Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет80/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
158 
Жолдан шаршап келгендеріне қарамастан жігіттер түнімен алтыбақан теуіп, ән 
салып көңіл көтерісті. Әзіл-қалжың, айтыс, қазақтың көне заманындағы 
сауықтары «Түн қату», «Түйе жығу» секілді сан алуан ойындарын ойнап, таң 
шапақтап ата бастары жастыққа тиді. Ойын-сауық ертеңіне тағы басталады. Күрес, 
сайыс, көкпардан кейін кезек жамбы атуға келді. Міне, осы ойын кезінде Жәнібек 
сұлтан Жаған бикені көрді. Келген қонақтар мен ауыл жастары бәсекелесіп жамбы 
атып жатқан. Бақан басындағы қадаға ілген күміс жамбыны бір жүз қадам жерден 
екі жақтың бірде-бір мергені тигізе алмай-ақ қойған-ды. Жайшылықта құралайды 
көзінен ататын жігіттер бұ жолы қолдарын шайтан қағып тұрғандай, алыстан еміс-
еміс ағараңдап көрінген жамбыға садақ оғын қанша көздесе де дөп қадай алмады. 
Біресе үстінен мүлт кетеді, біресе астындағы бақанға барып сарт етеді. Алақанның 
аумағындай күміс жамбының нағыз бір оқ қағары бардай, байлаған жерінен бірде-
бір қозғалмай-ақ қойды. 
Дәл осы кезде шоғырланған топ қыз-бозбала кенет шуылдап қоя берді: 
— Жаған келе жатыр! 
— Жол беріңдер! Жол беріңдер! 
— Жаған жамбыны көздемей түсіреді. 
— әй, Оқас, Жаған бикеге жамбы атып жатқанымызды айт! 
Аққозы бикенің шабарманы «Бикем не бұйырады?» деп анадай жерде атын 
шідерлеп күтіп отырған қара торы бала жігіт, жанындағы көкбестіге міне сала, ән 
шырқатып қырқадан төмен түсіп келе жатқан бір топ қыз-бозбалаға қарсы шапты. 
Шабарман жетер-жетпестен аттан домалай түсіп, топ басында күміс ер-тоқымды 
ақ боз ат үстінде жантая отырған, басына нарттай қызыл түлкі бөрік киген қызға 
әлденені айтып жатыр. Түлкі бөрікті қыз жамбы жанында шоғырланған топқа 
қарап бірдемені сұрады да, қолындағы сойылын қасында тұрған жігітке ұстата 
беріп, оның садағын алды. Жігіт қорамсағынан екі-үш оқты суырып, таңдап 
біреуін берді. Қыз садақтың бауын, домбыраның шегін шерткендей, қолымен 
қатты тартып көрді де, сол қолымен жақты жоғары көтеріп, жебесін қойып 
кезенді. Сөйтті де, астындағы ақ боз жорғаны тебініп қалды. Жорға шоғырланған 
топқа қарай ырғала жөнелді. Жұлдыздай ағып келеді. Жамбы атып тұрған қыз-
бозбала: «Жол беріңдер! Жол беріңдер!» «Иә, аруақ, қолдай көр!», «Қарақожа!», 
«Ойшыбай!» деп Керей руының ұранын айтып кейін шегіне берді. Жәнібек сұлтан 
қыз абыройын құрбы-құрдасының осыншама тілеуінен Жағанның осал бике емес 
екенін аңғарып қалды. Сөйткенше болған жоқ, ақ боз жорғаны теңселте ағызып, 
қыз да бұлар тұрған жерге таяй түсті. Ұзын қос бұрымын беліне қыстырып алған, 
ат үстінен бір жағына қарай жантая, садағын кезене ыңғайланып келе жатқан ерке 
сұлу, Жәнібек сұлтанның қасынан өте беріп, садағын тартып жіберді. Сол сәтте 
жұрт шу ете түсті. Шуда жіппен қадаға іліп қойған күміс жамбының кенет көкке 
атылғанын Жәнібектің өзі де көрді. 
Шулаған жұрт жорғасын әзер тоқтатып кейін оралған Жағанға қарсы ұм- 
тылды. 
— Мың жаса, Жаған мерген! 
— Қыз емес, қыран ғой! 
— Сені тапқан анаңнан айналып кетейін. 
— Қарақожа атаңның аруағын бір көтеріп тастадың ғой!
— Ел намысын жібермеген ер қызым, мың жаса!


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
159 
Дабырлаған топ қызды ат үстінен көтеріп ап, сұлтандарға қарай жүрді. Олар 
Жәнібектер тұрған маңға таянғанда ғана қызды қолдарынан түсірді. Өздерінің 
тобына жақындап келіп, иіліп сәлем берген Жаған адамзаттың баласы емес, көктен 
түскен қор қызы боп көрінді. Қос бұрымы жерге тиіп шұбалып, құралайдың 
көзіндей танадай қара көздері Жәнібекке жайбарақат, мөлдірей қарады. Осы бір 
күнәсіз көзқараста жігіттің асау жүрегін тайдай тулатқан бір ғажа- 
йып сиқырлы күш бар еді. Өн бойы қорғасындай балқып, Жәнібек өзін-өзі әзер 
ұстап қалды. 
— Арсыздар ма, құда жігіттер? — деген Жаған сонда ұзын кірпіктерін 
Жәнібектің жүрегіне, дәл осы қазіргісіндей қадап. 
— Барсыз ба, мерген құдаша? — деген жігіттер шулай жауап беріп. 
Осыншама шудың ішінен тек Жәнібектің даусын естігендей Жаған сұлтан- 
ға тағы да бір мәністі көз тастады. Сұлтан енді бұрынғыдан да бетер өртеніп кете 
жаздады. Сол күні түні бойы көз ілінбей шықты. Ертеңіне Жәнібек Жаған қыздың 
қалай асау үйреткенін көрді. Бойды алған жалын, ойды өртеген арман бұрынғыдан 
да өрши түсті. Ұлытауға қайтып келісімен сұлтан сонау Алтын хан еліне 
құдалыққа кісі жіберді. Келесі Жазтоқсанның басында он төрт жасар Жаған 
сұлуды үшінші бәйбішесі етіп ақ отауға кіргізді. Баяғы алғашқы жолы кездескенде 
«Барсың ба, ару қарындас?» деп амандасқаннан кейін, ол Жағанмен бірінші 
мәртебе осы ақ мамық — жар төсегінің үстінде сөйлесті. Төсектің ірге жағында 
көйлекшең отырған Жағанның жерге шұбатылып жатқан қос бұрымын оң білегіне 
орап, сол қолымен тастай қатты сүйір ұшты қос анарын кезек-кезек сәл ауырта 
қысып, 
ұяттан 
күйіп-жанып 
не 
істерін 
білмей 
жанта- 
ласқан жас аруды бауырына тартты. Бетіне бетін таяп: 
— Мен сені Жаған, жақсы көріп алдым, — деді. 
әйел жынысын ол уақытта тек мүлік деп қарайтын еркектің бұлай дегеніне жас 
сұлу таң қалды. Сөйтсе де көңілдегі өкпесін айтты: 
— Өткен жылы менімен ең болмаса бір мәртебе сөйлесуіңіз керек еді ғой. 
Мәжнүнді жақсы көрген Ләйлідей менің бөтен біреуді ұнатып қалмағанымды 
қайдан білдіңіз? 
Қыз сөзі Жәнібектің еркектік намысына тиді. Ол кенет алқымына тығыла 
қалған ашуын әзер басып: 
— Оны қазір көрерміз, — деді — ит тиген арам аста қадір бола ма? Келген
жеріңде ауылың бар... 
Үй іші тастай қараңғы болса да, Жәнібек қыздың езу тартып күлгенін сезіп 
қалды. 
— Егер анамның ақ сүтіндей адал болсам, — деді қыз кенет даусы қалтырап 
шығып, — бір тілегім бар, орындайсыз ба? 
— Қандай тілек? 
— Егер ұл тапсам, оған атеке етіп біздің ауылдың Хасен деген бір жас жігіті 
бар, соны алдыр. Маған садақ тартып, асауды жуасытуды сол үйретіп еді. 
Жәнібек бойын өртеп бара жатқан жалынды күшпен басып енді отыра алмады, 
қыз өтінішіне жауап берудің орнына, оны аш белінен құшақтай өзіне тартты, жаңа 
піскен мәуедей әбден дер кезіне жеткен жас сұлу да, бауырын жазып жігіт әуеніне 
қарай икемделе берді. 
Тірі жан қол тигізбеген сырлы тобатайды алғашқы сындырған Жәнібек қатты 
ұйықтап кетті. Тек таң бозарып атып келе жатқанында, бойын тағы бір күш билеп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет