XV ғасырдың 20 жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетініңарасында феодалдық қырқыс басталады.Қазақстанның орталық,батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болады.Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеңіп шығып, 1428 жылы хан сайланды.Әбілқайыр- Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан, шығысында Балхашқа дейін, оңтүстігінде Арал теңізі және Сырдың төменгі ағысына, солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерді алып жатты.