Адам жеке әрекеттерді орындау дағдысын меңгерсе,
іс-әрекет мінсіз
атқарылатын болады.
Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі. Іс-әрекетті игерудің
бастапкы кезеңінде бұл әрекеттер оның негізгі компоненттері болды. Мысалы,
оқуға үйрету кезіндегі сӛзді буынға бӛлу, буындарды косу арқылы оны
мағыналы сӛзге айналдыру оқудың негізгі мазмұны болып табылады. Оқуға
жаттығу үстінде оқушы жүгіртіп оқуға дағдыланады. Яғни ол бұдан былай
сӛзді буынға бӛлуді, буындарды қосуды мақсат етіп қоймайды. Ӛйткені оның
әрекеті енді жеңіл, жүгіртіп оқитын дағдыға айналды.
Қандай да болсын дағдының негізіндс шартты рефлекторлық
байланыстарды қалыптастыру және бекіту жатады. Әрекетті тұрақты қайталау
нәтижесінде нерв жолын соған икемдеу белгілі бір нерв жүйесінде қозу
процесін дәлме-дәл тұрақтандыруға жеткізеді.
Қалыптасқан нерв механизмдері әрекетті
орындау процесінде бірқатар
ӛзгерістер туғызады. Біріншіден, дағдының қалыптасуы нәтижесінде әрекетті
орындау мерзімі күрт қысқарады. Мысалы, жаңа үйреніп жүрген машинистка
тәжірибелі машинисткаға қарағанда материалды мүлде баяу басады. Әдетте
жазуды жаңа үйрене бастаған кезде адам минутына 2-3 сӛз жаза алады. Ал
жазуға дағдыланған соң, ол минутына жүз әріпке, дейін жаза алады. Екіншіден,
артық қимылдар жойылады, қимыл кезіндегі күш жұмсау іс-әрекет мақсатына
сәйкес келеді. Бірінші сынып оқушысы жазу жазған
кезде қаламды тым қатты
қысып ұстайды. Бұл жұмысты аатқару үшін ол бастапқы кезде едәуір дене және
бұлшық ет күшін жұмсайды. Ал жазу дағдысы қалыптасқан соң артық, қимыл
және күш жұмсау жойылады. Үшіншіден, жеке дербес қимылдар біртұтас
әрекетке тоғысады.
Балаға жазу үйреткенде мұғалім әріптің жеке бӛлшектерін жазу дағдысын
үйретеді. Ал жүгіртіп жазғанда, әріптерді қаламды сүйкей салып-ақ тізе береді.
Жақсы жаттыққан қимыл дағдысы нәтижесінде еңбек ӛнімділігі артады, жұмыс
сапасы жақсарады және адам тез шаршамайтын болады.
Жаттыққан қимыл дағдысы іс-әрекет құрылымын қайта кұруға мүмкіндік
береді. Әрекеттің орындалуын қадағалайтын сезу жүйелерінің арақатынасы
ӛзгереді. Дағдыны жаттықтырғанға дейін заттармен қимыл жасаудың дәлдігі
мен дұрыстығы кӛру және қимыл талдағыштарының біріккен қызметі арқылы
бақыланады. Бұл жағдайда кӛру жетекші роль атқарады. Ал қимыл дағдысы
бекіген кезде қимылды кӛру арқылы қадағалау қакеті азаяды.
Қимылдың
дәлдігін дербес бақылайтын кинестезиялық (қимылды сезу) механизмдер
қалыптасады. Маман пианист пьеса орындағанда клавиатураға қарамайды.
Тәжірибелі машинистка материалды «кӛзді жұмып отырып», яғни жазу
машинкасының клавиатурасына қарамай басады.
Дағдының ерекшелігі оның автоматтануы болып табылады. Қалыптасқан
дағды оны орындаған кезде сананың қадағалауын қажет етпейді. Әрине
бастапқы кезде сана қимылды бақылайды, бірақ дағды қалыптасқан сайыны
сананың бақылау қажеті азая береді. Жақсы жаттыққан дағды тұсында
қимылды санамен бақылау оны жүзеге асыруды қиындататыны байқалды.
Мысалы, адам ӛзінің жүрісінің
әрбір қадамын қадағалап, талдау жасауға
тырысса, жүрісінен жаңыла беретін болады.
Әрекетті дағдыға айналдыру сананы босатып, оны іс-әрекеттегі маңызды
мақсаттарды шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Дағдының творчестволық іс-
әрекет үшін маңызы аса зор болатыны осыдан. Қарапайым әрекеттер дағдысын
қалыптастырмайынша, творчестволық іс-әрекетке жағдай туғызу мүмкін емес.
Перспектива құру дағдысын игермеген суретші персонажды қалай бейнелеуді
емес, оны болашақта қалай орналастыруды ойлауға мәжбүр болады. Сӛйлемді
дұрыс құру дағдысын игермеген жазушы ӛз кейіпкерлерінің психологиялық
трактовкасын жасаудан гӛрі, сӛйлемнің грамматикалық құрылымын кӛбірек
ойлайды.
Сӛйтіп, қандай да іс-әрекетте болсын оны орындаудың дұрыс әдісін игеру
және жеке компонентін дағдыға айналдыру сол іс-әрекетті табысты атқарудың
бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Белгілі бір іс-әрекет жүйесінде
қалыптасқан дағдылардың сипаты меін дәрежелерінід арақатынасы адамның
психикалық ерекшеліктеріне тәуелді болады. Нерв жүйесі әр түрлі
адамдарда
танымдық, бағдарлаушылық және атқарушылық іс-әрекеттегі арақатынаста
түрліше болады. Бұл сол адамдардың бәрінің де еңбек тапсырмасын табысты
орындауға мүмкіндік береді. Нерв қызметінің типі бір адамдарға еңбек
процесінде қимылды неғұрлым дәл орындауға, ал ӛзгелеріне неғұрлым тез
орындауға мүмкіндік береді. Осылайша,
дағды адамның жеке басының
қасиетіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: