9
1.3
Негіздер,
қышқылдар
дегеніміз
не?Аминқышқылдарынан
айырмашылығы неде?
Р.Бойль химияға
қышқылдар мен
негіздер жайлы түсінікті енгізген болатын.
Ол кездегі қышқылдар мен негіздердің анықтамасы олардың қасиетін тікелей
көруге, байқауға оны баяндай айтуға (түсі, түрі, бояуы, дәмі және т.б.)
негізделді. Сулы ерітіндідегі электролиттік диссоцация құбылысының
ашылуы келесі анықтаманы (Аррениус бойынша) қабылдау керектігіне
әкеледі.
- қышқылдар деп сулы ерітіндідегі диссоцация кезінде оң зарядталған
иондардан тек сутек ионын Н+ ғана түзетін қосылыстарды айтады (мысалы,
H2SO4, HBr, H3PO4 және т.б. )
- негіздер деп сулы ерітіндідегі диссоцация кезінде теріс зарядталған
иондардан тек гидроксид – ионын ОН- ғана түзетін қосылыстарды айтады
(мысалы, KOH, Ba (OH)2 Fe (OH)3 және т.б.)
Жалпы химия ғылымының дамуы заттардың сусыз ерітіндісінде өтетін
процестерді түсіндірудің қажеттілігін талап етті. Мысалы, сулы ерітіндіде
өзін тұз ретінде ұстайтын, аммоний хлориді сұйық аммиакта ерігенде
қышқыл қасиетін көрсетіп, өзінде металдарды ерітіп, онымен әрекеттесіп,
сутекті ығыстыра бөледі.
1923ж И. Бренстед қышқылдар мен негіздердің протондық теориясын ұсынды,
оған сәйкестік бойынша:
Достарыңызбен бөлісу: