1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


 Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама



Pdf көрінісі
бет81/94
Дата05.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#90701
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94
3. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама 
Холерик темпераменті. Бұл типтің ӛкілі аса қозғыштығымен, соған орай 
мінез-құлқының ұшқалақтығымен кӛзге түседі. Холерик қарым-қатыста - 
күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер 
жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен 
беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, 
кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалып, ӛз сенімі кетсе, 
еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Кӛтеріңкі кӛңілді, кӛзі оттай 
жайнап, сӛйлегенде жұртқа кезек бермейді. Бір сӛзбен айтқанда ұстамсыз, 
құйындай адам.
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің ӛкілін И.П.Павлов қызу 
қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе 
кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник кӛңілді, ақ-жарқын, 
іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Іска зауқы болмаса, жұмыстан тез 
суынып кетеді. тап болғанда суынып қалады. Сангвиникте эмоция тез пайда 
болып, тез ӛзгереді. Оның осал жері іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді. Ол 
онша кек сақтамайды, қазір береумен ерегесіп қалса, біраздан кейін ашуы тез 
тарап кетеді. Кӛңіл күйі тез ӛзгергіш, ойға жүйрік, ӛткір тілді, жаңаны тез 
қабылдағыш, зейінді келеді. 


Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық 
уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және тӛзімді, еңбекқор 
адам. Нерв процестерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай 
жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді. 
Флегматик - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі 
аяғына жеткізеді. Ол бӛспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір 
сарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оған 
ырғалып-жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Дегенмен, бұл 
қасиет мінездің тұрақтылығын кӛрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты 
аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық 
пен әрекет етуге тӛзімді болады. 
Меланхолик темпераменті - бұл типтің ӛкілдері аса сезімтал соның 
салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын 
жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. 
Ол қауіпті жағдайлардан қорқады. 
Қозу және тежелу процестерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең 
келмеуі (тежелуі басым болады), кез келген күшті әсер - меланхоликтің қимыл 
қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады, Меланхоликті әлсіз 
тітіркендіргіштер де мазалайды, сондықтан да ол ұсақ-түйектің бәріне де қатты 
мұңаяды немесе қатты қуанады. 
Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер ӛзін жақсы 
ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, 
кедергілерді жеңіп, табандылық кӛрсетеді. 
Темпераменттердің осы 4 түрінің біреуі жақсы, біреуі жаман деп айтуға 
болмайды. Ӛйткені, олардың әрқайсысының да ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. 
Егер сангвиниктің шнрақ болуы, кӛңілінде кек сақтамауы жағымды болса, 
кӛціл күйінің бір қалыпты болмауы ӛзгеріп, құбылып тұруы, бір бастаған 
жұмысын аяқтап, ақырына жеткізбеуі жағымсыз жағы болып табылады. 
Холериктің ӛте жігерлі болуы жағымды болса, кӛңіл-күйінің
ұйытқымалылығы, ұстамсыз-тұраксыздығы қолайсыз жағы болып табылады.
Флегматиктің сабырлы, салмақты болуы жағымды болса, қимыл-
қозғалыстарының баяулығы, шабан болып келуі жағымсыз жағы болады. Ал 
меланхолик адамның кӛңілінің тұракты болуы, қолына алған бір жұмысты 
аяғына дейін апаруы жағымды жағы болса, ӛте сылбыр болуы, кӛбінесе 
кӛпшіліктен бӛлек жүріп, ӛзімен-ӛзі болып, ӛзінен-ӛзі жүнжіп кетуі жағымсыз 
жағы болып табылады. Міне, осы себептен бұл темпераменттердің мынаусы 
жақсы, мынаусы жаман деп айтуға болмайды. 
Темпераменттің негізгі тӛрт типінің ӛкілдері бір қалыпты жағдайдың 
ӛзінде ӛздерін түрліше ұстайды екен. Бірде темпераменттері әр түрлі тӛрт дос 
театрға кешігіп барады. Мұндай жағдайда олардан қандай мінез байқалған? 
Холерик билет жыртушымен айтысып партердегі ӛз орнына барып 
отыруға әрекеттенеді. Ол театрдағы сағат ілгері кеткен, деп салғыласып, билет 
тексерушіні итермелей бастайды. 
Сангвиник партерге жібермейтініне кӛз жеткен соң жоғарғы қабатқа 
кӛтерілудің қиынға соқпайтынын сезіп, баспалдаққа қарап жүгіріп кетеді. 


Флегматик залға жібермейтінін кӛріп: "Алғашқы кӛрініс онша қызық 
болмады, буфетке бара тұрайын" деп антракт болуын күтеді. 
Меланхолик "Менің әркез жолым болмайды. Ӛмірімде бір рет театрға 
келген едім, ол да сәтсіз болды"-, дейді де үйіне кетіп қалады. 
Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан (жұмыс істеу 
қабілеттілігі, әлеуметтік қарым-қатынастағы тіл табыса алу мүмкіндігі), мінез-
құлықтың түрлі қалпынан үнемі ӛзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу 
жағдайынан кӛрініп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет