  саяси  және 
әскери  істерді  анықтап,  соларды  баяндау.  Кейбіреуі  насихаттау 
бағытында  өріс  алған,  себебі  жеңілген  халықты  қорқыту,  ал 
жеңген  елдің  қолбасшысын  дәріптеу  тарихи  міндет  есептелінді. 
Шежірелердің көптеген бөліктері «жеңді», «басып алды», «жаулады», 
«өзіне  қаратты»,  «талқандады»,  «бостырды»  және  тағы  басқадай 
уақыт  ырғағында  көп  еленбейтін,  кеңістік  негіздері  көрсетілмеген, 
тарихи  оқиғаларды  ширықтыра  түсетін  тұстары  осының  айғағы 
болуы керек.
«Шежірелер  жинағының»  көп  анықтамалары  топтастыра 
келгенде  бір  ережеге  саятын  сияқты.  Әрбір  оқиғаны  бейнелеу  үш 

98 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
элементтен  тұрады:  оқиғаның  басталуы  туралы  мәлімет;  оның 
даму жолдары, мақсаты; сол оқиғаның және оны атқарушылардың 
құрылымы.  Көбіне-көп  жеке  кісілер,  олардың  қасиеттері,  оқиғаны 
индивидуальді  ерекшеліктері  арқылы  танып-білу  осы  аталған  үш 
ерекшеліктердің көлеңкесінде қала береді екен. Бұны әлеуметтік және 
саяси  мәні  бар  оқиғаларды  жіктеп,  топтап,  мемлекет  басқарудың 
маңызына  қарап,  оларды  тез  және  тәжрибе  қолдануға  лайықтап 
бейнелеу  тәсілін  қолданғанымен  түсіндіруге  болады.  Тағы  бір 
ерекшелік,  шежірелер  келесі  ұрпақтарға  қалдырған  информация, 
сондықтан олар ірі бейнелер, тұлғалар арқылы суреттеліп отыр.
Қазақ  аңыз,  ертегілерінің  ойтуғызар  дүниетанымдық  тұстары 
олардың  адамды  бірінші  орынға  қоя  білуінде,  оны  ең  басты  киелі 
күш  деп  ұғынуында.  Табиғаттың  тілсіз  күштерін  мифтік  ойлаумен 
образдап,  соған  адам  әрекетін  қарсы  қоятын  қиял-ғажайып  аңыз 
ертегілері осы ізде туған.
Қадырғали еңбегінде аңыздар ерекшелігі – оның жалпы халықтық 
мазмұндылығында  ақиқат  болғандығы  екені  көрінеді.  Олардан 
көшпелі  елдің  төл  ерекшеліктері,  белгілері  бірден  байқалады, 
себебі  олар  халқымыздың  тұрмыс-салтымыздың,  болмысымыздың 
негізінде  туған  аңыздар.  Олардың  негізгі  философиялық  өзегі  – 
мәңгілік,  мәңгі  –  бақи  өмірлік,  жанның  мәңгі  –  бақи  екеніне  сену, 
мәңгілік етуге талпыну. Өз елі, жері үшін күресіп, оның талантын, 
қабілетін,  ерлігін,  көркемдігін,  әділеттілігін,  адамның  адалдығын 
негізгі  өзек  етіп  ала  отырып,  жеке  басының  мүддесі  үшін  емес,  ел 
мүддесі үшін жасалған үлкен іс қана адам өмірінің мәнін айқындау 
философияның негізгі мәселелерінің бірі.
Қ. Жалайыр шығармашылығында оқиғалар желісінің реалистік, 
тарихи  шындыққа  біршама  жанасымды  тұрғыдан  баяндалатынын 
көреміз. Соның бір мысалы ретінде төмендегіні оқылық:
«Ол заманда Шыңғыс хан он үш жасар еді. Оның үстіне әлі оған 
патшалық тимеген еді. Шыңғыс ханның анасы олкунут қауымынан еді, 
аты Ауалун екен. Ол ұлын көп күш жұмсап тәрбие қылды. Шыңғыс 
ханның атасы(ның) кейбір нөкерлерін маніғ қылды (ажырасып кетуге 
жол бермеді). Ол заманда Шыңғыс ханға сол жылы – тайжут қауымы, 
өлзе аға және інілері: журиат, меркіт, татар және басқа қауымдары 
біріне-бірі  захмат  (зиян)  тигізе  бастады.  Және  бірнеше  рет  кейбір 
қауымдар  Шыңғыс  ханнан  ғафыл  тауып,  бенд  (пенде)  қылды.  Хақ 
тағала (әрқашанда мүмкіндік бергеніндей) оған құтылуға мүмкіндік 
берді. Және қаншама саадат (бақыт) және дәулет оған жар болып, әл-
қуат тауып тез заманда тайжиут қауымымен жауласып олардан үстем 
болып  бірнеше  рет  қауымды  быт-шыт  қылды,  яғни  жоғалды  (жоқ 

 
 
 
                      
                                                  99
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
қылды).  Және  кейбір  қауымдарды  нирун,  татар,  меркіт  баршасын 
бағындырып, әскер қуаты артық (көбейіп) болып халі нығайды» [2, 
50–51 бб.].
Адамзат  тарихы  прогресс  пен  білімділік  үшін  күрес  тарихы. 
Осы күресте мәдениет құндылығы адамзат үшін аса зор. Мемлекет 
басқарудың ең тиімді түрі – патшалық. Ол ерікті қоғамның қалып-
тасуына жағдай жасауы керек. Шыңғыс хан туралы:
Ол «Үлкен құрылтай шақырды. Мұнлие-Ичигенің ұлы Көкәчу 
Тәб-Тәңірі атты Қарим нафс (көріпкел) кісі еді. Оның дуасы кереметті 
қылушы  еді.  Бұрын  бірнеше  рет  (Шыңғыс  ханға)  айтып  еді:  «Алла 
тағала жер жүзінде патшалық саған бергей» деп. Ол күн (де) келді. 
Дуасы  кереметтігін  көрсетті,  айтты:  «патшалар  еді  бұл  ықылымда 
әрбірін Гурхан (Гөөр хан) деп айтатын еді, олар сенің қолында мақхур 
(басыбайлы, бағынышты) болды. Сенің атың бұл мағынадан Шыңғыс 
аталды,  яғни  патша  болды.  Алла  тағала  бұйрық  тұр,  сенің  атың 
Шыңғыс хан болғай. Шыңғыс хан демектің мағынасы патшалардың 
патшасы демек болды. Моғол тілімен және Көкәчу Тәб-Тәңірі сондай 
ат  қойды.  Барша  ұлықтар  ол  мағынаны  қабылдады,  баршасы  бұл 
атты бекітті. Жә – бұл кезде оның қуаты, күші қай жағынан болсада 
толығырақ пайда болды, және жаһанда патша болды» [2, 56 б.].
Теңсіздік  –  мәңгі  әлеуметтік  құбылыс  емес.  Әлеуметтік 
теңсіздікті  жоюдың  бірден-бір  жолы  бәсеке  бостандығы  арқылы 
адамдардың  табиғи  сұраныстарының  (өмір  сүруге,  ерікті  болуға) 
қанағаттандырылуына  мүмкіндік  беретін  жағдайлар  жасау.  Адам-
дардың бұл аталған табиғи құқықтары феодалдық қоғам тұрғысында 
жүзеге асырылмай келді, себебі онда билеушілердің мінез-құлықтары 
нашарлап, адамгершіліктері төмендеп кеткен. Сондықтан халықтың 
табиғи құқықтарын жүзеге асыру үшін мемлекетті басқарту тәсілін 
өзгертіп, жетілдіру және заңдарды реттеу керек.
Мемлекет басқаруда ұлы адамдардың (патшалар, қолбасшылар, 
ғұламалар т. б.) рөлі өте жоғары. Демек, билеушілер арлы, ақылды, 
Жанашыр,  әділетті  болса,  халықтардың  жағдайы  жақсарады 
және  өздерінің  табиғи  құқықтарына  жетуге  мүмкіндік  алады. 
Шыңғысханның үндеуі мынадай:
«Ұлдарым,  менің  сіздерге  өсиетім  мынау:  дұшпанға  қатал 
болыңыздар,  достарыңызға  жақсылық  етіңіздер,  бір  мінезді,  бір 
сырлы (сөзді) болыңыздар, сонда өздеріңіз байлық пен бақытты, назды 
етесіздер, сол мүліктеріңізге алла тағала береке бергей!» [2, 77 бб.].
Адамның қуанышын тудыратын және күшейтетін істтің барлығы 
–  игілік,  ал  оған  қарама-қарсы  іс  әрекет  –  бақытсыздық.  Тарихтың 
даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің 

100 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет