ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
әлеуметтік-этикалық қыры, адам мен құдай арасындағы қатынастар
басты мәселе екендігі байқалады. Оның шығармашылығында түркі
дүниетанымындағы құт-бақыт, қанағатшылдық, киелілік пен кесірлік,
адамшылдық және т. б. түсініктер имандылықпен, парасаттылықпен,
сүйіспеншілікпен байланыстырылып, адамның рухани болмысы
философиялық-теологиялық тұрғыдан пайымдалады.
Бесіншіден, буыны бекіп, қата қоймаған тәуелсіз мемлекетіміздің
жас азаматтарының бойында отансүйгіштік қасиеттерді егу мен
ойында тарихи сананы қалыптастыру барысында Мұхаммед Хайдар
Дулати бабамыздың қалдырған әлеуметтік-адамгершілік үлгідегі
өсиеттері мен рухани мұрасын терең насихаттап, қалың көпшіліктің
игілігіне жарату қажет. Дулати мұрасы жас ұрпақты ізгілікке, жүрек
пен жанның тазалығына, білімділікке, имандылыққа, адамгер-
шілікке, парасаттылыққа, әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеп, тұлға-
лық қасиеттер қалыптастыруға өзіндік үлесін қосады, қоғамды
зиялылыққа үндейді.
Әдебиеттер
1 Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. – Алматы: М.Х. Дулати қоғамдық қоры,
2003. – 41 б.
2 Бабыр Захир ад-дин Мұхаммед. Бабырнама. Қазақша сөйлеткен
Байұзақ Қожабекұлы. – Алматы: Ататек, 1993. – 31 б.
3 The Tarikh-i- Rashidi of Mirza Muhammad Haidar Dughlat. A History of
the Moghuls of Central Asia. An English version6 ed with commentary6 notes
and map by N7 Elias. The translation by E. Denison Ross, London, 1895, 1898,
Patna, 1972; Delhi, 1986.
4 Бартольд В.В. Тюрки: двенадцать лекции по истории турецких
народов Средней Азии. – Алматы, 1993. – С. 75.
5 Вельяминов-Зернов В.В. Исследования о касимовских царях и
царевичах. – СПб, 1864. – Ч.2. – С. 113.
6 Омарбеков Т. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиі»
// Ақиқат. – 1999. – №2. – 12 б.
7 Мирза Мухаммад Хайдар. Тарих-и Рашиди. Введение, перевод с
персидского А. Урунбаева, Р.П. Джалиловой и Л.М. Епифановой. – Ташкент,
«Фан» АН РУз, 1996. Екінші басылымы: – Алматы: Санат, 1999.
8 Марғұлан Ә. Қазақтың тұңғыш тарихшысы // Әдебиет және искусство.
– 1941. – №4. – 78–87 бб.
9 Плахов В.Д. Традиции и общество. Опыт философско-социологического
исследования. – М., 1982.
10 Колеватов В.А. Социальная память и познание. – М., 1984; Ребане Я.К.
Принцип социальной памяти. – Филос. науки. – 1977. – № 5.
11 Ерасов Б.С. Социально-культурные традиции и общественное
сознание в развивающихся странах Азии и Африки. – М., 1982; В поисках
74
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
культурного самоопределения. – Вопр. философии. – 1983. – № 7; Традиция
в истории культуры. – М., 1978.
12 Барг М.А. Историческое сознание как проблема историографии.
– Вопр. истории. – 1982, № 2; Гулыга А.В. Искусство истории. – М., 1980;
Есипчук Н.М. Историческая реальность как предмет познания. – Киев, 1978.
13 Левада Ю.А. Историческое сознание и научный метод // Философские
проблемы исторической науки. – М., 1969; Ракитов А.И. Историческое
познание. – М., 1982.
14 Юдин В.П. Орды: Белая, Синяя, Серая, Золотая... // Утемиш-хаджи.
Чингиз-наме. – Алма-Ата: Ғылым, 1992 – С. 14–17.
15 Мухаммад Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди / Материалы по истории
Казахских ханств XV–XVIII вв. – Алма-Ата,1969. – 185–236 бб.
16 Махмуд бен Эмир Вали. Бахр ал-асрар фи минакиб ал-ахйар /
Материалы... – 320–368 бб.
17 Юдин В.П. Переход власти к племенным биям и неизвестной
династии тукатимуридов в казахских степях в XIV в. (к проблеме восточных
письиенных источников, степной устной историографии и предыстории
Казахского ханства / Утемиш-хаджи. Чингиз-наме. – 58 б.
18 Камал ад-Дин (Шир) Али Бинаи. Шайбани-наме / Материалы... 91–127 бб.
19 Масуд бен Усман Кухистани. Тарих-и Абу-л-хайр-хани / Материалы...
– 135–171 бб.
20 Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в сер. XIV – нач. XVI вв.
(вопросы политической и социально-экономической истории). – Алма-Ата,
1977. – С. 328.
21 Абай. Біраз сөз қазақтың қайдан шыққандығы туралы // Қазақ
тарихы. – 1993. – №1. – 31–34 бб.
22 Сатершинов Б.М. Қазақстан мәдениеті тарихы мен теориясының
кейбір мәселелері. – Алматы, 2002. – 41–42 бб.
23 Ауэзов М. Энкидиада: К проблеме единства миров кочевья и
оседлости// Кочевники и эстетика: Познание мира традиционным казахским
искусством. – Алматы, 1993. – 53 б.
24 Кодар А. Очерки по истории казахской литературы (с древнейших
времен до раннего творчества М.О. Ауэзова). – Алматы, 1999. – С. 152.
25 Қасабек А. Қадырғали Жалайыр дүниетанымы. – Алматы, 1999. – 40 б.
26 Молдабеков Ж.Ж. Рухани тұлға тарихтағы бір алып // Мұхаммед
Хайдар Дулати: Ойшыл. Тарихшы. Жазушы. Қолбасшы: Халықаралық
ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы, 1999. – 188 б.
27 Қасабек А.Қ. Дулатидің қазақ философиясындағы орны туралы
// Мұхаммед Хайдар Дулати: Ойшыл. Тарихшы. Жазушы. Қолбасшы:
Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. –
Алматы, 1999. – 72 б.
28 Тюркская философия: десять вопросов и ответов. – Алматы, 2006. –
С. 7–52.
75
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
2.2 Қадырғали Жалайырдың тарих философиясының
айшықтары
Тарихты шежiрелiк сипатта баяндау – ортағасырлық Шығыс
мәдениетiне тән құбылыс. Тарих философиясының осы әдiстемесiн
Өтемiс қажы да «Шыңғыснамесiнде» қолданады. Ақсүйектер
ұрпағын бiр жүйеге келтiрiп, ретiмен тiзiп отыру – бұл ортағасырлық
қоғамдық сананың елеулi ерекшелiгi.
Адамзат тарихының әр түрлi кезеңдерiн жан-жақты сараптау-
дан өткiзу үшiн мiндеттi тұрде оны философиялық тұжырымдау-
лар тұрғысынан байыпты қарастырған жөн. Бұл өз кезегiнде тарих
сахнасында жарқырап көрiнген ұлы ғұламалардың кең ауқымды
дүниетанымын зерттеп, талдауға итермелейдi. Олардың дүниеге
көзқарасындағы ерекшелiктердi анықтау арқылы бүкiл бiр қауым-
дастықтың әлеуметтiк болмысы, ойлау мәдениетi жайлы мағлұмат-
тар аламыз жәнс сол арқылы мәдениет пен тарих философиясы деген
үлкен салалардың ауқымын кеңейте, тереңдете түсетiнiмiз анық.
Орта ғасырларда өмiр сүрген ойшылдарға тән үлгiлердiң шең-
берiнде болғанмен Қадырғали би өзiнiң дүниетанымының негiзiне
адам мәселесiн алған, оның мәртебесiн көтерген. Адами қатынас-
тардың қоғам үшін, мемлекет үшін, жалпы ғаламдық үйлесiмдiк
үшін маңызы зор екенiн сезiнгенi байқалады.
Қадырғали Жалайыр өз еңбегiнде Шыңғыс ханның ұлдарына
айтқан өсиеттерiн баяндай отырып, әлеуметтiк таным туралы да өз
позициясын бiлдiрiп кетедi. Мәселен, Шыңғыс ханның адамға тән
әмбебаптық таным туралы пiкiрiн былай деп келтiредi: «Кiм өзiн
жақсы бiлсе, басқа бiреудi сондай бiлгей»
Бұл тұжырымның негiзiнде тек Шыңғыс ханның ғана емес, жал-
пы Шығыстың дiлiнiң, менталитетiнiң ерекшелiгi жатқан сияқты.
Яғни адам қоршаған ортаның көптеген қасиетiн аша бiлуi үшін ол өз
бойындағы құпияларды танып-бiлуге тиiс. Мiне сонда ғана он сегiз
мың ғаламның сан түрлi жұмбағы бiртiндеп ашыла бермек. Ол үшін
адам өз бойындағы табиғат сыйлаған кереметтерiн тануы және игеруi
керек, сол арқылы ғана бiртiндеп әлемдегi қайталанбас тұлғалардан
тұратын социумды танып, бiлуге, бағалауға мұмкiндiк алады.
Әрине, Қадырғали Жалайырдың тұлғалық сабақтастықты тал-
дауға арнаған енбегiнен басқа да шығармалары болуы мұмкiн. Себебi
әр түрлi мәдениеттерден, тiлдерден сусындаған ойшылдың шығар-
машылығы және дүниетанымы бiр ғана еңбекпен шектелмеуге тиiс.
Өкiнiшке орай, ондай рухани мұраның замандастарымыз үшін
таныс болмауы, немесе қазiргi кезеңге дейiн сақталмауы Қадырғали
76
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Жалайырдың шынайы тұлғалық келбетiн жасауды, дүниетанымдық
ерекшелiгiн анықтауды қиындататыны белгiлi. Дегенмен бiзге
жеткен шығармасының өзi қазақ халқының қалыптасу кезеңiндегi
Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» сияқты еңбегiндей
әлеуметтiк-мәдени мағынадағы маңыздылыққа ие болғанына
сенiмдемiз. Бұл қазақ жерiнде тек ауыз әдебиетi ғана емес, сонымен
қатар жазба мәдениетiнiң көрiнiс берiп отырғанының дәлелi. Әрине,
басқа мәдениеттердiң де ойшыл-дың көзқарасына ықпалы болғанын
да жасыруға болмайды.
Қадырғали Жалайырдың қазақи дүниетанымы тұркi мәдениетi-
нiң, болмысының құрылымынан туындайды және оның дiни сипаты-
мен астасып жатады. Ол Қадырғали би Қосымұлының араб, парсы
тiлдерiн жақсы бiлуiмен байланысты. Сонымен қатар Жалайыр
орыс, татар тiлдерiн де жетiк бiлгенiн байқатады және сол арқылы
славян, Батыс мәдениетiмен де таныс болғаны көрiнедi. Осыдан оның
өз заманына сәйкес ауқымды дүниетанымы болғанын аңғартады.
Дүниенiң құрылымы, ондағы уақыт пен кеңiстiктiң өзара байла-
нысы, тарихи санада қалыптасқан өлшемдер сипаты Қадырғали
еңбегiнде бiршама көрсетiлген. Тарихи дәлдiкпен айтылған деректер,
тек тұлғалар өмiрбаяны туралы мағлұматтар берiп қана қоймайды,
сонымен қатар қоғамдағы космологиялық танымның ежелден
өрбiгенiн, Шығыстық өркениеттiң терең тамыры туралы айтып
өткендей. Мәселен, шежiрелердi баяндай келiп, «Шыңғыс хан доңыз
жылы туды, тұрiкше кұн есебiнде жетпiс екi жыл өмiр кештi. Және
тағы ай есебiнен жетпiс бес жыл өмiр кештi. Ай есебiнен әрi отыз
жылда бiр жыл тафаут (қосылады) етедi. Барша моғол тұрiк есебiмен
есеп қылады», – деп көрсеткен Қадырғали би.
Бұл жерде қазақ жерiнiң мәдениеттер сұхбаты мен тоғысында
тұрғандықтан әр тұрлi дүниетанымдық айшықтардан сусындағанын
байқаймыз. Тiптен, қазiргi кезеңге дейiн ай есебi мен кұн есебi халық
санасында қатар сақталып келе жатқанын, кұнделiктi тiршiлiгiнде
бұқара халық үлкен маңыздылық беретiнiн де жасыруға болмайды.
Ғасырлар сынағынан өткен халық даналығы әр уақытта өмiрдi
үйлесiмдендiруге қызмет ететiнiне шүбә келтiруге де болмайды.
Осы орайда қазақ философиясына, дүниетанымына сипаттама
берген кейбiр зерттеушi-ғалымдардың позициясына сүйiнсек, онда
XV–XIX ғасырлардағы қазақ жыраулары мен ақындарының, билерi
мен шешендерiнiң, ағартушылары мен ойшылдарының бай рухани
мұрасында даналық та, терең түсiнiк те бар. Әрине, Батысеуропалық
қатаң үлгiдегi ғылым да, философия да қазақ даласында көрiнiс
таппағанмен, оның өзiндiк өмiр салтына, дала өркениетiнiң
77
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
ерекшелiктерiне сай келетiн бейнелер тұрiнде дамығанын айта
аламыз.
Әлемдiк мәдениетте патшаларға, хандарға ақылгөй-кеңесшi
қызметiн ат-қарған Аристотель, Асан Қайғы, Бұқар жырау сияқты
тұлғалардың қатарын Қадырғали би Жалайыр де толықтыра
түседi. Оның дүниетанымының өзегiн халыққа, елге, тарихқа үлкен
құрметпен қараушылық құрайды. Ол өз құндылықтар жүйесiнiң
негiзiне ынтымақтастықты қабылдаған. Мiне, осының өзiнен
ойшылдың көзқарасындағы басымдық танытатын iргетас, принцип
гуманистiк бағдар екенiн байқаймыз.
Жалпыадамзат тарихындағы басымдық танытқан дүниетаным-
дық бағдар – жауынгерлiк көзқарас екенi белгiлi. Барлық халықтарда
табиғи күрес, дихотомиялық тайталас (бiздер мен олар жаулар),
яғни жас ұрпақты Отанын қорғау үшін ерлiкке ұмтылуға, батыр
болуға итермелеу жетекшi рөл атқарып келдi. Қоғамдық пiкiр ел
үшін жанын қиған ерлерiн мадақтады, қорқақтарды әжуалады,
сатқындарды жек көрдi. Бұл тарихи процестiң барлық халықтарға
тән келбетi.
Ал, ендi қазақтың ежелгi тайпаларының арасынан шыққан
Қадырғали Жалайыр ХVI–ХVII ғасырлардағы тарих сахнасында
көрiнiс берген рухани-мәдени, дүниетанымдық құндылықтар
жүйесiн келер ұрпаққа нақты тұрде бере бiлген. Тарихи тұлғаның
ерекшелiгi де осында.
Ол өзiнiң еңбегiнiң ұрпақтар үшін қажет дүние болатындығын
анық бiледi. Сондықтан тарихи деректердi, тұлғаларды, оқиғаларды
барынша дәлдiкпен суреттеуге тырысады. Қазiргi кезеңде дамып отыр-
ған саясаттану саласына да, саясат философиясына да құндылығы
бар идеялар мен тұжырымдар еңбекте кеңiнен келтiрiлген. Оны
Ш. Уәлиханов пен орыстың XIX ғасырдағы зерттеушiсi И.Н. Березин
жәнс қазiргi кезеңде жан-жақты зерт-теуге бет бұрған ғалымдар
атап өтедi. Қадырғали бидiң саяси дүниетанымы қоғамды барынша
ынтымақтандыруға, баянды өмiрдi дәрiптеуге негiзделген. Сондық-
тан оның еңбегiнде саясат мәселесiмен айналысқан зерттеушiлерге
де үлкен құндылығы бар ойлар жеткiлiктi.
Ойшыл шежiрелердi жинақтау барысында дiн философиясына
тән «ынсап», «фәни», «бақыт», «жақсылық» деген ұғымдарды қолда-
нады. Ал, ендi «ол өзiнiң этикалық көзқарасын қайырымдылық
идеясы арқылы анықтап, ол бiр дарияның суындай шексiз нәрсе
екен», – деп сипаттайды. Мiне, осы дүниетанымдық ұстаным кейiнгi
өрбiген қазақ өркениетiнiң философиялық дүниетанымының
iргетасы болғанын жақсы бiлемiз. Осы орайда қазақтың ұлттық
78
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
дүниетанымы этикалық (моральдық) негiзге арқа сүйейтiнiн айтып
кеткенiмiз жөн.
XIX ғасырдың шығыстанушысы И.Н. Березин Қадырғали
Жалайыр еңбегiн «Жамиғат-ат тауарих» деп атап көрсеткен. Еңбек
Рашид ад-Диннiң «Жамиғат-ат тауарихынан» аударылып, оған
қосымша өз бөлiмдерiн қосады делiнген. Ал, ендi осы шығарманың
қазақша атауы бiрде «Жылнамалар», кейде «Шежiрелер жинағы»
деп аталып жұр. Бiздiң пiкiрiмiзше, осыны бiр жүйеге келтiрген
жөн сияқты. Екi атаудың да «Сборник летописей» деген негiзден
шыққаны белгiлi. Мәселе зиялы қауымның бiр келiсiмге келуiнде.
Әйтпесе, бұл атаулардың қай-қайсысы да гуманитарлық-қоғамдық
ғылымда орнығып қалары сөзсiз.
Қазақтың даласы әлемге көптеген даналарды әкелгені белгілі.
Олардың көбісі ежелгі түркі кезеңінде өмір сүргені ғылымда анық
болып отыр. Сондықтан көптеген аса құнды еңбектер бұрында
жарыққа шығып отырған деген ойды құптауға болады. Өйткені,
адамзаттың Ақиқатқа, жаңа білімге деген ұмтылысы саяси
құрылымдардың шектеуінен де күштірек болатын. Дегенмен,
мемлекетіміз толығырақ демократиялық, тәуелсіз ел болған
сайын зерттеуші ғалымдардың көкжиегі кеңейе түсетіні белгілі.
Міне, осындай терең, жан-жақты зерттеуді қажет ететін сала –
халқымыздың көне тарихындағы рухани байлықты толық игеру
болып табылады. Сондай игілікті істерді атқарудың қолайлы кезеңі
қазіргі жаңару заманына сәйкес келіп отыр. Тек ғылыми сараптаудағы
ғылымилық, нақтылық, объективтілік, шыншылдық қана алға
қойған мақсатымызға жеткізетініне күмән келтірмейміз. «Ұлттық
отансүйгіштік» ұранын желеу етіп ғылыми шындықтан, дәлелдіктен
ауытқуға да болмайды. Ол тарихқа жасалған қиянат болар еді.
Ал, енді Қадырғали Жалайыр сияқты тарихи тұлғаның тұтас
келбетін анықтау, онын шығармаларына жан-жақты талдау жасау
қазіргі гуманитарлық ғылымның міндеттерінің бірі. Әрине, бұл
бағытта осы уақытқа дейін еңбек еткен беделді зерттеушілер де
болғаны белгілі. Ортағасырлық түркі елдері тарихы, мәдениеті мен
философиясы соңғы кезеңде жүйелі талдаудан өтуде. Оған әр түрлі
методология мен әдістемелер қолданылуда. Мәселен, салыстырмалы
талдау, герменевтикалық зерттеу, нақты-тарихи қарастыру және т. б.
тәсілдер, зерттеулер де кеңінен жүргізілуде.
Жалпы қазақ жеріндегі ойшылдардың шыққан тегі туралы
этностық тұрғыдан таластар әлі күнге дейін көрініс беріп отыр. Біздің
ойымызша Қорқыт Ата, әл-Фараби, М. Қашқари, Ж. Баласағүн,
А. Иүгінеки, тіптен Қожа Ахмет Иассауи де халқымыздың ұлт болып
79
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
қалыптаспаған кезінде өмір сүрген түркі ойшылдары. Сондықтан
оларды түркі халықтарына ортақ, тарихи түлғалар –ойшылдар деуге
болады.
Қадырғали Жалайыр өз еңбегімен тарих философиясы саласын-
да өзіндік маңызы бар, қомақты үлес косқан ойшыл. Шығыста
шежірелер арқылы тарих бетін сараптаудан өткізу үлкен дәстүрге
айналғаны белгілі. Сонау Өтеміс қажыдан кейін Мұхаммед Хайдар
Дулати, кейінірек Әбілғазы («Түрік шежіресі»), Шоқан Уәлиханов,
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Әлихан
Бөкейханұлы сынды ғұламалар бұл зерттеу әдісін өз шығармаларын-
да жалғастырды [1].
Тарихты шежірелік сипатта баяндау – ортағасырлық Шығыс
мә-дениетіне тән құбылыс. Тарих философиясының осы әдістемесін
Өтеміс қажы да «Шыңғыснамесінде» қолданады. Ақсүйектер тұқы-
мын бір жүйеге келтіріп, ретімен тізіп отыру – бұл ортағасырлық
қоғамдық сананың елеулі ерекшелігі.
Адамзат тарихының әр түрлі кезеңдерін жан-жақты сараптаудан
өткізу үшін міндетті түрде оны философиялық тұжырымдаулар
тұрғы-сынан байыпты қарастырған жөн. Бұл өз кезегінде тарих
сахнасында жарқырап көрінген ұлы ғұламалардың кең ауқымды
дүниетанымын зерттеп, талдауға итермелейді. Олардың дүниеге
көзқарасындағы ерекшеліктерді анықтау арқылы бүкіл бір қауымдас-
тықтың әлеуметтік болмысы, ойлау мәдениеті жайлы мағлұматтар
аламыз жәнс сол арқылы мәдениет пен тарих философиясы деген
үлкен салалардың ауқымын кеңейте, тереңдете түсетініміз анық.
Орта ғасырларда өмір сүрген ойшылдарға тән үлгілердің
шеңберінде болғанмен Қадырғали би өзінің дүниетанымының
негізіне адам мәселесін алған, оның мәртебесін көтерген. Адами
қатынастардың қоғам үшін, мемлекет үшін, жалпы ғаламдық
үйлесімдік үшін маңызы зор екенін сезінгені байқалады.
Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде Шыңғыс ханның ұлдарына
айтқан өсиеттерін баяндай отырып, әлеуметтік таным туралы да өз
позициясын білдіріп кетеді. Мәселен, Шыңғыс ханның адамға тән
әмбебаптық таным туралы пікірін былай деп келтіреді: «Кім өзін
жақсы білсе, басқа біреуді сондай білгей» [2].
Бұл тұжырымның негізінде тек Шыңғыс ханның ғана емес,
жалпы Шығыстың ділінің, менталитетінің ерекшелігі жатқан сияқты.
Яғни адам қоршаған ортаның көптеген қасиетін аша білуі үшін ол өз
бойындағы құпияларды танып-білуге тиіс. Міне сонда ғана он сегіз
мың ғаламның сан түрлі жұмбағы біртіндеп ашыла бермек. Ол үшін
адам өз бойындағы табиғат сыйлаған кереметтерін тануы және игеруі
80
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
керек, сол арқылы ғана біртіндеп әлемдегі қайталанбас тұлғалардан
тұратын социумды танып, білуге, бағалауға мүмкіндік алады.
Әрине, Қадырғали Жалайырдың тұлғалық сабақтастықты
талдауға арнаған енбегінен басқа да шығармалары болуы мүмкін.
Себебі әр түрлі мәдениеттерден, тілдерден сусындаған ойшылдың
шығармашылығы және дүниетанымы бір ғана еңбекпен шектелмеуге
тиіс. Өкінішке орай, ондай рухани мұраның замандастарымыз үшін
таныс болмауы, немесе қазіргі кезеңге дейін сақталмауы Қадырғали
Жалайырдың шынайы тұлғалық портретін жасауды, дүниетанымдық
ерекшелігін анықтауды қиындататыны белгілі. Дегенмен бізге
жеткен шығармасының өзі қазақ халқының қалыптасу кезеңіндегі
Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» сияқты еңбегіндей
әлеуметтік-мәдени мағынадағы маңыздылыққа ие болғанына
сенімдеміз. Бұл қазақ жерінде тек ауыз әдебиеті ғана емес, сонымен
қатар жазба мәдениетінің көрініс беріп отырғанының дәлелі. Әрине,
басқа мәдениеттердің де ойшылдың көзқарасына ықпалы болғанын
да жасыруға болмайды.
Қадырғали Жалайырдың қазақи дүниетанымы түркі мәде-
ниетінің, болмысының құрылымынан туындайды және оның діни
сипатымен астасып жатады. Ол Қадырғали би Қосымұлының
араб, парсы тілдерін жақсы білуімен байланысты. Сонымен қатар
Жалайыр орыс, татар тілдерін де жетік білгенін байқатады және
сол арқылы славян, Батыс мәдениетімен де таныс болғаны көрінеді.
Осыдан оның өз заманына сәйкес ауқымды дүниетанымы болғанын
аңғартады.
Дүниенің құрылымы, ондағы уақыт пен кеңістіктің өзара байла-
нысы, тарихи санада қалыптасқан өлшемдер сипаты Қадырғали
еңбегінде біршама көрсетілген. Тарихи дәлдікпен айтылған деректер,
тек тұлғалар өмірбаяны туралы мағлұматтар беріп қана қоймайды,
сонымен қатар қоғамдағы космологиялық танымның ежелден
өрбігенін, Шығыстық өркениеттің терең тамыры туралы айтып
өткендей. Мәселен, шежірелерді баяндай келіп, «Шыңғыс хан доңыз
жылы туды, түрікше күн есебінде жетпіс екі жыл өмір кешті. Және
тағы ай есебінен жетпіс бес жыл өмір кешті. Ай есебінен әрі отыз
жылда бір жыл тафаут (қосылады) етеді. Барша моғол түрік есебімен
есеп қылады», – деп көрсеткен Қадырғали би [2, 50 б.].
Бұл жерде қазақ жерінің мәдениеттер сұхбаты мен тоғысында
тұрғандықтан әр түрлі дүниетанымдық айшықтардан сусындағанын
байқаймыз. Тіптен, қазіргі кезеңге дейін ай есебі мен күн есебі халық
санасында қатар сақталып келе жатқанын, күнделікті тіршілігінде
бұқара халық үлкен маңыздылық беретінін де жасыруға болмайды.
81
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Ғасырлар сынағынан өткен халық даналығы әр уақытта өмірді
үйлесімдендіруге қызмет ететініне шүбә келтіруге де болмайды.
Осы орайда қазақ философиясына, дүниетанымына сипаттама
берген кейбір зерттеуші-ғалымдардың позициясына сүйінсек «XV–
XІX ғасырлардағы қазақ жыраулары мен ақындарының, билері мен
шешендерінің, ағартушылары мен ойшылдарының бай рухани
мұрасында даналық та, терең түсінік те бар» [3]. Әрине, Батыс-
еуропалық қатаң үлгідегі ғылым да, философия да қазақ даласында
көрініс таппағанмен, оның өзіндік өмір салтына, дала өркениетінің
ерекшеліктеріне сай келетін бейнелер түрінде дамығанын айта
аламыз.
Әлемдік мәдениетте патшаларға, хандарға ақылгөй-кеңесші
қызметін атқарған Аристотель, Асан қайғы, Бұқар жырау сияқты
тұлғалардың қатарын Қадырғали би Жалайыр де толықтыра
түседі. Оның дүниетанымының өзегін халыққа, елге, тарихқа үлкен
құрметпен қараушылық құрайды. Ол өз құндылықтар жүйесінің
негізіне ынтымақтастықты қабылдаған. Міне, осының өзінен
ойшылдың көзқарасындағы басымдық танытатын іргетас, принцип
гуманистік бағдар екенін байқаймыз.
Жалпыадамзат тарихындағы басымдық танытқан дүниетаным-
дық бағдар – жауынгерлік көзқарас екені белгілі. Барлық халықтарда
табиғи күрес, дихотомиялық тайталас (біздер мен жаулар), яғни
жас ұрпақты Отанын қорғау үшін ерлікке ұмтылуға, батыр болуға
итермелеу жетекші рөл атқарып келді. Қоғамдық пікір ел үшін жанын
қиған ерлерін мадақтады, қорқақтарды әжуалады, сатқындарды жек
көрді. Бұл тарихи процестің барлық халықтарға тән келбеті.
«Оң қолында шариғатпен іс жүргізсе, сол қолымен ұры-
қарақшы жамандарды патша Борис Федорович үкім-жарлығымен,
жаза-қамшысымен аяусыз жазалар еді. Сол, себептен Керман
шаһары, Борис Федорович хан мемлекетінде тыныштық (амандық)
болды», – деп Қадырғали Жалайыр Ораз-Мұхаммед хан дәуіріндегі
діни, саяси-әлеуметтік жағдайдың жалпы сипаттамасын береді [2,
125 б.]. Яғни Қадырғали би ханның уәзірі ретінде қоғамда әлеуметтік
тұрақтылықтың екі негізі болатындығын меңзеген. Біріншісіне руха-
ни дүниенің негізінен бір бағытта өрбуі немесе имандылық жолы
жатса, яғни сол саладағы халық бірлігі деп ұғынса, екіншісіне мемле-
кеттегі ішкі тәртіптің белгілі бір заң түріндегі, немесе этикалык және
этникалық дәстүр түріндегі нақты қалыптарға бағынуы танылады.
Бұл сол тарихи кезеңдегі ең тиімді саяси жүйе, моральды
мағынадағы қоғамды тұрақтандырушы және алға дамуға іргетас
болатын айшықтар еді. Өйткені ортағасырлық коғамдық құрылым
|