Реферат тақырыбы: Адамзат қауымы қатты ауырған кезінде,дәрігерлік көмекке



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата10.05.2023
өлшемі224,61 Kb.
#91465
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
биохимия пдф

Гемоглобинің қызметі: Тыныс алу – гемоглобин өкпеден тіндерге оттегін 
және тіндерден өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайды. Гемоглобиннің 
көмірқышқыл газымен қосындысы карбогемоглобин, оттегімен қосындысы – 
оксигемоглобин, иісті газбен – карбоксигемолглобин деп аталады. 
Темір препараттары 
Темір препараттары – құрамында екі немесе үш валентті темір комплексті 
дәрілік заттар. Оның қолданатын мақсаты теміртапшылық анемияның 
профилактикасы мен емі. 
Организмде теміртапшылық процесс тек эритроциттегі гемоглобиндердің 
төмендеп қоюына ғана емес, балаларда тыныс алуға қатысатын активті 
ферменттердің пассивтенуіне соқтырады. 
Анемия — қан гемоглобинінің жалпы мөлшерінің азаюымен сипатталатын 
патологиялық жағдай. Гемоглобиннің (Нв) жалпы мөлшерінің азаюы көбіне 
эритроциттер санының азаюымен қосарланады.
Теміртапшылықты анемия (ТТА) — қан сарысуында, сүйек миында, 
деполарда темірдің жетіспеуінен дамитын анемия. 
Теміртапшылық белгілері:
Жалпы әлсіздік, соның ішінде бұлшықеттің, тез шаршағыштық, ұмытшақтық, 
еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі;
Инфекцияларға төзімділіктің төмендеуі
Терінің құрғауы мен асқазан сөлінің синтезі төмендеуі; 
Қол терісінің сарғаюы мен менструальді циклдің төмендеуі мен цикл 
уақытында көп қан жоғалту; 
Шаштың түсуі мен күндізгі ұйқышылдық ; 
Тырнақ пішінінің өзгеруі мен көз айналасының көгілдір түсі; 



1.3 
Негіздер, 
қышқылдар 
дегеніміз 
не?Аминқышқылдарынан 
айырмашылығы неде? 
Р.Бойль химияға қышқылдар мен негіздер жайлы түсінікті енгізген болатын. 
Ол кездегі қышқылдар мен негіздердің анықтамасы олардың қасиетін тікелей 
көруге, байқауға оны баяндай айтуға (түсі, түрі, бояуы, дәмі және т.б.) 
негізделді. Сулы ерітіндідегі электролиттік диссоцация құбылысының 
ашылуы келесі анықтаманы (Аррениус бойынша) қабылдау керектігіне 
әкеледі. 
- қышқылдар деп сулы ерітіндідегі диссоцация кезінде оң зарядталған 
иондардан тек сутек ионын Н+ ғана түзетін қосылыстарды айтады (мысалы, 
H2SO4, HBr, H3PO4 және т.б. ) 
- негіздер деп сулы ерітіндідегі диссоцация кезінде теріс зарядталған 
иондардан тек гидроксид – ионын ОН- ғана түзетін қосылыстарды айтады 
(мысалы, KOH, Ba (OH)2 Fe (OH)3 және т.б.) 
Жалпы химия ғылымының дамуы заттардың сусыз ерітіндісінде өтетін 
процестерді түсіндірудің қажеттілігін талап етті. Мысалы, сулы ерітіндіде 
өзін тұз ретінде ұстайтын, аммоний хлориді сұйық аммиакта ерігенде 
қышқыл қасиетін көрсетіп, өзінде металдарды ерітіп, онымен әрекеттесіп, 
сутекті ығыстыра бөледі.
1923ж И. Бренстед қышқылдар мен негіздердің протондық теориясын ұсынды, 
оған сәйкестік бойынша: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет