Шоғырлану обьектінің зейінді тартып алуынан кӛрінеді. Зейіннің
шоғырлануы оның аумағы мен бӛлінуімен тығыз байланысты. Зейін тартатын
нәрсе неғұрлым аз болса, зейін кӛбірек шоғырлануына мүмкіндік туады, ал
зейін түсетін нәрсе соғұрлым кӛп болса, зейін аз шоғырланып, жан –жаққа
шашырап кетеді.
Зейіннің тұрақтылығы деп - оның
объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан
айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң болушылық. Зейіннің бұл қасиеті
кӛптеген жағдайларға, нерв процестерінің күшіне, әрекеттік сипатына, іс-
әрекетке деген қатынасқа, қалыптасқан әдеттерге т. б. байланысты болады.
Зейіннің тұрақтылығы кӛп уақытқа дейін құбылып, ӛзгеріп отырумен
байланысты қасиет. Егер адамның зейіні тұрақты болмаса, ол бастаған
жұмысын аяқтап, түбіне жеткізе алмас еді. Кейбір зерттеулерге қарағанда 3 – 4
сыныптарда оқитын оқушылардың зейіні 30-40 минутке дейін тұрақты болады.
Алаң болушылық - зейіннің толқуынан кӛрінеді. Зейінде толқу болып
отырады. Бірақ зейіннің толқуы кӛп уақытқа созылмайды, ары кетсе 2-3
секундтқа қана созылады. Зейіннің әрлі-берлі сәл ауытқуы күрделі, қызықты
істі атқару кезіндегі зейін тұрақтылығына онша кедергі бола қоймайды.
Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды
әдейі ауыстыруды айтады. Зейін аударудың ауытқудан айырмашылығы, оның
саналы түрде болатындығында. Зейін аударғанда адам алдына басқа бір
нәрсемен шұғылдану немесе тынығу мақсатын қояды. Физиологиялық
тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті
кӛбінесе нерв процестерінің ӛзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір
жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл кӛшеді, зейін қойып жаңа
жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің кӛрінісі. Екінші
біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады.
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Зейінді күшті
тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын
оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен қызығуды жандандыру қажет.
Айналысқан істің нәтижелі орындалуы, зейіннің қасиеттерінің бір-бірімен
тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде ӛзара үйлесімді болуына
тәуелді болып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: