168
Тағылым тамшылары
аты бала емес пе? Оны баласындай көретін қарт ағаш
бұтақтарын алақанымен жай ғана сипап тұрып:
– Қане, балам, – дейтін, – бүгінгі несібемді түсіре
ғой?
Айтқанындай, көп пәлсінбестен бір алма түсуші
еді. Бұл көрініс дәл
осы қалпында бірнеше жылдан
бері қайталанып келе жатқан-ды. Тіпті қарт сұрағанда,
алманың түспей қалған бір де бір күні болған емес.
Ауыл адамдары болса, таңғажайып бұл құбылысты
сырттай бірнеше мәрте байқап,
қойшы қартты
«әулиеге» жорысып қойғалы қашан.
Қарт кісі ағаш көлеңкесінде аздап тынығып, на-
мазын оқығаннан кейін әдеттегідей сол күнгі алмасын
сұрады. Алайда,
бір таңғаларлығы, ағаш бұтақтары
жеміске толып тұрса да, қарт қолына ештеңе түспеді.
Қарт өз қалауын қанша қайталағанымен бәрібір ештеңе
бола қоймады. Күткені орындалмай, кірпігі мен сақалы
тарам-тарам жасқа шыланған қарт үнсіз ғана алыстап
қойларына кетіп бара жатты.
Жеміс бергелі баласы қарт көңілін еш қалдырып
көрген емес еді. Мәпелеп
өсірген баласына дәл осы
жолы қатты ренжіді. Көңлі құлазыған қарттың бойы
тіпті шөкімдей боп, белі де бұрыңғыдан бетер бүкшие
түскендей.
Малдарын қайырып, ауылға бет алғанда мешіттен
әуелеп шыққан азанға құлақ түрді. Азан өте бір ерек-
ше, әуезді үнмен оқылып жатқандай. Тіпті астарынан
қуаныш та сезілетін секілді. Бірден іркіліп, бойын жи-
нап ала қойды. Қарт байғұс өмірге қайта келгендей күй
кешті. Өйткені есіне бір нәрсе түскен еді.
169
Таңдамалы әңгімелер
Бұл жолы көзіне қуаныштан жас алып, балаша мәз
болған қарт әлгіндегі алма ағашына жеткенше асықты.
Келе сала оны айналып-толғанып, кең құшағын төсей
құшақтаған қарт: – Күнім, әшейін, – деді иегі кемсеңдеп
жылаған күйі, – айналайын, балам, жарығым! Ұмытшақ
мен байғұсты ренжітпей тұрып-ақ білдірсең болмас па
еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы күні екен ғой?!..
Достарыңызбен бөлісу: