Философия, саясаттану


III тарау.  Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет20/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34

III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
Қазақ  ойшылдары  танымдық  контексте  толық  негізді  түрде 
алдыңғы қатарға кез келген танымның субъективтік негізі ретіндегі 
этикалық максиманы шығарады. Бұл максима адамның жетілуі мен 
өзін-өзі жетілуі, өзін тануының құпиясы болып табылады, ал оның 
этикалық бастамасы, этикалық императиві осыдан шығады.
ХVІІІ-ХІХ  ғғ.  қазақ  ойшылдары  этикалық  императивінің  одан 
бұрынғы  барлық  моральдық  кодекстерден  және  әдет-ғұрыптардан 
түбірлі айырмашылығы бар. Көшпелі қоғамда «қан орнына қан алу» 
күштінің  күштің  артық  құқыққа  ие  болуы  сияқты  сарқыншақтар 
бой  көрсетуімен  қатар  жауынгер  жыраулар  жауынгерлік  рух 
пен  ақылгөйдің,  ұстаздың  аса  ізгі  рухын  бойына  сіңірген  жаңа 
дүниетанымның иесі болып табылды.
Әскербасы жыраулар мен батырлар жаулардың жасақтарымен 
және  өз  айналасындағылардың  сатқындығымен,  зұлымдығымен 
күресте  қазақтардың  бақытына,  әлеуметтік  және  тұрмыстық 
әділеттілік  мұратына  қол  жеткізуге  ұмтылды.  Олардың  арнау-
ларында,  образдарында  және  символдарында  адам  қарым-
қатынастарының рухани аспектісін дамытуға талпыныс аңғарылады. 
Олар  догмалармен  мінез-құлықтың  қарабайырландырылған 
стереотиптеріне, адам қызметінің бағалануына қарсы болды.
Соғыстар,  алауыздықтар  және  билік  үшін  қан  төгіс  күрестер 
заманында  өмір  сүрген  жыраулардың  ізгілігі  қарапайым  рецептер 
мен  жобалар  ұсынатын  аңғырт  ізгіліктен  өзгеше.  Олардың  биік 
моральдық  өмір  салты  мен  мінез-құлықты  өсиет  етуінің,  соған 
үндеуінің негізінде тәңірілік көрегендікке, сенім, әлемнің, адамдардың 
және  олардың  іс-әрекеттерінің  эзотериялық  бірлігіне  сену  жатыр. 
Өздерінің  ерліктерімен,  қадір-құрметке  лайықтылығымен  және 
әлемдік, әлеуметтік және дара кесапатпен күресімен олар эзотерия-
лық  бірліктің  нығаюына  мүмкіндік  туғызады,  өз  отбасы  мен  ата-
мекенін  қорғайды  және  олардың  игі  идеялары  мен  образдарына 
орай тек осы жағдайда ғана олар өздерін «тәңір жаққан от ішіндегі 
ұшқынға»  санай  алады.  Олардың  көзқарастарының  және  әлемнің, 
қоғамның  және  адамның  бірлігіне  ұмтылыстарының  өздеріне  тән 
ерекшеліктерін осыдан да аңғаруға болады.
Олардың көзқарастары бойынша, кемелденгендік, артықшылық 
– егер олар бір-біріне көмектесу, жетілу, әлеуметтік даму үшін және 
жамандықтың  барлық  түріне  қарсы  күреске  қызмет  ететін  болса, 
адам өміріндегі аса қажетті нәрселер. Жетілудің түрі ретіндегі рухани 
артықшылыққа қол жеткізу үшін адамнан ізгілік, адамдар арасында-
ғы бірлікті ұғыну, интуицияға ие болу және құдай санасына ерекше 
нұр құйғандар ғана байланыса алатын эзотериялық кеңістікті сергек 

172 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
түйсіну  талап  етіледі.  Өздерінің  идеялары  мен  шығармашылығы 
арқылы жыраулар Алланың ерекше нұрына бөленген тұлғалардан 
өзгелерге беймәлім осынау тылсым мәнділікті мүмкіндігінше жалпы 
жұртшылық түсіне алатындай етуге ұмтылды. 
Жалпылама сипаттама бергенде, қазақ ойшылдарының тылсым 
сырлы білімі мынаны білдіреді: кез келген танымның, ақиқатты іздеу-
дің,  іс-әрекеттің,  мінез-құлық  пен  қылықтардың  негізінде  жалпыға 
ортақ  қарым-қатынас  жатады,  атап  айтқанда,  субъектінің  бойында 
әлемнің күнделікті және эзотериялық бірлігі, яғни жалпыға ортақ-
тық  болады;  оның  игі  мақсаты  бұл  бірлік  пен  өзін-өзі  жетілдіруге 
аялы қарым-қатынас және мүмкіндігінше талпыну болып табылады.
Сондықтан:
-  сенің  өзіңдегі  және  өзгелердегі  жалпыға  ортақтықты  үнемі 
басшылыққа алу;
- жетілушілік және жалпыға ортақ заңдылық ретінде интуиция-
ны жетілдіру;
-  кез  келген  артықшылықтың  негізі  мақсаты  қайырымдылық 
болсын деп іс қимыл жаса;
- қоршаған ортамен бірлігіңді негізге ала жақсылықтың жаман-
дықтан,  интуицияның  (бүтіннің)  бөлшектен  басымдығын  сақтай 
отырып іс-әрекет жаса;
-  кез  келген  даралықтан  жалпыға  ортақтықтың,  ақиқаттың 
өлшемін ізде, соған сәйкес іс-әрекет жаса;
- жетілу сен үшін де, барлығы үшін де, кездейсоқ жағдайларда 
да,  кез-келген  қарым-қатынаста  да  көрінетін,  байқалатын  етіп  іс-
әрекет жаса;
-  моральдық  сананың  мақсаттары  –  даналық,  ақиқат,  адамның 
қадір-құрметке  лайықтылығы  және  қоғамның  ізгілікті  ілгері 
басушылығы;
-  парасатты  жауынгердің  мақсаты  –  жамандықты  жазалаудың 
негізі ретінде, өсиет үшін, ру мен барлық халықтың бірлігі үшін және 
Отан үшін жалпыға ортақтыққа қосылу;
- сенің тағдырың – жалпыға ортақтықтар сапындағы сен жасаған 
таңдаудың тек себебі ғана емес, сондай-ақ салдары да.
ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ жырауларының әлемді тану жөніндегі ұста-
нымдарында  танымның  жолдары  мен  білімнің  ақиқаттығының 
маңызды принциптері анықталған. Білімнің ақиқаттығы зерттелетін 
заттың, кеңістіктің, уақыттың, мекеннің бірлігіне және ол байланысты 
болатын бір ғана қарым-қатынасқа ғана емес, сондай-ақ осы құрамдас 
бөліктердің субъективтік қабылдаудағы сапалық бірлігіне де тәуелді. 
Олардың барлығы бір мезгілде тек бір ғана интуициялық нұрлану 

 
 
 
                      
                                                  173
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
актісінде  байқалған,  демек  бір  ғана  жалпыға  ортақ  қарым-қатынас 
бүтін мен бөлшектің бір қарым-қатынасы арқылы қосылған жағдайда 
біріге алады. Керісінше жағдайда ақиқаттан алшақ ыдыраңқы, кірме 
құрамалар болып шығуы мүмкін. Бұл мәні жағынан әл-Фарабидің, 
жалпылама  мазмұнда  айтсақ,  айтылғанның  ақиқаттығына  сену 
сонымен бірге ойшылдың беделіне сенуге негізделуі мүмкін дегенді 
білдіретін пікіріне жақынырақ.
Құнды қасиеттерге даналықты, шешендікті «сөз сарасын» жатқыза-
тын  қазақ  жыраулары  адам  күші  мен  талантының  пайдаланылатын 
негізгі  саласы  әлеуметтік  өмір  «істің  логикасы»  деп  есептеді.  Жырау-
лардың  халық  игілігі  үшін  атқарған  ізгі  қызметі  нәтижесінде  қол 
жеткізген қоғамдық дәрежесі олар үшін халықты ізгілікті өмір салтына 
басты талап ретінде шақыруын паш етуге қажетті бастау тірек қызметін 
орындайды.  Жырау  жетілушілікке,  қазақтардың  бірлігіне,  адамның 
табиғатпен, әлеммен бірлігіне талпынудың этикалық принципіне негіз-
делген ісі, ойлары және іс-әрекеттерінің бірлігі олардың аса биік әлеу-
меттік мен шығармашылық жетістіктерінің, қазақ халқына сіңірген ең-
бек-терінің өзіндік себептерінің ең бастыларының бірі болып табылады.
Қазақ  ойшылдарының,  жырауларының  шығармашылығымен 
қатар  Далалық  өлкеде  басқа  жанрлар  да  –  аңыз-жырлар,  ақындар 
айтыстары,  жеңіл  әуенді  әндер  және  әдет-ғұрыптарды  әнмен 
орындау  да  кеңінен  таралды.  Олардың  барлығының  да  түпкі  тегі 
көне  дәуірлерде  жатыр  және  олардың  кез  келгені  Далалық  өлкеде 
өзінің  айырықша  қызметін  атқарды.  Еуропа  ғалымдарына  жиын-
тойлар кезінде көпшіліктің, бай туысқандарының көңілін көтеруді өз 
міндеттеріне алған ақындар, жыршылар, өлеңшілер, салдар, серілер 
және поэзияның басқа да жанрларының дүлдүлдері жақсы белгілі. 
П.И. Пашино: «Қырғыз (қазақ), немен айналысса да, үнемі ән салады 
және  міндетті  түрде  суырып  салушылықпен  айналысады»,  -  деп 
жазады. Өз ісінің шебері болып табылатын әрбір ақын өз жанрының 
заңдылықтарына сәйкес Далалық өлкеде әлемге, табиғатқа, қоғамға 
және  өз  замандастарына  эзотериялық  қарым-қатынастың  ұлттық 
дәстүрлерін одан әрі дамытты және таратты.
Қазақ  хандығының  бір  орталыққа  бағынған  мемлекет  ретінде 
құрылмағаны,  бірнеше  ұлыстардан  –  ірі  әкімшілік  бірлестіктерден 
тұрғаны белгілі. Ибн Рузбихан Исфаханидің мағлұматына қарағанда, 
ХVІ ғ. басында олардың саны он шақты болған. 
Мемлекеттің басында азаматтық, әкімшілік және әскери билікті 
бірге жүргізген хан отырды. Мемлекет басқару ісі дәстүрлі құқыққа-
датқа және мұсылмандық құқықтың өлшемдеріне негізделді. Дәстүрлі 
құқықты  ХVІІ  ғ.  соңында  Тәуке  хан  «Жеті  жарғы»  заңдар  жинағы 

174 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
түрінде толықтырды. Бұл оқулықтың авторлары одан әрі қарай былай 
деп жазады:
«Қазақ  қоғамы  соңғы  ортағасырлық  дәуірде  әлеуметтік-
экономикалық 
қарым-қатынастарының 
дамуы 
бойынша 
патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастар деңгейінде болды, ал 
қалыптасқан қазақ мемлекеттігі феодалдық еді» [6].
Ғылымда  ұзақ  уақыт  үстемдік  құрған  қазақ  мәдениетіне  тар 
өрісті таптық көзқарас қазақ халқы мәдениетінің барлық байлығын, 
оның эзотериялық, дүниетанымдық және философиялық байлығын 
ашып көрсете алмады. 
Сөз болып отырған кезеңдегі саяси, дипломатиялық және әскери 
жағдайдың жеке адамнан және жартылай көшпелі қазақ қоғамының 
барлығынан  зор  күш-қуат  көрсетуді  талап  еткені  баршаға  аян. 
Жат  жұрттық  басқыншылардың-жоңғарлардың  әскери  шапқын-
шылығына қарсы көп жылдық күрес, «Ақтабан шұбырынды» аталған 
қайғылы кезең және одан кейінгі жылдардағы жау әскерлерін қаһар-
мандықтың  небір  тамаша  үлгілерін  көрсете  отырып,  ойсырата 
жеңу  көшпелілердің  мәдени  кеңістігіндегі  азаттық  рухын  және 
тәуелсіздікке талпынысты бұрынғыдан да гөрі күшейте түсті.
Сол уақытта жартылай көшпелі қазақ қоғамының өмірінде өзін 
қоршаған аумақтық және саяси кеңістіктен қолдау, мүмкіндігінше, 
озбыр  мемлекеттердің  дұшпан  ниеттерінен  қорғаныс  іздеудің  өзін 
өзі  ақтаған  қажеттігі  туындады.  Ресеймен  жақындасу  және  оның 
қол  астына  кіру  процестері  тарихи-саяси,  көзқарастар  тұрғысынан 
қарағанда,  толығымен  түсінуге  болатын  әрқилы  шиеленістермен 
және қарама-қайшылықтармен араласа жүрді. Исатай Таймановтың 
серігі, әрі досы болған Махамбет жырау шығармашылығы – осындай 
идеялық-тақырыптық рухтың нәтижесі.
Қазақ  жырауларының  және  күллі  қазақ  халқының  көшпелі 
қоғамның ілгері қарай дамуы жөніндегі әрқилы көзқарастары одан 
кейінгі  уақытта  Қазақстанның  ХVІІІ-ХІХ  ғғ.  Ресейдің  қарамағына 
енуіне  ықпал  жасады.  Бұл  қоғамның  дұрыс-бұрыстығы  жөнінде 
көшпелі қоғамда біріне бірі кереғар пікірлер болды. Қазақ халқының 
ықпалды өкілдерінің бір бөлігі сыртқы жау күштерге қарсы тұру үшін 
қуатты  көршілердің  бірімен,  бұл  жағдайларда  болмай  қоймайтын 
құрбандықтарға  қарамастан,  қосылу  керек  деп  есептеді.  Егер  сол 
замандағы  көшпелі  қоғамға  ізгі  ниетті  әлемдік  қауымдастықтың, 
«әлем-адам»  игілікті  әлемдік  процесінің  бөлшегі  ретінде  қарасақ, 
бұл қабылдауға болатын көзқарас.
Қазақ ақсүйектерінің басқа бір бөлігі бұл жағдайда табиғи және 
өзге де құрбандықтар қосылуға қарсы болған және отаршылдыққа 

 
 
 
                      
                                                  175
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
қарсы  күрескен  жағдайдағыдан  гөрі  көбірек  болуы  мүмкін  деген 
жорамал  айтты.  Бұндай  көзқарас  техникалық  жағынан  жақсы 
жабдықталған,  бірақ  техникалық  жағынан  нашар  дамыған 
көршісінің  дамуына  мүдделі  емес  қоғам  оның  мәдениетін  жоюға 
ұмытылуы  мүмкін  деген  ұғымға  келеді.  Бұл  пікір  көптеген  тарихи 
объективті  толыққанды  негіздерге  сүйенеді  және  нақты  әлеуметтік 
құбылыстарды олардың барлық қайшылықтарымен ұғындырады.
Бұл тарихи кезеңде Қазақстанның сыртқы қарым-қатынастарына 
әлеуметтік заңдылықтың күші әсер ете бастады, оған сәйкес көршілес 
тарихи  субъектілердің  мақсаттары  объективтік  заңдылыққа  сәйкес 
өзара  қарама-қайшылыққа  түсуі  мүмкін  және  тиіс  еді.  Гегельдің 
қарама-қайшылықтардың  бірлігі  мен  күрес  заңында  бұл  аса 
логикалық және мазмұнды түрде ашып көрсетілген.
Тілге тиек болып отырған жағдайда, қазақ халқының ХVІІІ-ХІХ 
ғғ. тарихында қоғамдық сананың, дүниетанымның, дүниетанымдық 
және  одан  басқа  барлық  қарым-қатынастардың  одан  кейінгі  даму 
барысына  ықпал  жасаған  мәдени-тарихи  оқиға  болды.  Жартылай 
көшпелі өркениеттің әлеуметтік және рухани ахуалы кейінірек түзеле 
бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни Ағартушылық дәуірі 
деп аталған кезеңде Ш. Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин 
және басқа да қазақтың қайраткерлері, ағартушылары қазақ халқын 
орыс, ал ол арқылы Еуропа және әлем мәдениетінің қазыналарынан 
сусындауға шақырды.
Олар  қазақ  ойшылдары,  жыраулары  рухани  мұрасының  мәні 
мен мазмұнын толық сақтай отырып, қазақ мәдениетінің гуманистік 
бағытталушылығын жалғастырды. Олардың дүниетанымында адам 
барлық қарым-қатынастарда бұрынғыдан да зор маңызға ие болды. 
Дегенмен,  олардың  басты  жетістігі  олардың  орыс  және  Еуропа 
мәдениетімен  бір-біріне  сенушіліктің  және  жақындасудың  мәдени 
негізін дайындауы болды. Олар ойшылдардың көптеген ұрпақтары 
мен қазақ халқы мәдени кеңістігінің өзге өкілдері өмірге келтірген ең 
жақсылар  мен  шынайылардың  барлығы  сақталатындығынан  және 
одан әрі дамитынына үміттенді деп есептеген жөн. Сол уақыт үшін 
бұл Ресей жағынан әскери, экономикалық және саяси қорғаушылық 
жөніндегі  келісім-шарттан  өндірістік  және  өндірістік  деңгейі 
жоғарырақ өркениетпен, орыс және әлем мәдениетімен жақындасу 
процесіне көшуді білдірді.
Қазіргі  замандағы  философия  ғылымының  алдындағы  келелі 
міндеттердің бірі – мәдениеттер мен халықтардың терең деңгейлерде 
мәдени-тарихи  жақындасуын,  олардың  психоментальдылығын, 
мәдени және мінез-құлықтық архетиптерін, діни дүниетанымының 

176 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
және білімдерінің философиялық негіздерін талдай отырып, зерттеу 
және  шешу.  Бұл  бағытта  әлем  мен  адамның  бірлігі  мәселелеріне 
қатысты проблемаларды түсінуге кедергі келтіретін ақтаңдақтар бар.
Философия  ғылымы,  барлық  жағынан  алып  қарағанда,  өзінің 
іргелі мүдделерімен қоса қазіргі кезеңде ол үшін үйреншікті әлемдік 
ағартушының  рөлін  атқаруға  тиіс.  Бұл  үшін  одан  осы  күнгі  дейін 
өздерінің болмыстары жағынан мүлдем өзгеше Батыс және Шығыс 
дүниетанымдарының  тереңде  жатқан  негіздерін  тағы  және  тағы 
да,  бұрынғыдан  да  егжей-тегжейлі  және  дұрыс  талқылау  талап 
етіледі.  Қазіргі  заман  философтарының  алдында  Әлемге,  адам 
интеракцияларына,  қарым-қатынастарға  бүтіндік  және  толықтық 
сипат  бере  түсу,  эзотериялық  кеңістіктің  түпкі  қабаттарын  тану 
міндеті тұр.
Қазақ мемлекетiнiң негiзi елдiң рулық ара қатынасынан құралса, 
оның қайнар бұлағы туысқандық, мейiрiмдiлiк сезiмнiң артуы арқылы 
құралатынын жыраулар жақсы түсiндi. Ол кездегi алға қойған саяси-
әлеуметтiк талап қазақ деген ұлттық сананы рулық, жүздiк ұғымның 
шеңберiнен асырып, түбi бiр тұтас мемлекеттiк дәрежеге көтеру едi. 
Жыраулардың арманы қазақ жұртын қабырғалы мемлекет қатарына 
қосу  болды.  Халықтың  басын  бiрiктiремiз  деп  талай  қиындықты 
бастан  кешiрдi,  алдаспан  жырлары  ханды  да,  қараны  да  аямады. 
Олардың әрбiр жырын жеке бiр тарих деуге болады, себебi сол кездегi 
халықтың әр қадамын бейнелеп, құнды мәлiметтер берiп отырады. 
Әдебиеттер
1 Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. – Алматы, Ана тілі, 1993. – 101 б.
2  Бес  ғасыр  жырлайды:  ХV  ғасырдан  ХХ  ғасырдың  бас  кезіне  дейінгі 
қазақ  ақын-жырауларының  шығармалары.  Үш  томдық.  (Құрастырған.  М. 
Мағауин, М. Байділдаев). – Алматы: Жазушы, 1984. – Т.І. – 256 б.
3  Рысқалиев  Т.Х.  Даналық  пен  түсініктің  үлгілері.  –  Алматы:  Ақыл 
кітабы, 1999. – 237 б.
Әбішев Қ.Ә. Философия. – Алматы, 1999. – 264 б. 
Кант И. Собрание сочинении. – М.: Чоро, 1984. – Т.3. – 741 с. 
6  Байпаков  К.М.,  Кумеков  Б.Е.,  Пищулина  К.А.  История  Казахстана  в 
среднике века. – Алматы: Рауан, 1999. – С. 129.

 
 
 
                      
                                                  177
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
3.2  Қазақ  би-шешендерінің  гуманистік  философиясының 
құндылықтық ерекшеліктері
Көшпенділер  өркениетінің  рухани-құндылықтық  үрдістерін 
дамытуда би-шешендер шығармашылығының орны ерекше. Қазақ-
тың  «би»  сөзінің  төркіні  «билік»  деген  мағынаға  келіп  саяды.  «Би» 
деген  атаумен  астасқан  көне  түркі  тіліндегі  «білік»  деген  сөздің 
мағынасы  «басқару»  немесе  «білгірі»  дегенді  білдіреді.  «Би»  мен 
«шешен» деген атаулар тіпті революцияға (1917 жылға дейін) қатар 
қолданылып,  кейде  бірін-бірі  ауыстырып  келгені  кездейсоқ  емес. 
Қазақ қоғамындағы билер институты далалық демократиялық даму 
үлгісінде өз міндетін кәсіби дәрежеде атқарғандығын ғылыми негізде 
зерделеген академик С. Зимановтың қомақты зерттеулерінде кеңінен 
ашып  көрсетеледі.  Қазақ  билерінің  қалыптасуы  жайлы  көшпелі 
және жартылай көшпелі қоғамның сот-құқықтық басқару саласының 
білімі мен даналық ойларын игерген «далалық үлгідегі» өте білімді 
топ  ретінде  қалыптасқандығын  атап  көрсетеді  [1].  Сонымен  қатар 
билер  шығармашылық  әлеуетке  ие  топ  болып  та  саналады.  Билер 
дүниетанымының  философиялық-құндылықтық  ерекшеліктерін 
анықтау, оларға қазіргі кезеңдегі мемлекеттілікті жетілдіруде өзінің 
тамырларына негізделген әдіснама ретінде оралу болып табылады. 
Билер құбылысын зерттеу барысында қазақтың билер институ-
тының тарихы өте ерте замандардан басталатындығына көз жеткізуге 
болады.  Ұлы  Дала  тарихы  жайлы  жазылған  деректі  әдебиеттерді 
зерделейтін  болсақ,  қазақтың  билік  құру  дәстүрін  алғашқы 
зерттеушілер  орыс  әкімшілігінің  қызметкерлері  мен  ғалымдары 
болды.  Қазақтардың  әдет-құқық  ережелерін,  заңдарын  зерттеген 
Л.Ф. Баллюзек, А.И. Левшин, И.А. Козлов, А. Зуев, Дельвиг, Д¢Андре, 
Д.  Самоквасов,  В.В.  Григорьев,  Л.А.  Словохватов,  Г.  Загряжский, 
С.  Масимовтардың  барлығы  дерлік  сахарадағы  билердің  әділетті, 
шешен,  бәрінен  бұрын  адал,  таза  болғандығына  тоқталады.  «Түгел 
сөздің  түбі  бір,  түп  атасы  Майқы  би»  дейді  қазақ.  Осы  Майқы  би 
жайында оның ХІІІ–ХІV ғасырларда өмір сүргендігін, Шыңғыс ханның 
оң  қолы,  қазақ  даласында  билеуші  болғандығын  заң  ғылымының 
мамандары  дәлелдеп  көрсетеді  .  Шыңғыс  ханды  Шыңғыстауда  ақ 
киізге көтеріп, қазақ даласының билеушісі етіп жариялағандардың 
ішінде  болғандардың  бірі  –  Майқы  би.  Шыңғыс  хан  жорықпен 
оңтүстікке  аттанғанда,  ел  билігі  Майқы  биге  қалған.  Міне,  осы 
замандардан  бері  билер  институты  қазақ  даласында  билік  құрған 
[2]. Халық жадында аттары аңызға айналған билер аз болмаған, әр 
жүздің, әр тайпаның, рудың билері болды. Солардың ішінде Аяз би, 

178 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Едіге би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Есет би, Сырым би, Шорман 
би, Шона би, Ерден би, Бала би, Доспол би, Ақтайлақ би, Мөңке би. 
Билер  мектебінің  алдын  көрген,  ата-бабасынан  келе  жатқан  дуалы 
ауыз,  орақ  тілді,  қара  қылды  хақ  жарған  қазақтың  соңғы  биі  Абай 
болды. Қазақтар арасында би атанғандардың ұзын саны 500 ден аса 
деген мәлімет бар.
Билік құрудың қазақтар арасында жетілдіріліп шыңына жеткен 
кезеңдері  болды.  ХVШ  ғасырдың  басында  Тәуке  хан  (1680–1718  – 
хандық  құрған  жылдары)  әдет-ғұрып  заңдарына  өзгерістер  енгізді. 
Ол Құрылтай өткізіп, онда мемлекеттік мәселелер қаралып, тарихта 
«Жеті  жарғы»  деп  аталатын  заңдар  жобасы  жасалынды.  Қазақ 
даласының  Геродоты  аталған  орыстың  шығыстанушы  ғалымы, 
этнографы  А.И.  Левшиннің  1832  жылы  Санкт-Петербургте  жарық 
көрген  «Қырғыз-қазақ  немесе  қырғыз-қайсақ  ордасы  мен  даласын 
суреттеу» деген еңбегінде: «Бұл есімді естігенде өздерінің қызу қанды 
елірген  отандастарының  тобырынан  рухы  әлдеқайда  жоғары  кез 
келген қырғыз-қайсақтың жүрегін мақтаныш сезімі кернеп, Тәукенің 
алдында  бас  иді.  Оны  Қазақ  Ордаларының  нағыз  Ликургі,  нағыз 
«Драконы»  десе  де  болады.  Ол  өз  халқын  апатты  өзара  соғыстан 
арылтты;  бір  тайпаның  екінші  тайпамен  бірнеше  жылға  созылған 
қантөгіс  ұрыстарына  тыйым  салды;  жұрттың  бәріне  ортақ  жарғы 
шығарып, сол арқылы сот билігін жүзеге асырды; ол күш қолданудан 
гөрі,  неғұрлым  терең  ақыл-оймен,  тәжірибемен,  байланыстар  мен 
билік  ету  өнері  арқылы  әрекет  жасаған  сияқты»  [3]  –  деп  жазды. 
Қазақ  сахарасындағы  сол  кезеңдерді  «алтын  ғасыр»  деп  атап  жүр. 
Ол  дұрысында  да  солай.  Өйткені  қоғамдық  қатынастар  адамдар 
арасындағы  әділеттілікке  негізделген  болатын.  Олар  өздерінің  іс-
әрекеттерімен  шынайы  жоғары  адамгершіліктік  пен  тазалықты 
орнықтырды.  Бұл  заңдар  жинағы  ел  арасында  «Қасымның  бес 
жарғысы» немесе «Қасым салған қасқа жол» деп аталып бізге дейін 
жетті. Сонымен қатар «Есім салған ескі жол» деген түсінік те бар. Есім 
ханның тұсында «Жарғыға» шарғиат заңдары енгізіле бастады. Осы 
екі заң жобалары ежелгі билер жасаған қалпын бұзбай ХVІІ ғасырдың 
аяғына дейін өз күшін жоймай сол қалпында сақталып, қолданылып 
келген  болатын.  Заманалар  бойы  халық  өз  тағдырларына  қатысты 
талас-тартысты, даулы-дамайлы мәселелерін билерге өз еріктерімен 
сеніп тапсырған еді. 
Далалық тарихтың суреттемелерін саралай келе А.Х. Қасымжанов 
билерді өткір тілді, ұшқыр ойлы, тез арада уәж айту, сөзге сөз қайтара 
білу батырлардың жекпе-жектегі жеңісіне пара-пар болатын қолма-
қол  жеңіс  сипаты  мен  қорытындысын  анықтайтын  халықаралық 

 
 
 
                      
                                                  179
III тарау.  Қазақтың халық философиясының     
дүниетанымдық ерекшеліктері
саясаттың  маңызды  бөлігі  деп  сипаттағанда  мәселені  шешудегі 
бидің  ой  ұшқырлығының  диалектикасын  ашып  көрсетуді  көздеген 
еді [4]. Қазақтың әдет-ғұрыптары мен заңдары іштей біртұтас, берік 
күйінде  сақталған.  Көшпелі  қазақ  халықының  өзіндік  болмысын 
айқындаушы  белгілерінің  бірегейі  ол  әдет-ғұрыпы.  Қазақтың  дәс-
түрлі  мәдениетіндегі  ешқандай  сыртқы  әсерлердің  ырқына  бағын-
бай  ұрпақтан-ұрпаққа  таза  күйінде  ділі  арқылы  беріліп  отырған 
ізгі  қасиеттері  мен  құндылықтары  болып  табылады.  Халықтың 
өмірінің  мәніне  айналған  жөн-жоралғы,  әдет-ғұрып  заңдары  мен 
этикалық,  адамгершілік  қағидаттары  жалпыдан  өзгешелендіретін 
ерекшеліктер.  Сахараны  мекен  еткен  көшпенділерде  түрмелердің 
болмауы,  күштеу  органдарының  қажет  етілмегендігінің  айғағы. 
Тайпа, ру ішіндегі даулы мәселелелер көбінесе құн төлеумен, айып 
салумен шектеліп отырған. Бұл рухани жетілген қоғамға тән көрініс. 
Әсіресе  халықтың  тағдыры  шешілетін  сын-сағаттардағы  билер 
атқаған істің маңыздылығы іс-қимылмен салыстырылады.
Ақиқат  алдында  ар  тазалығын  сақтау  билердің  ең  басты 
ұстанымы болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақ билерінің 
далалық өркениеттің құқық қорғау саласын биік деңгейге көтергенін 
ерекше атап өтеді. Атырау мен Алтайдың арасындағы алып даланы 
жайлап жатқан мемлекеттің реттеуші тетіктері толық іске қосылмай 
тұрған  кездің  өзінде  ешқашанда,  еш  жерде  қазақта  жүзбен  жүз, 
тайпа мен тайпа тұрмақ, ру мен ру соғысып көрмеген, өмір болған 
соң  кездеспей  қоймайтын  жер  дауы,  жесір  дауының,  барымта  мен 
сарымтаның  аяғы  ат-тон  айыппен,  әрі  кеткенде  билер  кеңесінде 
құн төлеумен бітім тауып отырған [5]. Мемлекет құрушы халықтың 
тұтастығы, ауызбіршілігі ұлттың ұлы қасиетінің арқасында болған-
дығын бағамдаймыз. 
Халқымыздың ата-бабаларымыздан бері қарай келе жатқан осы 
асыл қасиеті өз заманында ұлы Абайдың да назарынан тыс қалмаған 
еді. «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан 
білімі,  күтімі,  сыпайылығы,  тазалығы  төмен  болған.  Бірақ  бұл 
замандағылардан  артық  екі  мінезі  бар  екен.  Ендігі  жұрт  ата-
бабаларымыздың  мінді  ісін  бір-бірлеп  тастап  келеміз,  әлгі  екі  ғана 
тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге  осы 
өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана 
тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі 
мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа 
ұқсамайды,  шайтандыққа  тартып  барады.  Жұрттықтан  кетіп  бара 
жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді. Ол екі мінезі қайсы 
десең,  әуелі  –  ол  заманда  ел  басы,  топ  басы  деген  кісілер  болады 

180 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет