• ақыл әлеуеті,
немесе парасаттылығы, оқуға деген танымдық мұмкіндіктері мен
қабілеттердің біртұтастық жеке сипаттамасы;
• қабілеттердің, табиғи көрсеткіштердің жиынтығы, қабілет табиғи себептерінің айқындалу
және өзіндікі
деңгейінің сипаттамасы;
• таланттық; қызметіндегі ұлы жетістіктер үшін қажетті ішкі шарттардың бірі.
Дарындылық терминінің көпмағыналылығы адам қабілеттері саласы мәселесінің көпаспектілігіне
сілтейді. Дарындылық қабілеттер саласының жалпы сипаттамасындай, кешенді
зерттеуді талап
етеді: психофизиологиялық, дифференциалды-психологиялық және әлеуметтік-психологиялық
педагогикалық.
Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялық құбылыс – талант. Талант
арнайы қабілеттердің жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер сияқты талант
та іс-әрекетте
көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен,
қайталанбас мәнерімен
ажыралады.
Таланттылық пен дарындылықты шатастыруға болмайды. Талант-туылғанда беріледі,ал
дарындылық - еңбекпен, қажымас қайратпен келетін қасиет.