Су ерітінділерінен металды электролиз арқылы алу металлургиялық процестердің соңғы стадиясы болып табылады



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата13.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#92779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Дәріс. 15

түрде қысқартты. 
ISASMELT
ТМ
процесінде отқа берік футеровкалы стационар пеші және бір батпалы фурма қолданылады. Пешке 
үздіксіз концентраттар, отын және флюстер салынып отырады. Оттегімен байытылған ауа батпалы фурма арқылы 
беріледі және жоғары турбулентті ванна тудырады (жасайды). 


 Сурет. Қорғасын балқыту зауытының цехы 
 
Бұл процестің артықшылығы бір қондырғыда бірнеше технологиялық операциялардың бірге атқарылуында, 
ұшқыш қоспалардың толық аулақтану мүмкіндігінде, шикізатты өңдеудің икемділігінде (оралымдылығында), меншікті 
өнімділігінің жоғарылығында және пайдалану шығынының төмендігінде. 
Бұл процестің тағы бір тиімділігінің көрсеткіші − қайта өңдеуге екіншілік шикізаттың үлкен көлемен 
қолдану. 
ISASMELT
ТМ
балқыту процесі отынға қатысты ерекше (айрықша) экономды және технологиялық қажеттілікте 
қолданылатын екіншілік энергоресурстарды (бу) өндіруге жағдай туғызады. 
Заманауи жабдықтардың қолданылуы 
және 
шихтаның 
дайындалуынан бастап балқуына дейінгі технологиялық процестің автоматтандырылғаны қол еңбегінің үлесін біраз 
төмендетеді. 
Мырыш зауытында шлактың возгонкасы мырышты шығарып алу үшін қайта өңделеді, ал ысырылатын 
(отвальный) шлак үйіндіге лақтырылады. Тазартылмаған мыстың мардымсыз мөлшері штейннің конвертирленгенінен соң 
тұтынушыларға жіберіледі. 
Тазартылмаған қорғасын мыстан, теллурдан, мышьяктан, сурьмадан, висмуттан, алтын мен күмістен 
рафинирленіп (тазартылып), құймалары (чушки) тұтынушыларға жіберіледі. Өндірілген қорғасын сапасы 99,985 % 
құрайды. 
Қорғасын зауытының ажырамас бөлігі болып табылатын аффинажды цехта мына процестер қолданылады: 

қорғасынның тазартылу процесінде жиналған күміс қабыршақтарынан Доре құймасы өндіріледі; 

Доре құймасын гидрометаллургиялық немесе электролиттік өңдеу арқылы алтын, күміс және платина 
тобының металдарын алады. 
Алтын кесек күйінде, күміс кесек және ұнтақ күйінде де шығарылады. Қазмырыш компаниясы шығаратын алтын 
мен күміс кесектерінің тазалығы (99,95 %) LBMA (бағалы металдардың Лондан биржасы) стандарты “DEER” брендіне 
сәйкес келеді. Қорғасын өндірісінің жаңғыртылған (жетілдірілген) процестері қорғасын өндірісі кезіндегі мынандай 
кемшіліктерді жоюға әкелді: 

импортталатын коксті айтарлықтай қолдануға; 

мырыш зауытының мысы бар өнімдерін (кіріккен (цементационная) мыс) қайта өңдеуге мүмкін еместігі және 
олардың қорлануы жергілікті қоршаған ортаға үлкен қауып төндіреді. 

күкірт мөлшері аз болғандықтан, пайдалану тиімді еместіктен, олар атмосфераға шығарылады. ISASMELT™ 
процесі Қазмырыш компаниясына 
«Жаңа Металлургия» проекті аясында енгізілген. 
Қорғасын зауытының жылдық қуаты тазаланған қорғасын («YKCUK») бойынша 144000 т, тазаланбаған мыс 
бойынша 7000 т, сонымен бірге аздаған мөлшерде селен, индий, теллур, таллий, сынап және сурьмалы концентратты 
құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет