Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
54
сонау Мұғажар биіктіктеріне дейін, ал күншығысындағы Шет, Құдайменді,
Ақшатауға дейін құлан менен киік жортқан ұшы-қиыры жоқ алып дала.
Оңтүстігіндегі ең жақын қала Түркістан (Яссы) солтүстігінде ең таяуы Чинга —
Тұра шаһарлары, бірі Орда-Базардан жүргіш атқа он күндік, екіншісі он бес күндік
жер...
Орда-Базар бір кездерде Бату ханның құмырсқадай бықыған әскерінің Шығыс
Европаға аттанарда бас қосатын жері болған. Жүз мың жылқы жайылса да шөбі
жапырылмайтын, жусанды, қаулы, жасыл шалғынды егіз өзен Қаракеңгір мен
Сарыкеңгірдің ұшы-қиыры жоқ жазық даласы. Сол жазықтың ортасында Бату
қорғаны.
Орда-Базар шағын қала. Әбілқайырдың негізгі
басқаратыны көшпелі қазақ,
өзбек елдері болғандықтан, ел салтын бұза алмай, хан Ордасы — бес ауылы жаз
бойы Дәшті Қыпшақ жерінде көшіп жүретін. Тек күз келе Орда-Базарға қыстау
ретінде тоқтайды. Әбілқайыр көші ерте кезде күнбатыстағы Жем, Ойыл
өзендеріне дейін, солтүстігіндегі Тобыл, Есіл, Нұраға дейін барған. Кейде жазы
қоңыржай болса Сыр бойы мен Көкше теңіздің жағасын да жайлайтын. Хан
аулының жайлауға шығуы тек жаздың жақсы-жамандығынан, шөптің шығым-
шығымсыздығымен ғана байланысты емес-ті. Жаз шыға Орда қай жаққа қарай бет
бұруы толып жатқан хан саясатымен шиеленісіп жатар болар. Өзіндей
мықтыменен құда болып қанатын жая түсу, ырқына көнбей жүрген кей руларына
жақындай қонып, бір түнде быт-шытын шығарып шабу —
бәрін де іші қатпалы
ханның жаз шыға Ордасы көшпестен бұрын ойланар ісі.
Осы себептен де болар, Әбілқайырға көп жағдайда бағынышты Самарқант,
Бұқар, Герат секілді Орда-Базардың үлкен шаһарға айналмай, шағын қала
қалпында қалғаны. Шығыс шеберлері күйген кірпіштен күмбездетіп салған
бірнеше
хан сарайларын санамасақ, қала шымнан құйған, тастан қаланған екі
жүздей ғана үйден тұрады. Стамбул үлгісімен тұрғызылған алтын айлы, ақ тастан
қалан-
ған зәулім биік мешіті. Түркістанда Ахмет Яссауи шайхқа арнап салған Ақсақ
Темірдің атақты мешітіне де, Феодосия қаласына жақын ескі Қырымға Өзбекхан
салдырған мешітке де ұқсамайды. Қазір аты естен шыққан ұлы шебердің ақауы
жоқ өнері, ұзақ тоқыған қолдан түлеткен өрнегі.
Қаланың тым өсіп кетпеуіне тағы бір себеп ол Әбілқайырдың алыстағы ойы.
Хан өз астанасын түбі әбден жаулап алған соң Гератқа, не Самарқантқа аудармақ.
Ал Орда-Базар уақытша мекені. Мауреннахрға біржолата көшіп кетуге, ұшы-
қиыры жоқ кең далада тағы құландай кезген қалың қазақты билей алмай қаламын
ба деп қауіптенген. Хан ойынша қазақ руларының арасындағы алауыздық түбі
жойылуға тиісті.
Оған дейін өрбіп, өсіп келе жатқан балаларының алды ел
билейтін қабілетке жетіп қалады. Сол кезде бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін
бәйбішелерінен туған бір-екі ұлына билетіп, өзі Мауреннахрдың әшекейлі алтын
сарайлы бір шаһарына Ордасын көшірмек...
Осындай ойдағы хан Орда-Базардың өркендеуіне бәлендей көңіл бөлмеген. Тек
соңғы жылдары жайлауға алысқа бармайтын. Ұлытау маңындағы бір шұрайлы
жерге
бір-екі айдай бой жазып, үй тігіп серуендеп жататын да жаз аяғы болмай
Орда-Базарға қайта оралатын. Биыл да хан осындай ойда еді.
әнеу күнгі сұрапыл дауылдың аяғы тынбай құйған бір жетілік ақ жауынға
айналған. Асты аяқтай алмай хан Орда-Базарға қайтуға мәжбүр болған. Ханмен