1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет9/94
Дата05.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#90701
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
Эксперимент әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық 
құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге 
асырылады. Экспериментті әдіс 
арқылы кейбір жеке психикалық 


функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.Эксперименттің ӛзі 
лабораториялық және табиғи болып бӛлінеді. Лабораториялық эксперимент 
XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін 
эксперимент кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт психикалық 
құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет 
лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет кӛру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу 
үшін экспериментті пайдаланды. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын 
зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастады. Арнаулы әдістер қолдану 
арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. 
ӛлшенілді. Орыс психологы Н.Ланге эксперимент әдісімен зейін мен 
қабылдауға зерттеу жүргізді. Француз психологы А.Бине алғаш рет ойлау 
процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардыи І-
ші дүниежүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында 
психология ғылымының карамағыңда ондаған лабораториялар болды. Осындай 
жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін орыс психологы 
Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар 
академиясына 
қарасты 
психологиялық 
институтының, 
(Мәскеу) 
лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу 
мекемесі болып 
отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология 
институттарында да осындай лабораториялар бар. 
Профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв 
қызметінің даму жолдарын, ал профессор А.Г.Иванов-Смоленский адамдардың 
бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген. 
Психикалық процестерді зерттеуде кӛптеген аспаптар қолданылады. 
Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшандығын ӛлшеу үшін - 
хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін - эстезиометр, зейіннің 
кӛлемін анықтау үшін - тахистоскоп, есітуді ӛлшеу үшін - аудиометр, денедегі 
бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін - эргографты пайдаланады.
Эксперимент 
әдісі 

себеп-салдар 
байланыстарын 
қарастыру 
мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада: 

зерттеуші зерттелетін құбылысты ӛзі тудырады және оған 
белсенді ықпал етеді; 
- эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын ӛзгерте алады; 
- эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығаруға мүмкіндік болады; 
- эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды 
заңдылықтарды орнатады. 
Байқау әдісі сияқты эксперименттік әдістің де дұрыс жағдайлары мен 
бірге бірнеше кемшіліктері де бар. Бұл әдістің жасанды жағдайда жүргізіліп,
яғни зерттелетін адамдар, арнайы ұйымдастырылған лабораториялық 
қабинеттер де зерттелетіндіктен, ол адам ӛзін табиғи жағдайда ұстамайды. 
Жаңа жағдайдың әсерінен зерттелуші адам біраз қысылып, оның психикалық 
әрекеттерінде кейбір ӛзгешеліктер пайда болады.
Ресейдің белгілі психологы А.Ф.Лазурский эксперименттік әдістің 
кемшіліктерін жою мақсатымен оған бірнеше қосымшалар енгізіп, оны табиғи 
эксперимент әдісі деп атаған. А.Ф. Лазурский байқау әдісімен экспериментік 


әдістің дұрыс қолайлы жақтарын бір біріне қосып толықтырған. Бұл әдіс әдейі 
ұйымдастырылған лабораторияда, қабинеттерде жүргізілмей, табиғи жағдайда 
жүргізіліп, адам күнделікте жүретін, тұратын, еңбек ететін жағдайында 
зерттелінеді. Мысалы, балалардың психикалық әрекеттерін зертейтін болсақ, ол 
балаларда 
күнделікті 
үйренген 
сыныбында 
немесе 
бірге 
оқитын 
жолдастарының арасында, ойнап жүрген уақытында, үй ішінде, балалар 
бақшасында зерттеуге болады. Бұл әдіс арқылы адамның жеке-жеке 
психикалық функцияларын ғана емес, адамның барлық әрекеттерін тұтасмен 
толығымен зерттеуге мүмкіндік бар. Зерттеу жүргізілерде, кейбір ӛзгешеліктер 
енгізіп, солар арқылы зерттеуді жүргізуге болады. Мысалы, мұғалім кейбір 
балалардың суреттерді байқауын сабақ үстінде зерттейтін болса, ерте бастан 
балаларға кӛрсету үшін арнап, бірнеше суреттер даярлап, күндегі сабағын қалай 
жүргізсе балаларға зерттеу жүргізетін күні де сабағын бұрынғы күйінде 
жүргізеді 
Жоғарыда айтылған әдістер сияқты табиғи эксперименттік әдістің де 
бірнеше кемшіліктері де бар: бұл әдіс кӛп қолданылмаған, кӛп зерттелінбеген,
теориялық негіздері түгел ашылмаған және бұл әдіс арқылы психологиялық 
функцияларды эксперимент әдісіндегідей жекелеп, даралап толық түрде 
зерттеуге мүмкіншілік жоқ. Дегенмен, бұл әдісті эксперименттік әдіспен 
салыстырғанда кӛп қолайлы жағдайлардың бар екенін кӛрсетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет