1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет11/94
Дата05.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#90701
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
Салыстырма тарихи зерттеу әдісінде – қоғамдық эканомикалық 
формациялардың ӛзгеруімен бірге адамның салт-санасы да ӛзгеріп, дамып 
отырады. Сондықтан психикалық әрекеттерін зерттегенде, бұлар тек бүгінгі 
күннің ғана жемісі емес екендігін, адам баласының ғасырлар бойы дамып 
отыруының нәтижесі екендігін ескеріп, зерттеу жұмысында зерттеудің тарихи 
жағын кӛздеу керек болады. Психологияда басқа ғылымдардағыдай тарихи 
әдісті мейлінше қолданып адамның барлық әрекеттерінің ақыл-ойының 
санасының бірқалыпта тұрмайтынын, қоғамның ӛзгеріп дамуымен бірге, ол 
қоғамда ӛмір сүруші қоғам мүшелері – адамдардың сана – сезімдерінің ӛсіп, 
дамып, ӛзгеріп отыратынын ескеріп, адам жалпы адамзатты зерттемей, белгілі 
қоғамда ӛмір сүрген я нақты құрамының мүшесінің психикалық әрекеттерін 
зерттеу керек – бұл тарихи психологияның міндеті. 


Салыстырмалы потологиялық зерттеу әдісімен зерттегенде, ақыл-ой 
әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау 
адамның психика дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы 
айырмашылықтарымен ӛзгешеліктерді қарастырады. Мысалы, сӛйлеуге зақым 
келуін (афазия) қимыл әрекеттеріне зақым келуін (апракция), естің алжып, 
бәсеңдеп бұзылуын (амнезия) т.б. қалыптағы психикалық әрекеттермен 
салыстыра талдаудың ғылыми мәні зор. Физиология мен психопотологияда, 
медецинада бұл әдіс ӛте кең қолданылады. Онда хайуанаттар миының түрлі 
жүйесіларын бұзып, оның нәтижесінен пайда болатын психикалық әрекеттің 
зақымдану ӛзгешеліктерін зерттеу үлкен орын алады.
Психологиялық тестілер. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, 
бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының 
дамып, қалыптасуы жӛнінен мағлұмат алуға кӛмектеседі. Мұндай 
салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест 
арқылы, бала ӛз жасы.а қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында ӛз 
кезеңінен ауытқушылық (жоғары, тӛмен) бар ма деген сауалдарға жауап 
алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болатындай етіп іріктеу қажет.
Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан караудың маңызы зор, 
ӛйтпеген жағдайда, оның қорытындылары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап 
кӛрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ 
психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін талдап білуде
кӛмек кӛрсете алады. Тест деген ағылшын сӛзі "сынақ" деген мағынаны 
білдіреді. Бұл ұғымды американдық ғалым Дж.Кэттел ӛткен ғасырдың аяғында 
енгізді. А.Бине мен Т.Симонмен бірге балалардың ақыл ойының дамуын 
анықтау үшін ӛз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға 
ие болып кең тарала бастады. Тест дегеніміз - күрделі техникалық құралдарды 
қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ.
Осындай қосалқы әдістердің қатарына биографиялық әдіс адамның іс-
әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, 
мазмұндама, диктант, сын жұмыстарымен түрлі формадағы шығармашылық
жұмыстарды талдау), ӛмірбаян (яғни зерттелүшінің туған күнінен бастап 
есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның ӛмірбаяны, естелік, 
мінездемелерін талдау жатады. 
Коррекциялық әдістер. Қазіргі кезеңдегі психология әр түрлі жолдар
арқылы адамның практикалық әрекетіне ықпал етеді. Психологиялық кӛмек, 
обьективтілік бар жағдайда ғана емеc, сондай-ақ субъективтілік сәтсіздіктерді 
уайымдау жағдайларыида да кӛбірек кӛрсетіледі және тиімді болады.
Мұндай жағдайларда, психологиялық кӛмек қандай түрде жасалса да, ол 
жалпы сипатымен - ӛз бағытының жекелігімен ерекшеленеді және кӛмек 
сұраушының тұлғасына - оның сезіміне, уайымына, кӛзқарасына, әлем 
кӛрінісіне, айналасындағылармен қарым-қатынасының құрылымына терең 
үңілуіне негізделеді. Бұл үңілу, арнайы психодиагностикалық әдістерді қажет 
етеді. Алайда, психодиагностика ӛздігінен мағынасыз, оның мәліметтері 
баланың ӛміріне немесе дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін, психологқа 
тұтынушымен немесе баламен ары қарайғы жұмыс бағдарламасын анықтауға 


мүмкіндік беру үшін қажет. Осы жерде психолог жұмысының коррекциялық 
әдістері туралы айту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет