Қазақстандағы ірі металлургиялық кешеннің бірі −
Өскемен металлургиялық кешені, оның құрамына:
мырыш зауыты, қуаттылығы шамамен 190000 т/жыл; қорғасын зауыты, қуаттылығы
шамамен 144000 т/жыл;
мыс зауыты, қуаттылығы шамамен 70 000 т/жыл (рафинирленген катодты мысты шығаруды 87 500 т/жыл көбейтуді
жоспарлауда) және аффинажды өндіріс.
Ол зауыттардың өндірістік алаңы Өскемен қаласының ішінде, барлық өндіріс үшін жалпы ортақ инфрақұрылымы
бар.
Мырыш зауыты стандартты технологияны қолданады: күйдіру, сілтісіздендіру, ерітіндіні тазарту және
электролиз – тек аздаған ерекшеліктермен. Өткен ғасырдың 60-ы жылдары алғашқы зауыт ескі мырыш зауытын аздап
өсіру үшін салынды (ескі зауыт қазіргі кезде пайдаланудан шығарылды). Біртіндеп кеңейе келе қазіргі кездегі өнімділікке
(190000 т/жыл) жетті (металдық мырыш, мырыш-алюминий құймасы, мырыш сульфаты).
Зауыттың шикізаты − Малеевск кен ошағынан келетін мырыш сульфидінің концентраты (ол жерде мырыш
мөлшері орташа 53,5%) және басқа кәсіпорындардан келеді. Концентраттар
үрлегіші бар оттегімен байытылған
Достарыңызбен бөлісу: