Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады
екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре
береді екен. Ол ел басы мен топ басылары калай қылса, қалай
бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды
екен. ....Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп
азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен
жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?
Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған
жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады
екен..... Кәнеки, енді осы екі мінез қайда бар? Бұлар да арлылық,
намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық.
Ендігілердің достығы – пейіл емес, алдау, дұшпандығы – кейіс емес,
не күндестік, не тыныш отыра алмағандық» [6]. Адамгершілікті,
татулықты, бауырмашылдықты алдыңғы орынға қояды. Ең
бастысы халықты біртұтастандыру мен біріктіруде қоғамда билер
инстиутының реттеушілік қызметінің зор болғанын көрсетеді. «Бұл
билік деген біздің қазақ ішінде билік әрбір сайланған кісінің қолынан
келмейді. Бұған «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі
жолын», Әз Тәуке ханның Күл төбенің басында күнде кеңес болғандағы
«Жеті жарғысын» білмек керек. Һәм, ол ескі сөздердің қайсысы заман
өзгергендіктен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның
орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық
кісі болса керек» – дейді Абай [7]. Осы айтылғандар қазіргі кезеңдегі
қазақстандық қоғамның да өзекті мәселесі болып отыр.
Қазақ билерінің үкімдері мен кесімдеріне ханның жарлығы
жүрмеген. Қазақ қоғамындағы Хандық биліктің өзіне тән ерек-
шелігі тұрақты әскері мен тармақты жүйеленген күштеу құры-
лымы болмаған. Ал сахарадағы демократиялық үрдістер билер
институтына берілген еркіндік арқылы айшықталады. Билер
болса қоғамдық өмірдің әр саласында, сол кездегі әлеуметтік-
экономикалық жағдайлардың мүмкіншілігіне қарай әділ шешімін
кесіп отырған әрі дана, әрі шешен, әрі төрешінің рөлін атқарған.
Билер философиясының негізгі тұғыры әділеттілік пен адалдық.
Билерге тән ізгілікті қасиеттер жайлы академик С.Зиманов былай
деп түйіндейді: «Биді байлық та, барлық та қызықтыра алмаған. Би
таразы басын тең ұстап, қара қылды қақ жарушы... Билік шешімге
екі жақ та разы болуы керек. Жеңілген де, жеңген де әділеттілікті
мойындауы тиіс. Әйтпесе ол әділ билікке жатпайды. Билік шешім тек
бір жақты болса онда іс әділетсіз шешілді деп саналып, бидің беделі
көпшілік алдында күрт кемиді» [7]. Олардың өмір философиясының
ұстанымдары ешқашан мызғымайтын беріктігімен сипатталды.
181
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Сондықтан да билер шығармашылығы еркін ойдың іс-әркетте
айшықталуы болып табылады. Жариялылық, сөз бостандығы
сияқты құндылықтар басымдық танытып, далалық демократиялық
ой билер институты арқылы жүзеге асты. Заманалар бойы халық өз
тағдырларына қатысты талас-тартысты, даулы-дамайлы мәселелерін
билерге өз еріктерімен сеніп тапсырған еді. «Қоғамды билеу дәстүрі
мен ел билеген игі жақсыларының қалыптасу үрдісі әр ұлттың
саяси өмірінің бітім-болмысын айқындайтыны белгілі. Сондықтан
қазақтың дәстүрлі қоғамындағы саяси билік жүйесінің тыныс-
тіршілігін, ондағы іс-әрекет пен саяси қатынастар ауан-шеңберін,
саяси басшыларды тағайындау мен ел билеу әдіс-тәсілдерінің
ерекшеліктерінен аңғаруға болады» – дей келе Д. Раев қазақтың билік
философиясының қалыптасуындағы өзіндік ментальдық көрініс-
терді дала қоғамындағы билік жүргізу дәстүріндегі тарихи қалып-
тасқан объективті жағдайлармен себептестігі арқылы түсіндіруге
болатындығы жайлы пайымдайды [8].
Әр Ордада билікті қадағалап отыру үшін үш жүзден үш би
сайланды. ХVІІ ғасырдың аяғында қазақ жеріне патшалы Ресей
сыналай ене бастады. Осындай ел басына күн туған шақта халықтық
философия мәселесі, сана мен билік арақатынасы өмір қажеттілігі
ретінде бірінші орынға қойылды. Осы кеңістік пен уақыт аралығында
қазақ даласында атақты үш би – Төле, Әйтеке, Қазыбек билік құрды.
Олардың билік құру әдістерін талдап-тарқатсақ, сахарада әділетті,
ашық қоғамның өмір сүргендігін бағамдауға болады. Ру арасындағы
даулы мәселелерді шешерде ақылдастар алқасы жұмыс атқарып
отырған.
Әйтекеге дау келсе,
Қазыбекке жіберіп,
Үрмет айтып Қазыбек
Төле биге итеріп,
Оларсыз жұмыс қылмайды,
Үшеуінің басы бірікпей,
Ердің құны тұрмайды [9].
Үш жүздің арасында болатын даулы мәселелерді кеңесіп барып
үкімін шығарған. Өзара тең құқықты сыйлай отырып, жеке-дара
өкім шығармаған. Бұл өкім мен кесімдер тек қана жазалаушылық
міндет атқарып қана қойған жоқ, олар тәрбиелеуші қызметті қоса
атқарды. Олардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі тапқырлықтары
мен көрегендіктері даналыққа толы философиямен көмкеріліп
182
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
аңызға, мысалға айналды. Мәселені шешу тәсілінің өзі, ұрымтал
тұсты дөп басатын сан қырлы әдістерге толы болды. Бұл әдіснамалар
ақиқаттың мәңгілік заңын сақтауға қызмет еткен тетіктер болуымен
сипатталады. Бұл жерде биге шешендік өнер аздық етеді. Дәстүрлі
рулық қоғамның салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі мен тынысы
көкейінде сайрап тұруы қажет.
Сахара жұртшылығының қайшылықты әдет-ғұрыптары мен
салттары бойынша барымта деп жүргені, өзге мәдениеттерде
қылмыс болып саналады. Бізде ол ұрлыққы жатпайды. Көбінесе
қыздарын ықтиярсыз қалыңмал алып күйеуге бере салатын. Ал
дәстүрлі қазақ қоғамында ерлі-зайыптыларға айырылысуға мүлдем
тыйым салынған. Егер ер адам ғашық болып қалған күннің өзінде,
әйелін тастап кетуге құқы жоқ. Ол тек қана бірінші әйелін толық
қамқорлығына алып, жеке үй етіп барып, екінші әйел алуына болады.
Ал әйелі болса басқа біреуге кетуге, екінші күйеуге тиюге құқы жоқ.
Бірақ далалық тарихта мұндай оқиғалар жоқтың қасы болатын.
Билер өз заманының архаикалық осындай қаталдықтарды қолдады.
Бұл жерде олардың ата-бабаларының салып кеткен жолын құрмет
тұтатындығын көруге болады. Қазіргі кезең тұрғысынан алғанда
адам құқығы әділетсіз бұзылған болып есептеледі. Бірақ бидің бүл
жерде кінәсі жоқ. Ол сол кезеңдегі қоғамдық жүйелердің тәртібіне
байланысты болатын құбылыстар. Саналы ғұмырында Төле би билік
құрған шақтарын саралай, таразылай келе артқы халқына былай деп
өсиет қалдырған екен: «Ердің құны екі жүз байтал болсын дегенім,
дәл әділ билікке жатпайтын тәрізді. Олай дейтінім ер болғанда мынау
жақсы жігіт, мынау жаман жігіт деген жоқпыз.. Ер деп адамның
құнын жалпыға бірдей есеп қылып айттық. Оның ішінде неше
түрлі адам бар. Бір адам бар еліне пайдасы тиген, жақсылық істеп,
атағы шыққан, ... халық қадірлеген. Бұл да адам. Екінші адам бар,
туысы жаман.. Елді жаудан қорғап ажыратпақ түгілі, шөгіп жатқан
түйеге міне алмайды. Қаңғып, не далада мал ұрлап жүріп, адасып,
не шөлдеп өлеіп қалады. Мұның да құны екі жүз байтал. Сондықтан
мен ережемде осы екеуінің, жақсы мен жаманның бағасының бір-ақ
баға болып кеткеніне қапалымын. Меніңше бұл әділдік емес.
Екінші қыздың құны қырық қара дедік. Қыздың да қызы бар...
Үшініші аттың құны бір бесті дедік. Аттың да аты бар емес пе?...
Осы екі жылқының бір бағалану менің көңіліме сыймай бара жатыр ....
Сондықтан менің айтатыным, осы үш нәрсені қайта кесемін десеңдер,
рүхсат етемін. Басқа ережелерімді өзгертуге қарсымын..» [10]. Жақсы
мен жаманның, асыл мен арзанның парқын сақтап қалуды жөн
көріп, заманға лайықтап өзгертуді талап етеді. Төле бидің даналық
183
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
философиясын «Адам – Әлем» мәселесі тұрғысынан зерделесек,
оның мұсылманшылдығы анық байқалады. Руластарының арасында
Төле бидің «қарлығаш би» атануының өз себебі бар. Табиғатпен
етене жақындықта өмір сүрген көшпелілер дүниетүсінігінде
жан-жануарлар, аңдар мен құстар, жәндіктердің киесі бар деп
есептелген. Діни түсініктер арқылы этикалық ұғымдар зұлымдық
пен мейірімділік, жауыздық пен кешірімшілдіктің мәндері ашылып,
олардың арақатынастары диалектикасын бағамдағанын көреміз.
Қазақ даласында билер төреші болған жаугершілік замандарда
ұлтымыздың өресін жауларына мойындатқан кездері аз болмаған.
Қабанбай, Бөгембай сынды батырларымыз білек күші сыналған
жерде ержүректіліктің үлгісін көрсетсе, Төле би, Әйтеке би, Қазбек
билер мәмлегерлік институтының тетіктерін жетілдірді. Би-
шешендеріміз қазақ елінің далалық демократиялық ұстындарын
қадір тұтып оларды жетілдіріп қана қоймай, іс жүзінде сөз өнерінің
философиясын жасады. Билер шығармашылығының ерекшелігі
олардың ой еркіндігімен қоса оны жүзеге асыруда шексіз билігінің
болуымен сиапатталады.
«Ұрлық», «зорлық», «өтірікшілік» сияқты жаман қылықтар мен
«мейрімділік», «кешірімшілдік», «шыншылдық» секілді ізгіліктілік-
тің тірегі болған философиялық ұғым-түсініктердің диалектикасы
билер философиялық ойының орталық ұстындары болды. Болашақ
ұрпақ өмірмәнділік құндылықтарды мақсат етумен қатар, болашаққа
үміт-сенімдерімен аттады. Бұл жерде мәселе билік жүргізу өнерінің
әмбебаптылығында болып табылады. Билер институтының атқарған
үлкен ісі арам жолмен табылған мал мен олжаның, адал жолмен
келген мал-мүліктен айырмашылығын түсіндіріп, «обал – сауап»,
«адал – арам» аражігін ұрпақ зердесінде мәңгілік ұялата білуінде.
Билер институты жас-ұрпақ тәрбиелеуде қазіргі заманда бірнеше
сатыға бөлінетін мектеп, жоғарғы оқу орындарының міндетін
де атқарды. Жастардың жүректеріне имандылықты ұялата білу
шешендік өнермен қатар тәлімгерлік тәжірибенің де арқасында
мүмкін еді. Қоғам дамуының әр кезеңі адам болмысының дамуы
арқылы болады. Адам өзін өзі жетілдіре отырып қоғамды жетілдіреді.
Адамдар өздерінің іс-әрекеті арқылы қоғамның алға жылжуына
тікелей қатынасады. Сондықтан қазақ хандығы тұсындағы билер
атқарған ұлы істер адамды рухани жетілдіруге бағытталғандығымен
де құнды. Оларды қазіргі ақпараттық технологиялар заманында
барлық құралдар арқылы ұрпақ санасына жеткізу ләзім. Жаһандану
жағдайында ұлттық төлтума мәдениетін ұлықтап, салт-дәстүрлерін
әлі күнге шейін жастарының санасына сіңіріп отырған Жапон,
184
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қытай мемлекеттерінің орнықты дамуына қарасақ та жеткілікті.
Мемлекеттілігімізді нығайтуда ұлттық сана архетиптерін жаңғырту-
дың тигізер үлесін де ескерген жөн.
Әлеуметтік өмірдегі келеңсіз іс-әрекеттер қазіргі кезде біздің
қоғамымызда белең алып отырған жағдайлар. Бұл әсіресе жаһан-
данудың қарқын алуымен ушыға түсетін құбылыстар. Осыған орай
адамның рухани жетіліуінің тетіктерін іске қосу қажеттілігі туындап
отыр. Қазақ болмысы әрқашан әлмисақтан бері кісілікті, әділеттілік-
ті, ізгілікті басты бағдар еткен. Қазіргі экономикалық прагматизм
шексіз байлыққа ұмтылысты арттырып отырғаны бәрімізге аян.
Кезінде Әлихан Бөкейханов айтып кеткендей: «Би әділ болмай жұрт
оңбақ емес. Қайда ілгері басқан жұртқа қарасақ, биі әділ. Закон жұрт
болып, мемлекет болып жасаған жұрттың бәріне бірдей ноқта. Бұл
ноқта рәсімге сүйенсе, рәсімнен жұрт тартынбайды, закон жұртқа
жайлы саулап жүріп тұрады, жұрт қашан болса да рәсімге құл. Әділ
би құдайдан басқа адамнан қорықпаса болды. Әділ билік рәсімге
сүйенсе орнына келеді. Англия биін жұрт сыйлайды, атақты билер
оқу оқитын медресені бітірген, жасы толған, ғұмырында қылған
ісінде кірі жоқ кісіні би сайлауын ешкім бекітпейді һәм бұл би
ешкімнен мақтау, шен алмайды, сот тергемей орнынан түспейді.
Қызметіне алатын хақысы министрлер алатын хақыдан кем емес. Би
алдында патшаның соқа басынан басқа бар адам құрдас. Англияда
би болмақ зор дәреже, жұрт көзіне зор құрмет. Міне, Англия
билігіне қарасақ, бұлардың әділдігі жазып шығарған закон емес,
жұрт рәсімі арқылы болған. Қазақ орысқа қараған соң бәйге аттай,
жақсы жорғадай туысынан болатын шешен озған би жоғалды.
Кім орысқа жағымтал болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын
болды. Бұрынғы жүйірік шешен билерден келе жатқан әз, әділ билік
жорасы жаман қарапайым тұғыр би парасына аяқ асты болды. Пара
беріп ақты қара, қараны ақ қылатын күн туды» [8, 167–168 бб.] – деп
жазған еді. Алаш көшбасшысы қазақ арасында билік құру өнерінің
тамаша үлгісі болғандығын сөз еткенде, билер әділеттілігін мақсат
тұтты. Өйткені дәстүрлі билер билік құрған кезде қазақ ортасында
«пара беру» деген ұғым болмаған. Қазақты орыс судьясына қаратуды
да, шариғатқа қаратуды да жақтап қол қоймаймыз дегені, қазақта
өзінің қалыптасқан әдет-құқығы мен билер институтының үлгісі бар
екендігіне сүйенген еді. Үлгілі жұрттардың үздік, озық жақтарынан
үйренуге шақырды. Алдыңғы қатарлы дамыған ұлттардың ел билеу
өнері жайында талдаулар жүргізе келе, қазақта да өзіміздің дәстүрлі
билеріміз салған жолдың болғанын, соны орынды пайдалана білу
керектігін ескерткен болатын. Өзіміздің төл мұраларымызды
185
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
жаңғыртып, саралап, бүгінгі күннің кәдесіне жаратсақ одан ұтпасақ,
ұтылмаймыз. Ұлттың рухани мұраларын жаңғырта отырып асыл
мұраларды, жәдігерлерді, тарихи тәжірибелерді жинақтап қазіргі
кезеңнің игілігіне жұмсауға мол мүмкіндіктер бар. Билік құру қазақ
қоғамында жазалаушы ғана орган болған жоқ, ол тәрбиелеушілік
қызметін де қоса атқарды. Билік құру, төрелік айту, қазылық етудің
туы «әділдік», көздегені «ақиқатқа» жету. Әрбір қолына билік тиген
азамат үшін халық мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары қою қажет.
Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой да, әлеуметтік мәселелерді
шешеуде адамның адамгершілігін жетілдіруден бастап, тәрбиелеу
мен рухани кемелдікке мылтықтың қажеті жоқ деген болатын.
Халқымыздың рухани-мәдени жетістіктерін саралап қазіргі
кездегі қабылданып жатқан Заң жобаларын қабылдарда пайдалану
өзіміздің түп-тамырымыздан нәрленуге ықпал етер еді. Шоқан
Уәлихановта қазақ сахарасында реформаларды қабылдау кезінде
жергілікті жағдайларды ескеру керектігін баса көрсеткен болатын.
Дана билеріміздің салып кеткен жолынан үлгі алуды ұсынды. Ұлы
ағартушы-ғалым азаматтық заңдарымызды жасауда, би сайлауында
қалыптасқан дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуды армандап кеткен
еді. Қазақ хандығы тұсындағы билер институты тек ел ішіндегі
мәселелерді реттеп қоймай, сыртқы саяси қатынастарға да араласты.
Билердің мәмлегерлік міндетті де атқарғандығы тарихтан белгілі.
Көрші мемлекеттермен болған келіссөздер жүргізуде тамаша
табыстарға жеткен Қаз дауысты Қазбек би туралы аңыз әлі күнге
мәмлегерлік ойдың шыңы болып есептеледі. Сондықтан жеке
адам еркіндігінің әлеуметтік азаттық мәселесіне қарай сөзсіз
ойысатындығын бағамдай аламыз. Немесе, адамның ішкі еркіндігі
сыртқы әлеуметтік еркіндіксіз түк те емес екендігі түсінікті жайт.
Хандық кезеңде қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани
мәселелерінің негізін шешетін мемлекеттің тиісті органдары
құрылды. Соның бірі – ханның жанындағы кеңес. Хандық қоғамның
саяси құрылысын басқару принциптері сан ғасырлар бойы ата-
бабаларымыз салып кеткен айқын-ақиқат жолмен жүріп, хан кеңес-
шілері – сұлтандар, билер, данагөй қариялар, батырлар жиналған
алқалы жиындарда іске асырылып отырған. Бұдан Қазақ хандығында
демократиялық үрдістердің басымдық танытқанын бағамдауға
болады. Заманауи Парламентке пара-пар келсе, асып түсетін алқалы
кеңестің мүшелері жайында Үмбетей жырау былай деп толғайды:
Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан.
186
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қашпаған қандай ұрыстан –
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қу дауысты Құттыбай,
Қара керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгембай –
Абылай сенің тұсыңда,
Сол бесеуі болыпты-ай.
Кейі батыр, кейі би,
Тәңірім берген сондай си [8, 29, 77–78 бб.].
Қабанбай, Бөгембай, Жәнібек сынды батыр бабаларымыз жау-
ды білек күші мен ер жүректілігімен тойтарса, Төле би, Әйткеке
би, Қазыбек билер мәмлегерлік өнердің майталмандары мемлекет-
аралық мәселелерді жанжалсыз бейбіт жолмен реттеп отырған.
Жаугершілік кезеңде қазақтың қоғамдық-саяси ойында
бірнеше ағымдар қатар өмір сүрді. Жоңғар шапқыншылығынан
әбден әлсіреген, одан қалса Шығыстан бір дұшпан, іргеден
екіншісі анталап тұрғанда үш жүзге бөлініп келген осы жұрттың
алдында қай жолды таңдаса, қай пікірді қолдаса, кімнің соңынан
ерсе тығырықтан шығамыз деген мәселе тұрды. Ең бастысы елдің
тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтап қалу қажеттілігі туындады.
Әбілхайыр хан кіші жүздің ру басыларымен ақылдаса келе Ресеймен
бірігіп, әскери Одақ құрып, қалмақтардан қорғану жөн деп байлам
жасайды. Төле би бастаған Ұлы жүз, Қазыбек би бастаған Орта жүз
ақсақалдары да Ресеймен Одақ болуды қалайды. Хандық кезеңнің
әлеуметтік-философиялық ой қазыналары бір-бірімен осылайша
толықтырылып біртұтастанған идеяға айналды. Қазақ ұлтының
бостандығы мен еркіндігін қамтамасыз етуде Қазақ хандығы тәуелсіз
мемлекеттіліктің үлгісі бола алды.
Билер шығармашылығы мен ақын-жыраулар шығармашылы-
ғының айырмашылығына тоқталар болсақ, жыраулар мен ақындар
күнделікті өмірдегі адамдардың іс-тәжірибесін қорытындылай
отырып, даналықты қолданып шығармашылығын жасайды. Ал
билер шығармашылығының өзіне ғана тән ерекшелігі табан астында,
дәл сол мәселені шешу үстінде қауым алдында кезек күтіп тұрған
түйінді шешіп төрелік етуі арқылы туындап отырады. Далалық
демократиялық ой билер институты арқылы жүзеге асырылып,
билер шығармашылығында жариялылық, сөз бостандығы сияқты
құндылықтар көрініс тапты. Қазақ билерінің үкімдері мен кесімдеріне
ханның да жарлығы жүрмеген. «Билер кеңесі», «ақсақалдар мәжілісі»
187
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
мемлекетте заң шығарушы органның қызметін атқарды. Хандық
биліктің тұрақты әскері мен тармақты жүйеленген күштеу құрылымы
болмаған. Сондықтан сахарадағы демократиялық үрдістер билер
институтына берілген еркіндік арқылы айшықталады. Еркіндік
философиясындағы «би» құбылысын тарихи-әлеуметтік тұрғыдан
сараптайтын болсақ:
- бидің қызметі мен еркіндік ұғымының мазмұны құқықтық
деңгейде өзара тоғысып, би адам еркіндігі мен еріктілігінің және
жауапкершілігінің «ресмиленген» реттеушісі;
- «би» адам еркіндігі мен құқықтарын сақтаушы болумен қатар
заманға лайықтап жаңа мүмкіндіктерін ашып беруші;
- бидің қызметі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар
деңгейіндегі: жауапкершілік пен еркіндік, еріктілік пен тәуелсіздік,
бостандық пен азаттық т. б. категориялардың шеңберінде ғана
қызмет етеді немесе осылармен шартталған;
- бидің өзі әлеуметтік жауапкершілік пен еркіндіктің нақты
қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-саяси нақты барынша толыққанды
өкілі, өнегесі мен жарқын үлгісі.
Би-шешендеріміз қазақ елінің далалық демократиялық ұстын-
дарын қадір тұтып оларды жетілдіріп қана қоймай, іс жүзінде
сөз өнерінің философиясын жасады. Билер институты адамды
тәрбиелеуде қазіргі заманда бірнеше сатыға бөлінетін балабақша,
мектеп, жоғарғы оқу орындарының міндетін атқарды. Билер
шығармашылығының ерекшелігі олардың ой еркіндігімен қоса оны
жүзеге асыруда шексіз билігінің болуымен сиапатталады.
Кезінде Әлихан Бөкейханов айтып кеткендей: «Би әділ болмай
жұрт оңбақ емес. Қайда ілгері басқан жұртқа қарасақ, биі әділ. Закон
жұрт болып, мемлекет болып жасаған жұрттың бәріне бірдей ноқта.
Бұл ноқта рәсімге сүйенсе, рәсімнен жұрт тартынбайды, закон жұртқа
жайлы саулап жүріп тұрады, жұрт қашан болса да рәсімге құл. Әділ
би құдайдан басқа адамнан қорықпаса болды. Әділ билік рәсімге
сүйенсе орнына келеді. Англия биін жұрт сыйлайды, атақты билер
оқу оқитын медресені бітірген, жасы толған, ғұмырында қылған ісінде
кірі жоқ кісіні би сайлауын ешкім бекітпейді һәм бұл би ешкімнен
мақтау, шен алмайды, сот тергемей орнынан түспейді. Қызметіне
алатын хақысы министрлер алатын хақыдан кем емес. Би алдында
патшаның соқа басынан басқа бар адам құрдас. Англияда би болмақ
зор дәреже, жұрт көзіне зор құрмет. Міне, Англия билігіне қарасақ,
бұлардың әділдігі жазып шығарған закон емес, жұрт рәсімі арқылы
болған. Қазақ орысқа қараған соң бәйге аттай, жақсы жорғадай
туысынан болатын шешен озған би жоғалды. Кім орысқа жағымтал
188
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болды. Бұрынғы
жүйірік шешен билерден келе жатқан әз, әділ билік жорасы жаман
қарапайым тұғыр би парасына аяқ асты болды. Пара беріп ақты қара,
қараны ақ қылатын күн туды» [11, 167–168 бб.] – деп қынжыла жазған
еді. Алаш көшбасшысы қазақ арасында билік құру өнерінің тамаша
үлгісі болғандығын сөз еткенде, билер әділеттілігін мақсат тұтты.
Өйткені дәстүрлі билер билік құрған кезде қазақ ортасында «пара
беру» деген ұғым болмаған. Қазақты орыс судьясына қаратуды да,
шариғатқа қаратуды да жақтап қол қоймаймыз дегені, қазақта өзінің
әдет-құқығы мен билер институтының үлгісі қалыптасқандығына
сүйенген еді. Үлгілі жұрттардың үздік, озық жақтарынан үйренуге
шақырды. Алдыңғы қатарлы дамыған ұлттардың ел билеу өнері
жайында сараптамалар жүргізе келе, қазақта да өзіміздің дәстүрлі
билеріміз салған жолдың болғанын, соны орынды пайдалана білу
керектігін ескерткен болатын. Өзіміздің төл мұраларымызды
жаңғыртып, саралап, бүгінгі күннің кәдесіне жаратсақ одан ұтпасақ,
ұтылмаймыз. Қазіргі Қазақстан жағдайында халқымыздың рухани
мұраларын жаңғырта отырып асыл мұраларды, жәдігерлерді,
тарихи тәжірибелерді жинақтап қазіргі кезеңнің игілігіне жұмсауға
мол мүмкіндіктер бар. Әрбір қолына билік тиген азамат үшін халық
мүддесін жеке бастың мүддесінен жоғары қою қажет. Орыстың
ұлы жазушысы Лев Толстой да, әлеуметтік мәселелерді шешеуде
адамның адамгершілігін жетілдіруден бастап, тәрбиелеу мен рухани
кемелдікке мылтықтың қажеті жоқ деген болатын.
Халқымыздың билік құру өнерінің жетістіктерін зерделей
отырып, мемлекеттілігімізді жаңғыртуда өзіміздің түп-тамырымызға
үңілу қажеттілігін байқаймыз. Шоқан Уәлихановта қазақ сахарасында
реформаларды қабылдау кезінде жергілікті жағдайларды ескеру
керектігін баса көрсеткен болатын. Ұлы ағартушы-ғалым азаматтық
заңдарымызды жасауда, би сайлауында қалыптасқан дәстүрлерімізді
қайта жаңғыртуды армандап кеткен еді. Қазақ хандығы тұсындағы
билер институты тек ел ішіндегі мәселелерді реттеп қоймай, сыртқы
саяси қатынастарға да араласты. Билердің мәмлегерлік міндетті де
атқарғандығы тарихтан белгілі. Көрші мемлекеттермен болған келіс-
сөздер жүргізуде тамаша табыстарға жеткен Қаз дауысты Қазбек би
туралы аңыз әлі күнге мәмлегерлік ойдың шыңы болып есептеледі.
Жеке адам еркіндігінің әлеуметтік азаттық мәселесіне қарай сөзсіз
ойысатындығын бағамдаймыз. Немесе, адамның ішкі еркіндігі
сыртқы әлеуметтік еркіндіксіз түк те емес екендігі түсінікті жайт.
Мәселені шешу тәсілінің өзі, ұрымтал тұсты дөп басатын сан
қырлы әдістерге толы болды. Бұл әдіснамалар ақиқаттың мәңгілік
189
Достарыңызбен бөлісу: |