Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет7/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
13 
қамшыны сипай тартқан болмысымен көздің жауын алады. Әсіресе Рабиу-Сұлтан-
Бегімдей емес, қолына ұстаған найзасы, басына киген меруертпен торлаған қызыл 
барқыт сәукелесі, астындағы ақ боз аттың кекіліне таққан үкісі, бұның жауынгер 
елден шыққан әйел екенін көрсетеді. Дене келбеті де, астындағы атының бітімі де 
Рабиу-Сұлтан-Бегім көркі мен мінген жүйрігінен анағұрлым асып түскендей. 
Жұрт оған сүйсіне қарауда. Әбілқайыр да көз астымен Жағанды бір шолып өтті. 
Кенет оған бір күпірлік ой келе қалды. «Сұлу-ақ екен. Хан әйелі болуға әдейі 
жаратылғандай. Егер Жәнібек сұлтан осы жолы жазым болса, алтыншы әйелім 
етіп алармын-ақ!». 
Хан бетінен көзін алмай тұрған Жәнібек, Әбілқайырдың зұлым ойын көз 
қарасынан түсінгендей, теріс бұрылып кетті. Енді ол адыр басы мен етегіне 
жиналған бекзадаларға бажайлап қарай бастады. «Қайсысы екен маған ажал 
әкелер!» Кенет көзі топтан сәл оқшаулау тұрған үш қоңыр киімді жат адамға түсті. 
Бұрын аңға шығып жүргенде, бұл үш қоңыр пішін болмайтын. «Осылар екен. Тек 
сақ болу керек» деді Жәнібек ішінен. 
Аңшылар азығы деп түйеге саба-саба қымыз артқан, жеңіл шатырлар тиеген, 
алдарына он бестей қой айдаған бір топ жігіт ауылдан шыққан кезде, хан жасағы 
да солтүстікке қарай бет алды. Бұлар арада бір қонып, келесі күні Ұлытаудың 
солтүстігіндегі, Кішітаумен жалғасып жатқан, Арғынаты құз-асуларына келіп, 
қостарын тікті. 
Бұл ескі қиссада: 
Ұрпақтан ұрпақ қуып бізге жеткен, 
Ежелден Арғын атам қоныс еткен. 
Көк шалғын, күміс бұлақ Арғынатым... 
Шықпайтын арманымсың көкіректен, — 
деп жыр еткен қазақтың көне мәдениет ошағы — Арғынаты тауларының кең өңірі 
еді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай үзіле созылған жықпыл тасты құздар, түкті 
қабақты қайғылы жартастар. Үстін қарақат, мойыл, көк шалғын басқан ұры 
сайлар, тағы қойнаулар. Жағасын айбалдырған мен ақшуағы аралас белден келер 
көгал шөп көмген, жұлындай боп жер астынан шығып жатқан, сылдыр қаққан 
жіңішке бұлақтар. Қуаңшылық жылдардан басқа кезде, қаптаған малын суаратын 
Барақ көлден бөтен мол сулы айдыны болмағандықтан бұл араға жаз ел сирек 
қонатын. Сондықтан да Арғынаты төңірегінде қырғауыл, дала қазы секілді суы аз 
жерде үйреншікті құстар мен арқар, бөкен, киік көп кездесетін. Хан тобы үш күн 
бірдей аң аулады. Дабыл қағылып, қаршығалар жерден жаңа көтерілген кездерінде 
кекілік пен ұларды топырлатып ілді. Мерген жігіттер киіктерді садақпен қиядан 
қағып қырып салды. Бірақ Сарыбай бастаған үш жігіт қанша аңдыса да, көз 
қиығын бұлардан аудармаған Жәнібекті қолдарына оңаша түсіре алмады. Ажал 
алайын деп қанша құлшынғанмен, жауыздықтың реті келмеді. Әбден ызаланған
жігіттер не істерін білмей, хан ертең елге қайтады деп тұрғандарында, Жәнібекті 
мерт етер бір жағдай кездейсоқ тап болды. Аң аулау қызығына кіріп кетіп, әбден 
елеуреген Жәнібек бір мезет аужайын байқай алмай қалды. Қастарынан жанай 
қашқан ақ бөкенді көре сала, атын борбайлап тұра қуды. Күнімен аң соңынан 
шапқан серіктерінің аттары әбден болдырған-тын. Тек түске дейін ұдайы шапса 
тері ғана шығатын Жәнібектің көкбуырылы ғана әлі тың еді. Атбегі әбден 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
14 
жаратқан екен, қабақ қаққанша жолдастарынан ұзап кетті. Ол ақ бөкенді қуып 
келе жатып, төтеден қосылған хан тобы мен әлгі үш қоңырды көрді. Хан атын 
жаңа 
ғана 
ауыстыр- 
ған. Ал Сарыбай тек Жәнібекті аңдумен ғана жүріп астындағы жүйрігін тың 
ұстаған. Әрі-беріден соң Жәнібек, хан, Сарыбай үшеуі өзгелерден қарасын үзіп, 
үздік кеткен. Бие сауымдай жер шапқанда ғана бұл үшеуі қалжырауға айнал- 
ған бөкенге бірдей таянған. Әбден дымы құрып етпетінен құлаған дала еркесінің 
үстіне аңшылар бірдей жеткен. Аң құмар Жәнібек сойылын лақтырып жіберіп, 
бөкенді бірінші боп бауыздайын деп, қынабынан кездігін ала атынан секіріп 
түскен. Дәл осы сәтте: «Жоқ, олжа менікі!» деп Сарыбай да сойылын ыңғайлап 
бөкенді бауыздауға еңкейген Жәнібектің ту сыртынан ұрмақ боп таяй берген. 
Бірақ Жәнібек барыстай атылып, Сарыбайды ат үстінен жұлып алған, Жәнібектің 
тізесінің астына түсіп қалғанын бір-ақ білген Сарыбай ханға: 
— Ау, ұрсаңызшы көк желкеден! — деген, ханның қолындағы сойылға көзі 
түсіп. 
Неге екені белгісіз, ханның бойы дірілдеп кетіп, Жәнібекті сойылмен ұруға 
қолы көтерілмеген. 
Дәл осы кезде шапқан ат дүбірі кенет естіліп, бір бүйірден Керей сұлтан шыға 
келген. Тізесімен Сарыбайды бір-екі нығарлап жіберіп Жәнібек: «Бір жолға 
қастығыңды кештім, екінші мәртебе қолыма түссең өзіңнен көр» деп түрегелген 
де, жатқан аңға қараған. Өкпесі өшіп әбден орнынан тұра алмай қалған бейшара, 
сол мойнын созып етпетінен құлаған қалпында әлі жатыр екен. Жәнібек оны аяп 
кеткен. «Жазықты жауыма тіршілігін қиғанда, жазығың жоқ, ақбөкен, сені несіне 
өлтірем», деп анандай жерде жатқан сойылын алып атына мінген. Осы сәтте 
Керей де жеткен. Болған оқиғаны айтпаса да түсінген Керей сұлтан, інісін қасына 
ертіп, ханға бұрылып та қарамастан, шауып келе жатқан топқа қарсы ақырын 
аяңдап жүре берген. 
Бұл кезде тәлтіректеп орнынан Сарыбай да түрегелген. Атының үзеңгісіне 
аяғын салып жатып: 
— Бекер сойылмен ұрмадыңыз, хан ием, — деген алқына сөйлеп, егер де 
жығылғанда мойын омыртқасын бұрап үзіп алатын едім де, атынан құлап өлді 
дейтін едім. Қалай өлгенін көзімен көрген ешкім жоқ... — деп келе жатты да, — 
тақсыр хан, кешіріңіз... — деп басын қолымен қорғай берген. 
Бірақ құлаштай сілтеген көк құрыш алдаспан оның мойнын қиғаштай кесіп, 
зәресі ұшып көзі адырайған басын анадай жерге ұшырып түсірген. 
Қайтып оралған Жәнібек пен Керей Сарыбайдың әлі де болса жаны шыға 
қоймай, анадай жерде ақырын қимылдап жатқан басы мен қан-қан болып діріл 
қаққан денесін көрген. Бұйрығын орындай алмаған құлы енді тірі куәге айналмас 
үшін, ханның әдейі өлтіргенін екеуі бірдей ұққан. Бірақ Әбілқайыр: 
— Жәнібек сұлтанға қастық ойлағаны үшін басын алдым! — деген. 
Ана екеуі оған жауап қайтармаған, үн-түнсіз аттарының басын бұрып, келе жатқан 
адамдарға қарсы аяңдаған. 
Хан қазір өзінің сол күнгі қылығын ойлауда. «Он алты жасымда Едігенің 
немересі Қазы биді өз қолыммен бауыздағанда, он жеті жасымда аталас туысым 
Дәшті Қыпшақ ханы Жұмадүкті туған баласындай боп қолында өскеніме 
қарамастан, жекпе-жекте шоқпармен ұрып өлтіргенде шімірікпеген басым, 
қастасқан жауым Жәнібекті қара құстан сойылмен бір салып өтуге қалай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет