Лекция тақырыбы: Жоғары мектептегі педагогикалық үдерісті бақылау



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата07.05.2023
өлшемі336,11 Kb.
#90920
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DPLTQLETIHZK03052023221450

Тест түрлері: 
1. Толықтыруды қажет ететін тест: мәтінде,сызуда, формуланың жазылуында 
керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын қалдырылады. 
2. Еске алушы тест: тест сұрағына жауап қандай бір факті, заң мағынасы, ережелер 
түрінде беріледі. Мұнда нақты қойылған сұраққа біржақты жауап берілуі тексеріледі. 
3. Балама жауаптары бар тест: қандай да бір шешімнің дұрыс немесе бұрыс екенін 
табу ұсынылады. Жауап бергенде «+» немес «-» белгілері қойылады не «ия», «жоқ», 
«дұрыс», «дұрыс емес» сөздері жазылады. 
4. Таңдамалы тест: бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс беруі таңдалады, жауаптар 
саны үшеуден кем болмауы тиіс. 
5. Сәйкестік (салыстыру) тест: тапсырмалар екі бағандағы бір-бірімен мағынасы, 
мазмұны бойынша өзара байланысқан фактілерді, мәліметтерді табуға құрылған. 
6. Реттілік-бірізділікке негізделген тест: көлем, атау және т.б. көрсеткіштік 
сипаттағы мәліметтерді тек бір ғана тәртіппен, қандай да бір заңға, ережеге байланысты 
бірізділікпен орналастырылады. 
7. Құрама тест: құрылымы бойынша онда тестін әр түріндегі сұрақтары болуы 
мүмкін, бұл тестін тапсырмалары мәтін немесе кесте, формула, сызбалар жиыны түрінде 
берілуі мүмкін. Деңгейі бойынша бұл тест аса сыйымды әрі өзгермелі болады. 
Тест құруға қойылатын талаптар: 
1. Тапсырмалар жеңіл оқылуы тиіс. 
2. Бір тапсырманың жауабы басқа тапсырмалардың жауаптарына байланысты 
болмауы керек. 
3. Тапсырманың жауаптары басқа тапсырмалардың дұрыс жауабына ықпал 
жасамауы тиіс. 
4. Дұрыс жауаптардың біреуі ғана таңдалатын тестілерде тапсырмалардың дұрыс 
жауаптары біркелкі емес, кездейсоқ тәртіппен берілуі керек. 
5. Тапсырма мәтінінің құрылуында екі жақты «тұзақ» тәрізді мағына болмауы керек. 
6. Балама түрдегі тестілерде дұрыс жауапты білдіретін астыртын сөздер
болмау керек. 
7. Тапсырмаларды дұрыс түсіну үшін түйінді, тірек сөздерді қолдану керек. 
8. Тест сұрақтарына жауап қысқа, жинақы берілуі тиіс. 
9. Тест сұрақтары анық, қысқа құрылып, оған біржақты жауап берілуі тиіс. 
10. Тест курстың оқу бағдарламасы негізінде құрылуы және неғұрлым
маңызды тараулар мен тақырыптарды қамтуы тиіс. 
11. Тестке бірнеше сұрақтар немесе тапсырмалар енеді, олардың әрқайсысы дұрыс 
жауапқа - 1 балл, дұрыс емес жауапқа-0 балл жүйесімен бағалануы тиіс. Тестіде 
тапсырмалар неғұрлым көп болса, соғұрлым нәтиженің анықтығы (нақтылығы, 
нанымдылығы) жоғары болады. 
12. Тесті бағалауда кредиттік жүйедегі бағалау шкаласы пайдаланылады: 
◊ 90-100%дұрыс жауап –«өте жақсы»; 
◊ 75-89% дұрыс жауап –«жақсы»; 
◊ 50-74% дұрыс жауап –«қанағаттанарлық»;
◊ 0-49дұрыс жауап –«қанағаттанарлықсыз». 
Емтихан –оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы 
формасы. Емтихан (1944 жылдан бастап енгізілген) білімгерлердің білімін жинақтауға 
және бір жүйеге келтіруге, олардың оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жылы 
бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. 
Сынақ –қорытынды бақылаудың айрықша түрі , ол белгілі бір тарау немесе тақырып 
бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында оқытушы қолданған 
тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Сынақ (1959 жылдан енгізілген) оқу 


бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге 
келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
Сынақ жұмыстарын енгізудегі мақсат –бағдарламадағы теориялық білімдерді 
күшейту, бекіту және оқыту үдерісінде білімгерлердің жоғары белсенділіктерін, 
жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру. Сынақ жұмысы оқу бағдарламасының негізгі 
бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Оқытушы оның өткізу мерзімін
тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын білімгерлерге алдын ала хабарлайды. Оларға 
жеке-дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша 
сабақ өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет