Бірінші фактор – күйеуі тұрмыстық
қажеттіліктерді тауып,
асыраушы қызметін атқаратын, әйел үй шаруасы және бала тәрбиесімен
айналысатын дәстүрлі отбасылардың бұзылуы. Қазір мұндай отбасылар
келмеске кетті. Бұл шаңырақтан индустриалды қоғам еркекті суырып
алып, фабрика, зауыттарға жіберсе, постиндустриалды қоғам жоғары
жалақы төлейтін офистер мен фирмалардан жақсы жұмыс тауып беріп,
әйелдерді шығарып алды. АҚШ-тағы әйелдердің
жалақысы әжептәуір
өсіп, есесіне, еркектердің еңбекақысы айтарлықтай төмендеді. Әйелдер
экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, отбасы олар үшін өзінің
мүмкіндігін жүзеге асыратын орын болудан қалды.
Жас америкалық
қыз-келіншектер отбасынсаз-ақ өмір сүріп, дербестік пен тәуелсіздікке
қол жеткізе алатынын түсініп, күйеуге тиюге асықпайтын болды. 1970
жылы 20 мен 24 жас аралығындағы әйелдердің тек 36 пайызы ғана
күйеуге тимеген болатын. 1993 жылы осы жас аралығындағы
әйелдердің 68 пайызы ешқашан үйленбегендердің санатына жатқан. Ал
20 мен 25 жас аралығындағы «өмір бойы күйеуге
шықпауға бел
байлағандардың» пайыздық көрсеткіші 10 пайыздан 35 пайызға дейін
өскен. Сондай-ақ 2000 жылдың санағынан байқағанымыздай, Америка
тарихында алғаш рет әрбір төрт үйдің біреуінде ғана толық (әке, шеше,
бала) отбасы тұратын болса, жалғыз басты америкалықтар ел халқының
26 пайызын құрайды екен. Яғни, бұл неке «сәннен» қалды деген сөз.
Америка
әйелдерінің көпшілігі, Еуропа әйелдері секілді, үй
91
шаруашылығы мен ана болу бақытына қарағанда, қызметтік өсуді
«қуаныш» көреді.
Екінші фактор – әлеуметтік қозғаушы күш ретіндегі «ерікті
ұрпақтың» дүниеге келуі. Американың соғыстан кейінгі, яғни сол кезде
құрылып жатқан «берекелі қоғамның» ұрпағы АҚШ тарихында тұңғыш
рет жоғары білім алуға кең мүмкіндік алды. Бұл ұрпақ дәстүрлі
отбасыдан университет аудиторияларына көшіп алды. Сөйтіп, әке-
шешесінің
қайырымды қамқорлығымен емес, бұқаралық ақпарат
құралдарыны, соның ішінде теледидар мен «жылтырақ» баспасөздің
«тәрбиесімен» өсті. Ақырында бұл ұрпақ – Американың дәстүрлі
құндылықтарынан елеулі айырмасы бар құндылықтарды бойға сіңірді.
Жаңа ұрпақ санасындағы басты нәрсе – Американы ұлы держава
қылған
діни принциптер емес, «осы жерде және қазір» ләззат алуды
қалайтын эгоистік гедонизм бола бастады. Руханияттың орнын – қызмет
пен ақша, отбасының орнын – шектеусіз төсек қатынасы мен «ерікті»
өмір сүру, Жаратушы берген қасиетті өмірдің орнын – есірткі мен өз
еркімен өлімге мойынсұну басты. Мұның бәрі сол кезде жүріп жатқан
«мәдени төңкерістің» аясында жүзеге асып жатты» (
Бюкенен П. Дж.
Батыстың ажалы //Жас қазақ. – 2006.- № 30.- 4 тамыз).
Кесімділік пен аяқталғандыққа
шешім шығармай-ақ, қазіргі
жаһанданудың мынадай қиындықтарын атап өтейік:
– руханилық пен материалдықтың арасындағы ажыратылу;
– эскапистік және дүниетанымдық ұстанымдардың араласып кетуі;
– нонконформизм, конформизм мен девианттық
қылықтың өрістеуі;
– рационалдықты
шектеу,
тылсым
сана
қабаттарымен
манипуляциялар жүргізу, жалғыздық, үрей, шарасыздық сенімдерінің
өрістеуі;
– стандартты қарапайымдалған тіршілік
ету баламаларын жасанды
ұсыну.