минуттарда оған су суық болып кӛрінеді. Суықты түйсінуден арылған соң, су
жылынғандай болып, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде
тез тӛселіп, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Сол
сияқты
кӛру
талдағышы
қараңғылыққа
және
жарыққа
адаптациялануды ажыратады. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде кӛз
қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан ӛтетін жарық мӛлшері де 17 есе
кӛбейеді деген сӛз. Қараңғыда кӛздің кӛргіштігіне торлы қабықтың шетіне
орналасқан таяқшалар күшті әсер етеді.
Адаптация иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде кӛрінеді. Мәселен,
камфараның исі 1-2 минуттан кейін сезілмейтін болса, ал қыша мен нашатр
спиртінің иісіне бейімделу тезірек болады. Ауырсыну түйсіктеріндегі
адаптация ӛте әлсіз, ауырсыну ағзаның қалыпты жұмысының ауытқуын, оның
биологиялық рӛлін кӛрсетеді. Адаптация - үнемі ӛзгеріп отыратын сыртқы
дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе алатындығын
байқатады.
Түйсіктердің өзара әсері (Сенсибилизация). Егер адаптация құбылысы
талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің кӛрсеткіші
болса, ал
сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын ғана кӛрсететін құбылыс.
Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады.
Әлсіз тітіркендіргіштер ӛзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің
сезгіштігін арттырады. Сыныпта температуралық режим, таза ауа, тәртіп
болуын қадағалай отырып, мұғалім осы шаралардың гигиеналық және
педагогикалық жағын ғана емес, сол шаралардың оқушылардың сезіштік
денгейіне қандай әсері болатынын да есінде сақтауы қажет.
Мысалы, кӛзге түскен жарық мӛлшері оның кӛру қабілетімен қатар, есту
түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс
адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына кӛмектеседі. Ұшқыштардың түнгі
ұшуға даярлану кезінде кӛздеріне 20-30 минут бойы қызыл кӛзілдірік
киетіндері осыған байланысты. Психологиялық зерттеулердің кӛпшілігінде
адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, беті-
қолын салқын сумен сүртінуі кӛру сезгіштігін арттыратындығы анықталған.
Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім
мүшесіне түскен әсер қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір-
бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ
түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (қышқыл нәрсе) кӛру
сезгіштігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың ӛзі тәтті
болып кӛрінеді. Осындай ӛзара байланыс кӛру, сипай сезу, қозғалыс
түйсіктерінде де кӛп байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: