Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет74/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
1) гломерулярлы базалды мембрана компоненттерін синтездеу; 
2)қан капиллярындағы қанағымын реттейтін заттек бөлу; 
3) фагоцитоз. 
Фильтрациялық тосқауыл деп капсула қуысы және шумақты қан капилляр аралығындағы
құрылым жиынтығын айтамыз.
1) қан капилляр эндотелийі (фенестрі мен 0,1мкм. саңылауы бар жасуша) ; 
2) үш қабатты базалды мембрана (ортаңғы қабатта шамасы 7нм. саңылауы бар); 
3) подоцит жасушалары (капсуланың ішкі жапырақшасы). 
Осы сүзгі арқылы қан плазмасы сүзіліп 1–лік несеп түзіледі, құрамы: су, төменгі молекулалы 
ақуыз, глюкоза, эектролит, мочевина, амин қышқылы бар. Қалыпты жағдайда қан элементтері 
және ірі молекулалы ақуыздар өтпейді. 
Патологиялық жағдайда осы саңылау көлемі ұлғаюы мүмкін, сонда 1–лік несеп құрамында ірі 
молекулалы ақуыздар (протеинурия) және эритроциттер (гематурия) болады. 
Нефронның проксималды бөлімі. 
2 бөлімнен: а) иректі (ұзын) және тік (қысқа) өзекшелерден тұрады. Өзекше қуысы (3) d.60 
мкм. бірқабатты призмалық жиектелген эпителиймен жабылған.
Функциясы: 
1) реабсорбция, 1–лік несептен қанға ақуыз, глюкоза, электролит, су кері сорылады; 
2) органикалық қышқылдар (креатинин т.б.) секрециясы жүреді; 
3) экзогенді заттардың экскрециясы жүреді.
Жасуша ерекшеліктері: 
а)апикалді бөлімде сілтілі фосфатаза бар сызықты жиектерінің (микробүр) болуы (қанға 
глюкозаны кері сору); 
б)цитоплазмасы мөлдір емес (пиноцитоз көпіршіктері мен лизосомалары көп (пиноцитоз 
жолымен сорылған ақуыздар протеолитті ферменттер арқылы амин қышқылына 
ыдырайды) болуы; 
в)базалды бөлімде қатпарлары мен сызық түрінде орналасқан митохондрияның (қанға 
қатпарлары арқылы суды, ал митохондрия электролитті кері сорады) болуы. 
Нефронның жіңішке өзекшесі
Жіңішке өзекше (қабырғасы өте жұқа) диаметрі 12–15мкм. болатын бірқабатты жалпақ 
эпителиймен жабылған . Эпителиоциттердің цитоплазмасы ашық түсті, органеллалары және 
ферменттері аз ғана мөлшерде. Жасушаның ядросы бар бөліктері өзекше қуысына қарай шығыңқы 
болып көрінеді (ТЭМ суретті қара). 
Функция – пассивті түрде 1–лік несептен судың кері сорылуы жүреді, ал жоғарлаушы бөлімдегі 
өзекшеде (d.30мкм) электролиттер сорылады. 
Нефронның бұл бөлімі жіңішке төменгі және жуан дисталды тік өзекшелерден қалыптасқан және 
ол нефрон ілмегі деп аталады. 
Нефронның дисталды бөлімі
2 бөлімнен: а) тік және иректі өзекшелерден тұрады. Өзекше қуысы айқын анық. Тік өзекше 
диаметрі 30 мкм, ал иректі өзекшеде диаметрі 30–50 мкм. болады. Қабырғасы бірқабатты төменгі 
цилиндр тәрізді эпителиймен жабылған. 
Жасушаның ерекшеліктері: 
а) апикалды бөлімде жиектері болмайды; 
б) базалды бөлімде қатпарлары мен сызықша түрінде орналасқан митохондрияның болуы. 
в) цитоплазмасы мөлдір болады. 
Жинақтау түтікшелері нефрон құрамына кірмейді. Қыртысты бөлікте жинақтау түтікшелер 
қабырғасы бірқабатты кубты, ал милы бөлікте бірқабатты төменгі цилиндр тәрізді эпителиймен 
жабылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет