ӚМІРБАЯНДЫҚ ЖАНР – жазушы ӛз түсындағы қоғам
жайын ӛз кӛрген-білгенімен ұштастыра, тарихи тұрғыдан
баяндайтын, деректі кӛркем шығарма. Сондықтан, мұндай
шығарма жазатын автордың ӛмірлік тәжірибесі сӛз етуге
тұрарлық, басқаға да үлгі-ӛнеге боларлық дәрежеге сай келуі
керек. Кӛптеген ақын-жазушылар кезінде Ӛмірбаяндық жанрға
қалам тартқан. Онда автордың тек ӛмірбаяны ғана қамтылып
кана қоймай, ішкі жан дүниесі, ой-сезімі, арман-мүддесі, айнала
ортадағы адамдармен қарым-қатынасы, тіпті, ӛз басы
нені идеал тұтқаны
арқау
болады.
Сондай-ақ,
жеке тұрмыстық жайлар ғана емес, автордың ӛзі ӛмір сүрген
қоғамға қатынасы туралы айтылып, түрлі әлеуметтік жайлар
мен оған деген кӛзқарас білініп отырады. Жазушының басынан
ӛткен елеулі деген оқиғалар қамтылады. Ӛзі кӛріп-білген,
кӛңілге түйген жайлар, саясат және қоғамдық күрес ахуалы тілге
281
тиек етіледі. Автор ӛзін үнемі жақсы жағынан кӛрсетумен
шектеліп қоймай, кейде жаза басқан, қателескен, қиындыққа тап
келген сәттерін де бейнелеуі орынды. Бір сӛзбен айтқанда, ав-
тордың ӛз түлғасы келелі оқиғалармен ұштасып, тар кӛлемде
қалмауының мәні зор. Сондықтан кез келген автор Ӛмірбаяндық
жанрда шығарма жазуға ұмтыла бермейді. Осы рет-
те В.Г.Белинскийдің шығармаға тар ӛмірбаяндық мағынада
емес, адамзаттың, қоғамның, уақыттың үлкен ӛкілі де бола білу
керек деген түжырымды пікірінде терең мағына бар. Ӛмірба-
яндық жанрдағы шығармаларға жататын үздік туындылар
ретінде
М.Горькийдің
"Менің
университет-
терім", С.Сейфуллиннің "Tap
жол,
тайғақ
ке-
шу", С.Мұқановтың "Ӛмір мектебі" аталуға лайық.
ӚМІР ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ КӚРКЕМДІК ШЫНДЫҚ –
кӛркемӛнерде, соның ішінде әдебиетте шығарма, әрине ӛмір
шындығына сүйеніп жазылады. Нақты ӛмір құбылыстарын,
оның сырын, қайшылықтарын терең түсінбей, сезінбей шығарма
тумайды. Тарихи және қоғамдық шындық әдеби туындының
бастау кездері болып таылады. Әлеуметтік ӛмір, саясат, халық
тұрмысы – бәрі де ӛмір шындығын танытар жағдайлар. Еш
жазушы ӛмір шындығынан, оның нақты болмысынан алшақ
кетпейді. Ал, осындай ӛмір шындығын беруде жазушы тура
кӛшірмеге, ие болмай жазуы керек. Шығарма оқырман үшін
тартымды, рухани ләззатқа бӛлейтін болуы шарт. Сонда
қаламгердің қоғамдық позициясы, идеалы анықталады. Осыдан
келіп ӛмір шындығын қаламгер,суреткер,ақын шеберлікпен
игеріп, оны кӛркем шындыққа айналдырады. Кӛркем шындық –
ӛмірді образды түрде бейнелеп, оны озық кӛзқараспен жоғары
эстетикалық мақсат тұрығысынан терең ашу. Адам үшін
маңызды деген жайларды типтік дәрежеге кӛтеріп, бейнелеу.
Ӛмірлік-қоғамдық құбылыстардың ақиқатын суреттеу. Бұл ретте
автордың ойы кейіпкерлер арқылы кӛркемдік-образдық сипатта
кӛрініс табады. Кӛркем шындықты беруде автордың біліктілігі
зор міндет атқарады. Оқиғалар, адам тағдыр, жарасымды келіп,
шындыққа сай болуы, күмән тудырмауы керек. Ӛмір шындығы
кӛркем шындықпен суреттеу үшін жазушы ойдан шығару,
фантазиялық қиялдау тәсілдерін қолданылады. Бұл қасиеттер
282
ӛмір шындығымен үйлесуі керек. Ол үшін творчестволық
тәжірибе, ерекше қабілет керек.
Достарыңызбен бөлісу: |