ҚР ҚН 3.02-07-2014* 28
5.6.18 Қателеспей бағдар алу үшін кӛрнекі ақпарат қарама-қарсы аяда және жақсы
кӛрінетін биіктікте, қашықтықтан анық кӛрінетін ӛлшемдегі белгілермен орналасуы
қажет.
Ішкі кӛрінісінің кӛркемдік шешіміне ерекше талаптар қойылатын үй-жайларда,
кӛркем объектілердің (кӛркем мұражайлар, кӛрмелер және т. б.) экспозициялық
залдарында басқа ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, кӛрнекі ақпаратты
пайдалануды шектеуге жол беріледі.
5.6.19 Кӛздері кӛрмейтін адамдар үшін байланыс орнататын ескертулер қызметін
атқаратын ерекшеленген жабындар ғимараттың немесе тұрғын аудандағы ғимараттар
кешенінің шегінде бірдей болуы тиіс.
Лифті, басқа механизмдер мен аспаптарды басқару тетіктері бедерленген болуы тиіс.
Сүйеніштерде қабаттардың бедерленген белгілеулері болу керек.
5.7 Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік 5.7.1 Ғимаратқа келушілер мен ондағы жұмысшылар ғимараттың ішінде және
қасында жүргенде, ғимаратқа кіргенде және шыққанда, сондай-ақ ондағы қозғалмалы
элементтер мен инженерлік жабдықтарды пайдаланған уақытта жарақат алу қаупінің
алдын алатындай жобалануы, салынуы және жабдықталуы тиіс.
5.7.2 Баспалдақ марштары мен пандустардың кӛлбеуі мен ені, басқыштардың
биіктігі, ӛте жерлерінің ені, баспалдақ алаңқайларының ені, баспалдақтармен,
жертӛлемен, техникалық қабатпен, пайдаланылатын шатырдағы ӛткелдер биіктігі, еден
кӛлбеуінің ӛзгеруі, сондай-ақ есік саңылауларының ӛлшемдері адамдардың қозғалыс
қауіпсіздігін және жабдықтар мен жиһаздың ыңғайлы жылжытылуын қамтамасыз ету
қажет.
Марштағы басқыштардың тереңдігі мен баспалдақтардың биіктігі әртүрлі
баспалдақтарды қолдануға болмайды.
5.7.3 Ғимараттар мен құрылыстар лифтілермен, эскалаторлармен, жолаушылар
конвейерлерімен, мүгедектер кӛтеретін платформалармен және осы объектілердің қызмет
ету технологиясын ескере отырып, тігінен тасымалдайтын басқа да құралдармен
жабдықталады.
*5.7.4 Ғимараттарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 191 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес террористік қауіп-қатердің әсерінен
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жӛнінде шаралар кӛзделуі тиіс, сондай-ақ заңға қарсы
әрекеттер пайда болған жағдайда келтірілуі мүмкін залалдың азайтылуына септігін
тигізетін криминалдық кӛріністер мен олардың салдарының тәуекелін азайтуға
бағытталған іс-шаралар қарастырылуы керек (Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 15.11.2018 ж. №235-НҚ бұйрық).
5.7.5 Арнайы үй-жайларда сақталатын құндылықтар мен ақпаратқа қол
сұғушылықтан қорғау мақсатында және жобалау тапсырмасында белгіленетін басқа да
мақсатта осы үй-жайлардың күшейтілген қоршау конструкциялары, сондай-ақ арнайы
есіктер мен саңылаулар қарастырылуы қажет.
5.7.6 Қажет болған жағдайда, құжаттамаға пайдалану жӛніндегі нұсқаулық кіреді.
Мұндай нұсқаулықта пайдалану барысында ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін