3.Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде
бақылау, эксперимент, әңгімелесу т.б. әдістерді пайдаланады. Мұны таңдау
әдісі деп атайды. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған америка психологы Дж.Морено
болды. Бұл обьективтік әдіс, бұны адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын
зерттеген кезде қолдануға болады. Әлеуметтік психологияда социометрия яғни
таңдау (шағын топтағы әлеуметтік қатынасты ӛлшеу) әдісін қолданылады. Бұл
әдіс арқылы адамдардың іскерлік жағын, қарым-қатынасын білуге болады.
Таңдау әдісін топ, ұжым мүшелері бірін-бірі жете білген жағдайда ғана
қолдануға болады. Бұны жүргізгенде сұрақтарға жауап беру ескеріледі.
Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп аталады. Критерий күшті және
осал болып екіге бӛлінеді. Күшті критерий терең де тұрақты қатынасты, ал
осалы - тұрақсыз және ат үсті қатынасты кӛрсетіп береді. Мысалы, «Бірге
қызмет істейтін адамдардың қайсысымен бір еңбек бригадасында болуды қалар
едіңіз?» деген критерийді күшті критерийге жатқызуға болады, Ал, «Қалаға
саяхатқа кімді шақырар едіңіз?» деген осал критерий болады, ӛйткені ол
ұзаққа созылмайтын, уақытша қатынасты қамтиды.
Сыналушыға негативті жауап (теріс таңдау) беруді қажет ететін сұрақ та
қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен емтиханға кіммен бірге дайындалғың
келмейді?», «Сен туған күніңе кімді шақырмас едің?» т.б. Топтағы, ұжымдағы
адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеулерде бір адамдар
басқаларға қарағанда кӛбірек белгілі, беделді болатынын кӛрсетеді. Біреулер
қарым-қатынас жасауға шын ниетімен кӛбірек тартылады, ал екіншілері
топтың ӛзге мүшелерімен сирек араласады.
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, сынып ұжымында тӛрт-бес оқушы ғана
басқалардан айрықша белгілі болады екен. «Басқаның жүрегіне жол таба
білетін адам» адам қашан да кӛпшілікке жақын, белгілі болатыны аян. Адам ӛз
орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, ӛзінің табиғи болмысымен,
қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады.
Екінші бір адам білімділігі, іскерлігі, ӛз білгенін аямай, олармен риясыз
бӛлісуге, кӛмектесуге әзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, сырт
бейнесі факторларын да ескермеуге болмайды. Мысалы, оқушы ӛзінің қара
күшке ие, мықты құрбысын құрметтейді.
Топта, ұжымда әркімнің ӛзгелерден гӛрі жиі кездесетін бір адамы болады,
кӛпшілігі ӛзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның ӛзгелерден
онымен мүдделес, әңгімелері жарасқан, ортақ істері бар, жолдастық, достық
қатынастағы адамдар да болады. Топта кейбір адамдар ешкіммен жеке ӛзара
қатынаста болмайды. Олар дұрыс қатынас орнату үшін ӛзіне серік таба
алмайды. Алайда мұндай адам топқа, ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол
да іске қызу араласып ӛзіне жүктелген міндетті жақсы атқарады. Мысалы,
оқушы ӛзімен бір үйде тұратын, бірақ басқа сыныпта немесе басқа мектепте
оқитын баламен достасады. Топта жұрт жек кӛретін, маңайына жуытқысы
келмейтін адамдар да кездеседі. Мұндай жағдайда ӛзгелер оған жоламай,
іргесін аулақ салуға тырысады. Психологтар топта кейбір жекелеген
оқушылардың ӛзгелермен араласпай оқшау жүруі, 1-ден оқшау қалған
оқушының сабаққа селқостығы, мұндай оқушылар сабақты нашар оқиды және
сабақ үлгерімін жақсарту үшін ешбір талаптанбайды. Мұндай балалар сынып
оқушыларының жетістіктері мен кемшіліктеріне ешқандай қуанбайды да
ренжімейді де. Сабақ үлгерімі оларды ойландырмайды. 2- ден кейбір
оқушылардың оқшау қалдырылуы олардың қатынас жасауға шорқақтығынан
болады. Ол оқушылармен ӛзі достасуды қаламайды, бойын сулақ салып жүреді.
Кейде оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады.
Кӛпшілікке қадірлі, ұжымда жетекшілік міндетті ӛзіне алатын адамдар
да болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас психологиясында «лидер» деп
атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста ӛзін еркін, сенімді ұстайды.
Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |