Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет83/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
164 
шықты. Махаббат шариғаттан да күшті екен, сол Орақпен биыл екі рет
кездестім... Екі ұлымның бетіне салық болмасын деп, іштегі күнәмды көрсетпеу 
үшін, бір балгерден іш тастатар дәрі алып іштім... 
Аққозы сөйдеген де, Мұхамед пен Махмудты шақыртқан. 
— Құлындарым, — деген жанына келген балаларының маңдайларынан иіскеп, 
— мен енді сендерге жоқпын... Сендердің алдарыңда күнәм бар еді, ол күнәмды 
өзіммен бірге әкетіп бара жатырмын, — деген қысыла сөйлеп. — Ал енді ажал 
алдында сендерге жалғыз ғана тілегім бар, орындайсыңдар ма? 
Екі бала бірден: 
— Орындаймыз, — деп тізелерін бүккен. 
— Орындасаңдар... Менің тілегімді тыңдаңдар... Міне Жаған екеуміз сонау жат 
жерге келін боп түсіп едік. Мүмкін сол жат жерде екеуден-екеу 
болғандығымыздан ба, өмір бақи тату-тәтті өттік. Әкелерің қандай қастасып 
жүрсін, біріміздің біріміз титтей де көңілімізді қалдырған жоқпыз. Сендерден де 
тілейтінім — сол. Мына нағашы апаларың Жағанның баласы Қасыммен тату-тәтті 
болыңдар... Адам баласын аяуды білмеген ұлы бабаларың Тыңболаттың 
1
сендер 
де тұқымысыңдар, түбі нәсілдеріңе тартып кетулеріңе күмәнім жоқ, бірақ мені 
зиратында тыныш жатсын десеңдер, Қасымға қол көтермейсіңдер! Құран ұстап 
осыған ант беріңдер. 
Аққозы келін боп түскеннен кейін сегіз жыл сарғайып барып тұңғышын 
көрген. Содан шығар, анасы мен балалары арасындағы махаббат орасан берік 
болатын. 
— Міне, құран, міне, антымыз, — деп екі жігіт Қасымды қан етпеске ант 
берген. Жаған да Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға Қасым жағынан 
қастық жасатпаймын деп апасы Аққозыны сендірген. 
Сол күні Аққозы қайтыс болған. Ел болып, хан ұрпақтары оны құрметпен 
Ахмет Яссауи мешітінің іргесіне жерлеген. Шешесі Аққозы өлгенде ер жетіп 
қалған екі баласы бірдей жас нәрестелердей, жер бауырлап ағыл-тегіл боп 
жылаған. Сондықтан да оларға деген жүрегінде бір үлкен жылы сезім сақтап, 
Жаған еліне қайтқан. Қазіргі айтып тұрғаны осы жәйт. 
— Жарайды, — деді Жәнібек, Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан Қасым 
сұлтанмен тату-тәтті болсын. Түбі осы қос бөрінің бірі Әбілқайырдың тағына 
отыруы хақ. Ал Қасым менің тағымның түпкі иесі. Апалы-сіңлілі екі адамның хан 
тақтарында отырар балаларының жауласпауы керек-ақ тілек. Бірақ ол мүмкін бе? 
Хан тағындағы адам айдаһардың үстінде отырған адаммен бірдей. Өзін айдаһар 
жұтып жібермес үшін, ол сол айдаһарға туған әкесін, жалғыз баласын құрбан етуге 
бар. Хан тағын қорғау қашан да болса қымбатқа түскен. Екінің бірі бұл кеселден 
аман құтыла алмаған. Осы ауыртпалықтың бәріне шыдап Қасым сұлтан жерін, 
тағын аламын деп ұмтылған Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға қарсы 
сойыл ұрмай отыра ала ма? 
— Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан Қасымжанның тағын аламын деп, 
сойыл соғып соғысқа шықпайды. Қолына құран алып аналарына берген серті бар. 
Серт тек арманға жету үшін ғана керек. Жарайды, Мұхамед-Шайбани мен 
Махмуд-Сұлтан Қасым сұлтанға тимесін, ал егер сол қос бөрінің бірі Қасымның 
туған ағасы Қамбарға, не әдікке найза салса, Қасым сұлтан не істейді? Ал 
1
Шыңғысханды бертін келгенше, Шыңғыс ұрпақтарының қазақтан алған әйелдері, қазақ дәстүрі бойынша, 
Шыңғысхан деп атын атамай, Тыңболат деп келген. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
165 
Әбілқайыр болса ауру... Түбі оның тағына Шах-Будақтың қос бөрісінен ыңғайлы 
Әбілқайырдың басқа ұрпағы жоқ. 
Жаған ерінің өзіне қойған сұрағының қаншалық ауыр екенін енді ұқты. Жауап 
қайтара алмай сәл кідіріп қалды. Кенет басын көтеріп алды. 
— Онда ма? Онда... — Жағанның даусынан нәсілі Керейге біткен қайсарлық 
естілді. — Онда кекке — кек! Қанға — қан! Қасым сұлтан әкесі мен ағасының 
өшін қайтарады. Әбілқайырдың өзін өлтіреді. Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-
Сұлтанның толып жатқан ағаларының басын алады. Бірақ өздері антын бұзбай 
екеуіне де қылышын көтермейді. Егер мені ана дейтін болса, тұңғышым 
Қасымжаннан осыны тілеймін. Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға бірінші 
боп шоқпар сілтемеймін, — деп екеуміздің алдымызда ант беруін өтінем. Егер бұл 
арманымды орындамаса ақ сүтімді көкке сауып өтем. 
Ана тілегі Қасымның жүрегіне қанжардай қадалды. Дәл осы мезетте шешесі 
Жағанның апасы Аққозыға берген уәдесінің қаншалық қымбат екенін түсінді. 
Кенет ол орнынан атып тұрып, бір тізерлеп шешесінің алдына отыра қалды да,
беліндегі наркескенін қынабынан суырып ап, екі жағынан ұстап маңдайына тигізді 
де, қылшылдаған жүзінен сүйді. 
— Асыл болат наркескен, қос бауырым Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-
Сұлтанға сені бірінші боп қынабымнан суырмасқа ант етем, — деді ол. — Егер
антымды бұзып қос бауырыма бірінші боп қастық етсем, мына тұрған асыл анам 
Жаған бикенің ақ сүті ұрсын! 
Жаған бике орнынан түрегеліп баласының қолындағы жалаңаш ақ семсерді 
алды да ерніне тигізді. 
— Асыл болат ақ семсер, егер қансырар болсаң, жалғыз ұлым Қасымға емес, ең 
алдымен менің жүрегіме қадал. Ана тілегін қабыл алғаны үшін, оның құрбаны 
болсам арманым жоқ деп күні бұрын ант етем! 
Анасы мен баласының бұл қылықтарын өз көзімен көрген хан Жәнібек іштей 
екі сырды қатты түйді. Бірі — Қасымның анасы Жағанды аса жақсы көретінін. 
Екіншісі өткен түнде Жанбике тоқалдың үйіне кезексіз бардың деп әйелдік мінез 
көрсетіп, Жәнібекті өзіне дене сұлулығымен тартпақ боп отырған Жаған бикенің 
кенет шын ар-намысын қорғайтын іске келгенде, қандай табандылыққа болса да 
бара алатынын білді. «Сұлу әйел егер ақылды болса, еркекке тек өзінің 
сұлулығымен ғана емес, терең ойлылығымен де, табандылығымен де қымбатты 
болып көріне алады екен» деді ол ішінен. Ол осы сәтте үлкен жүректі әйелдің уақ 
әйелдік сезімінен де алыс тұрмайтынын қатеріне алды. Мұндай әйелдің 
намысымен ойнаудың қаншалық қауіпті екенін түсінді. 
Ертеңіне Жәнібек жарлық беріп, хан кеңесін шақыртты. Бұл кеңеске Орда 
маңындағы сұлтан, батырлар, ерлік істерімен көзге көріне бастаған өз балалары 
мен Керейдің баласы Бұрындық сұлтан қатынасты. Екі күн кеңесіп, ақырында 
Күзтоқсанның басында Түркістан уәлиетіне шабуылға шықпақ боп ұйғарысты. 
Дәшті Қыпшақ әскерін екіге бөлмек болды. Жәнібек хан балаларымен өзі бас- 
қаратын топ Созаққа, Керей ханның баласы Бұрындық сұлтан мен Найман батыры 
Қаптағай, Қоңырат батыры Сарыбалақ, Керей батыры Ойшыбай, Уақ батыры 
Жаубасар, Жалайыр батыры Бөрібай бастаған қалың қол Сығанаққа шабуыл 
салсын делінді. Өзінің ежелгі салты бойынша Арғын, Қыпшақ, Тарақты жасақтары 
Жәнібек ханның — хан Ордасының қасында қалды. Бұған Жайықтың бергі беті, 
Атырау теңізі мен Сырдың төмегі саласын жайлаған Кіші жүзден келген Адай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет