3 Дәріс Тұрмыстық қалдықтардың құрамы және оның қоршаған ортаға әсері
Қауіпті қалдықтарды айнылысу. Қалдықтарды сыныптау
Қатты қалдықтардың классификациясы
Өндірісті қалдықтарды көмуге арналған полигондар
а. Жалпы мәліметтер
б. Полигонның жұмыс істеу
технологиясы
в. Өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру
г. Көмудің түрлері
Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады:
•
қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты);
•
өндіріс циклінің кезеңі;
•
қалдық түрі;
•
қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;
•
қолдану бағыты;
•
қолданыс эффектісі;
•
утильдеу технологиясының қаншалықты қарастырылып, зерттелгені.
Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы және ортақ қауіпсіздік
талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші
классқа – аса қауіпті, екінші классқа – жоғары қауіпті, үшінші классқа – орташа қауіпті, ал
төртінші классқа –қауіптілігі аз қалдықтар жатады.
Егер де қалдықтарда сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және
басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа жатқызылады.
Хлорлы никель, хлорлы медь болатын болса екінші классқа жатады.
Классификациялардың негізінде орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші
ретті пайдалануға асыру және ол қалдықтардың қоршаған
ортаға зиянды әсерін
болдырмауы қарастырылады. Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :
1 улы қалдықтар
2 улы емес қалдықтар
Улы қалдықтар өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:
•
құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар,
сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут,кобальт және
т.б.
қалдықтар;
•
құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа
жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;
•
гальваникалық өндіріс қалдықтары;
•
мұнайхимия және мұнайөңдеудегі қалдықтар;
•
хромқұрамды қалдықтар,шламдар,темір карбонильдері бар қалдықтар.
Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың
және көмудің тәсілдері
мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс,
сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын
болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.
Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар
өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат
етілмейді.
1. Қызмет процесінде қауіпті қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың
құралуының тоқтатылуына немесе қысқартылуына және (немесе) олардың қауіптілік
деңгейін
төмендетуге
бағытталған
іс-шараларды
жүзеге
асыруға
тиіс.
2. Процесінде қауіпті қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі,
қауіпті қалдықтармен жұмыс істеудің қоршаған ортаға
және адам денсаулығына
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде, шектеледі немесе оған тыйым
салынады.
3. Қауіпті қалдықтардың меншік иесі қауіптілік қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті
қалдықтардың бумасын таңбалауды қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай қалдықтарды басқа
тұлғаларға белгілі бір мерзімге берген кезде қалдықтардың меншік иесі оларды осы
қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы және олармен
жұмыс істеу кезінде сақтық
шаралары
туралы
жазбаша
нысанда
хабардар
етуге
міндетті.
4. Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз
қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз
қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау
процесінде
оларды
өзара
араластыруға
тыйым
салынады.
5. Қауіпті қалдықтарды арнайы жабдықталған жерлерге орналастыруға рұқсат
етіледі
және ол экологиялық рұқсаттарда көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпті
қалдықтарды орналастыру үшін бөлінген аумақтарда қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге
байланысты емес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
Қауіпті қалдықтар орналастырылған жер қалдықтың түрі, оның қауіптілік деңгейі және
көмілген күні көрсетіле отырып, жақсы көрінетін жерде айырым белгілерімен белгіленуге
жатады.
6. Қауіпті қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды, тасымалдауды және
орналастыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар төтенше және авариялық жағдайлар
кезінде
іс-қимылдар
жоспарларын
әзірлейді.
7.
Қауіпті
қалдықтардың
меншік
иелері
болып
табылатын
немесе
осындай қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды
тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі "Міндетті экологиялық сақтандыру
туралы"
Қазақстан
Республикасының
Заңына
сәйкес
міндетті
экологиялық
сақтандырылуға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: