ҚР ҚН 3.02-07-2014*
26
5.5.4.4 Ғимараттың
тұрғын объектілеріне кіріктірме (кіріктірме-жапсарлас)
қоғамдық тамақтану, сауда, тұрмыстық қызмет кӛрсету үй-жайларына газ жабдығын
орнатуға жол берілмейді.
5.6 Мҥмкіндігі шектеулі келушілер ҥшін қолжетімділік талаптары
5.6.1 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды жобалаған кезде ҚР ҚН 3.06-01
талаптарын
ескере отырып, халықтың барлық санаттарының, оның ішінде мүмкіндігі
шектеулі топтардың қызметтерді пайдалануына бірдей мүмкіншіліктер жасау қажет.
Мүгедектер мен қарттарға арналған арнаулы мекемелер ғимараттарын
ҚР ҚН 3.02-05 талаптарына сәйкес жобалау керек.
5.6.2 Тарихи, кӛркем немесе сәулет құндылығы бар ғимараттардың бейімдеу
қажеттілігі мен дәрежесі (формалары) тиісті деңгейдегі
ескерткіштерді қорғау
органдарымен келісіледі.
5.6.3 Мүмкіндігі шектеулі келушілер үшін қолжетімді қоғамдық ғимараттардың
жобалық шешімдерінің сапасына мынадай міндетті талаптар орындалған жағдайда қол
жеткізілуі керек:
- қызмет кӛрсету орындарының қолжетімді болуы, келушілердің кедергісіз жүріп-
тұруы
қамтамасыз етілуі;
- келушілердің қозғалу жолдарының, қызмет кӛрсету және демалу орындарының
қауіпсіздігі;
- келушілердің толыққанды және сапалы ақпаратты уақытылы алуының қамтамасыз
етілуі;
- келушілердің жүретін және қызмет кӛрсететін ортасының жайлы болуы.
Жобалау шешімдері, мүмкіндігі шектеулі келушілерге
арналған жобаланатын
құрылғылар мен іс-шаралар ғимараттардың пайдалану тиімділігін, сондай-ақ
келушілердің
ӛзге
санаттарының
қызметтерді
пайдаланудағы
ыңғайлылықты
тӛмендетпеуі керек.
5.6.4 Жобаларда қала құрылысының талаптарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі
келушілер үшін мекеменің немесе кәсіпорынның учаскесімен
ешбір кедергісіз және
ыңғайлы жүріп-тұруы қарастырылуы қажет.
5.6.5 Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі келушілерге лайықталған, жердің үстіңгі
қабатынан, сонымен қатар осы ғимаратпен біріктірілген және мүмкіндігі шектеулі
келушілерге қол жетімді жер асты немесе жер үсті ӛткелінен кіретін жер болуы керек.
Кіретін жерде бақылау болған жағдайда, әртүрлі топтағы мүгедектердің ӛтуіне
бейімделген қажетті кӛлемде бақылау құрылғыларын қарастыру қажет.
5.6.6 Мүмкіндігі шектеулі келушілер баратын үй-жайларды, қызмет кӛрсету
аймақтары мен орындарын жердің бетіне жақын деңгейде орналастыру қажет. Ӛзге
жағдайларда баспалдақтар, пандустар, лифтілер және мүмкіндігі шектеулі келушілер үшін
басқа да керек-жарақтар қарастырылуы керек.
5.6.7 Қозғалыс жолдарындағы ұзын кӛлбеулердің бәрі пандустар үшін
жол берілген
параметрлерден аспауы керек.
5.6.8 Ғимараттарда лифтілер болмаған және пандустарды орнату мүмкін болмаған
жағдайда, кресло-арбалардағы келушілердің жеке пайдаланылуына лайықталған арнайы