Су ерітінділерінен металды электролиз арқылы алу металлургиялық процестердің соңғы стадиясы болып табылады


Мыстың электролиттік рафинирлеу процесінің схемасы: 1− анод; 2 − катод; 3 –



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата13.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#92779
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәріс. 15

Мыстың электролиттік рафинирлеу процесінің схемасы: 1− анод; 2 − катод; 3 – 
электролит; 4 – шлам 
Диссоциация: CuSO4 →Cu
2+

SO4
2-
 
Анодта: 
Cu - 2e

 
→ Cu
2+
 
Катодта: 
Cu
2+

2e

 
→ Cu 


МЫСТЫ РАФИНИРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОЛИТ ҚҰРАМЫ 
 
Мысты рафинирлеуге қолданылатын электролит жоғары электр өткізгіштікке ие болуы керек және тығыз, 
таза мыс шөгінділерін алуды қамтамасыз етуі қажет. Катод маңындағы қабатты мыс иондарымен қамтамасыз ету 
үшін мыс концентрациясы жоғары болуы керек, оның төмендеуі, әсіресе тоқтың жоғары тығыздығында, қарқынды 
түрде дендриттердің түзілуіне әкеледі. 
Рафинирлеуді тек мыс сульфаты ерітіндісінің өзінде ғана іске асыруға болады, бірақ мұндай 
электролиттің электр кедергісі үлкен мәнге ие, ол электр энергиясының меншікті шығынын арттырады. Сондықтан 
электролитке электр өткізгіштігі жоғары күкірт қышқылын (H
2
S0
4
) қосады. Сонымен қатар ол мыс гидроксидінің 
немесе оның негіздік тұздарының коллоидты бөлшектер түзуіне кедергі келтіреді, ол бөлшектер тұнба түзіліп 
жатқан кезде тұнбада адсорбцияланады да, тұнбаны ластайды және разрядталу (мыстың катодта бөліну) 
механизмін өзгертеді. Сондай-ақ күкірт қышқылы жеңіл регенерацияланады, арзан әрі қолжетімді. 
Әртүрлі кәсіпорындарында 
Cu(II) ионының электролиттегі концентрациясы 
35-50 г/дм
3
, ал күкірт қышқылының − 120-200 г/дм
3
құрайды. Мұндай электролит жоғары электр өткізгіштікпен 
сипатталады және электр энергиясының меншікті шығынын тиімді қамтамасыз етеді, ал жоғары 
концентрацияларда электролит пен шламның тұтқырлығы артады, сонымен бірге анодтардың тұзбен пассивтенуі 
де мүмкін. 
Мысты рафинирлейтін электролитте үнемі анодтан келетін қоспалар болады. Электролиз процесіне және 
катодты тұнбаның сапасына әсер ету дәрежесіне байланысты қоспалардың концентрацияларының әртүрлі мәніне 
рұқсат етіледі. Никель ионының шекті рұқсат етілген концентрациясы 20-25 г/дм
3
, бірақ кейбір кәсіпорындарында 
шикізаттың ерекшеліктеріне байланысты оның мөлшері 36г/дм
3
жетеді. Сурьманың концентрациясының өсуіне 
қарай рафинирлеу эффектісі төмендейді. Электролиттегі мышьяк мөлшері < 15 г/дм
3
маңында болуы қажет. 
Электролиттік рафинирлеу үшін тұтас құйылған темірбетонды төрт бұрышты жәшік тәрізді ванналар 
қолданылады. Ванналардың ішкі жағы винилпластпен, шыныпластикпен, полипропиленмен, қышқылға төзімді 
бетонмен қапталады. 
Электролиттік ванналарды 10-20 ваннадан тұратын блоктарға, оны екі блокты серияларға (топтамаларға) 
топтастырады. 
Анодтар мен катодтарды кезек іледі. Ваннадағы катод саны әрқашан біреуге көп болады, ол анодтың 
біркелкі ерігенін қамтамасыз етеді. Ванналар өлшеміне қарай 29-48 дана анодтар ілінеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет