Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
12
Жәнібектің осылай үйреткен бірнеше кереге қанат, ақ иық қыраны болушы еді.
Бірақ қыс бойы аңға салған бүркіттерін ол жаз шыға түлетуге кіріскен. Күз таяп
келе жатқан соң, кеше ғана ақ жем беріп, қырандарын баптай бастаған. Бүркіт
салуға
ерте болған соң, Жәнібек бұ жолы бүкіл Дәшті Қыпшаққа аты шыққан
Сомбалақ атты қаршығасын алып шығуды жөн көрді. Хан шақыруынан қатты
сезіктенген Жәнібек, бешпетінің ішінен қорасан болатынан жұқа етіп тоқыған
шағын сауыт киді. Алдаспанын қамсыз қайрап, садақ жебесіне жаңадан сұңқардың
қауырсынын қадады.
Ханның аңға аттанатын күні жеткенде адыр басына керней-зурнайшылары
шығып, бүкіл даланы басына көтере, барылдата тартып, аңшыларға «жиналыңдар»
деп белгі берді. Оқшау төбелі мидай дала. Ат құлағы мен бұйра қымыздығы
аралас біткен жасыл шалғын. Әлжуаз сабақтары толығып ылдидағы қызғалдақ,
сарғалдақтар көк майсадан жоғары көтеріліп, өрекпіп жеткен...
Тұс-тұстан төбе
басына сұлтан, әмір, бектер ағыла бастады. Кенет хан ордасы жағынан бір топ
адам көрінді. Өзгеден сәл үздіктеу келе жатқан, жал-құйрығын түйіп тастаған
күрең қасқа жүйрік ат мінген, үстінде аң аулауға деп арнап тіккен шолақ сауыт,
зерлі күміс дулығасы бар Әбілқайыр ханның өзі. Соңынан ергендері үзеңгілес
батыр нөкерлері. Кілең жеңіл сауыт, ықшам киім киген. Аттарының бәрі жал-
құйрығын түйіп
тастаған, ауыздығымен алысқан жүйріктер. Үстеріндегі
сауыттары, асынған қару-жарақтары күнмен шағылысқан осынау топтың ішінен
үш-төрт әйел көзге түседі. Әсіресе, ортада келе жатқан, бүкіл Дәшті Қыпшақ
жеріне әйгілі, «Ортеке» деп ат қойылған күлсары сәйгүлік мінген жас әйел
таңғажайып салтанатымен анадайдан-ақ көздің жауын алады. Астындағы сайгүлік
жүйрігінің ат-әбзелі, жүген-құйысқаны, өмілдірігі — бәрі сары алтынмен
апталған. Әйелдің үстінде алтын жіппен зерлеген сарғылт, дүрия
қысқа шапан,
басында сүйір ұшты құндыз бөрік. Шалбарының етегі де алтын оқамен әдіптелген.
Кеудесіндегі гауһар таспен безелген алқасы көзді шағылыстырып күн сәулесімен
ойнайды. Алыстан-ақ бұл әйел қалың көкпек арасындағы сарғалдақтай, көзді
тартады. Өзі де мейлінше сұлу, жаңа туған ай секілді жіңішке қасын сүрмелеп
тастаған. Ұзын шаштарын жиырма-отыз сала етіп, ұп-ұсақ етіп өрген. Бір өзінің
түр-келбеті бүкіл әлемге сән бергендей осынау салтанатты әйелді көрген адам «бұ
жалғанда мұндай жан жаратылмас» деп ойларлық. Бұл — Әбілқайыр ханның
төртінші әйелі, атақты ғалым — Самарқант ханы Ұлықбек мырзаның қызы Рабиу-
Сұлтан-Бегім сұлу еді. Бұлар төбеге жеткен кезде солтүстіктегі ақ ордалардан тағы
бір топ салт атты көрінді. Алдарында қос қара көк жүйрік мінген Жәнібек пен
Керей. Екеуі де аңға шыққандарын әдейі аңғартқандай
иықтарына қаршыға
қондырған. Ерлеріне атпа найза ілген. Киімдері де ықшамды. Құндыз жағалы,
қысқа лұқпан шапан, бастарында қазақы қимаш бөрік, сырттарынан қимылымызға
жеңіл болсын деп кереге көз торлы сауыт киген. Ерлерінің басына ешкі терісінен
жасаған дабыл іліп алған. Бұл топтың арасында да үш-төрт әйел. Бұл әйелдердің
ішінен біреуі ерекше көзге түседі. Бұл Жәнібек сұлтанның екінші әйелі. Алтын
хан еліндегі монғолдармен аралас отырған көшпелі Керей руының қызы Жаған
бикем. Бұның астында аты шулы «Киік-аяқ» атанған ақбоз жүйрік, Рабиу-Сұлтан-
Бегімнің ер-тоқымындай ат-әбзелін алтын жаппаған, жүген-құйысқаны, ат
кеудесіне түсіре салған өмілдірігіне дейін бәрі қақтаған ақ күміс... Рабиу-Сұлтан-
Бегімдей ерекше салтанатымен емес, Жаған өз келбетімен, жасынан ат құлағында
ойнап өскен көшпелі елдің қызы екенін көрсетіп тұрған ерекше отырысымен,