Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. XV- xix ғасырлардағЫ Қазақ философиясы



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата18.05.2023
өлшемі0,9 Mb.
#94113
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
annotation23048



 
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ. ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕН 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН. – Т. 2. XV- XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ 
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ. 
 
 
 Алматы: ФСДИ ҚР БҒМ, 2014, 304 б. – 143-152 бб. 
 ISBN 978-601-304-015-8 ISBN T.2: 978-601-304-017-2
 
Жұмысты ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтының 
Ғылыми Кеңесі жарияланымға ұсынған 
 
Бұл еңбек Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында дәріс 
алып жатқан студенттер мен магистранттарға арналған қазақ философиясының 
тарихы бойынша оқу құралы ретінде дайындалған. Жұмыстағы деректер ежелгі 
түркі әлемінде қалыптасқан дүниетанымдық үлгілерден бастап қазіргі кезеңдегі 
кәсіби философиялық деңгейге дейінгі аралықты қамтиды. Оқу құралын 
қалыптастыру барысында қазақтың философиялық ойының сан қырлы бейнелеу 
формалары сараптаудан өткізілді. Кейбір бөлімдер тарихи тұлғалардың 
дараланған дүниетанымындағы ерекшеліктерді ашып көрсетуге арналса, біршама 
бөлімдерде қазақ халқының тарихи санасындағы айрықша белгілерге 
философиялық сипаттамалар беріледі. Жұмыстың мәтіні қазіргі заманның 
талаптарына сай жаңа әдіснамалық ұстанымдарға сүйенеді және жалпы оқушы 
қауымға теориялық және практикалық тұрғыдан көмегін тигізетін мақсаттарға 
негізделген. 
 
Бас редакторы: 
 
ҚР ҰҒА академигі Ә. Нысанбаев 
Рецензенттер: 
философия ғылымдарының докторы, профессор М. Сәбит 
философия ғылымдарының докторы, профессор М. Изотов 
философия ғылымдарының докторы, профессор Ж. Молдабеков 
Алматы: ФСДИ ҚР БҒМ, 2014,



Кіріспе 
Бұл еңбек Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында 
дәріс алып жатқан студенттер мен магистранттарға арналған қазақ 
философиясының тарихы бойынша оқу құралы ретінде дайындалған. 
Жұмыстағы 
деректер 
ежелгі 
түркі 
әлемінде 
қалыптасқан 
дүниетанымдық үлгілерден бастап қазіргі кезеңдегі кәсіби 
философиялық деңгейге дейінгі аралықты қамтиды. Оқу құралын 
қалыптастыру барысында қазақтың философиялық ойының сан қырлы 
бейнелеу формалары сараптаудан өткізілді. Кейбір бөлімдер тарихи 
тұлғалардың дараланған дүниетанымындағы ерекшеліктерді ашып 
көрсетуге арналса, біршама бөлімдерде қазақ халқының тарихи 
санасындағы айрықша белгілерге философиялық сипаттамалар 
беріледі. Жұмыстың мәтіні қазіргі заманның талаптарына сай жаңа 
әдіснамалық ұстанымдарға сүйенеді және жалпы оқушы қауымға 
теориялық және практикалық тұрғыдан көмегін тигізетін мақсаттарға 
негізделген. 
Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, 
әлемдегі жалпы саны 15 млн-нан асады, исламдық суперөркениеттің 
солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік 
мағынадағы мұсылман суниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының 
қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында 
алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағымында қарастырып, кейін 
қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін анықтайық. Қазақ мәдениеті 
еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. 
Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) 
өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған 
қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген 
енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени 
кеңістіктің маңызды қасиеті – оның тылсымдық сипаты. Мысалы, “ата 
қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының 
кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтытдығын 
мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата 
қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер 
деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, 
аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. 
Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде 
болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. 
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық 
жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. 
Кеңістікте үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында “қытай 
қорғаны” тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік 



үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. 
Қазақтың төл мәдениетінде экололгиялық мәселе әдептіліктік 
жүйесіндігі 
обал 
және 
сауап 
деген 
ұғымдармен 
тікелей 
байланыстырылды. 
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем 
дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке 
тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір 
орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол 
мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен 
шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты 
сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта 
оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат 
құбылыстарына тәуелді болып қалады. 
Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, 
осы даланы тұтас бір континуим ретінде бағалаумен қатысты. XX ғ. 
қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және 
көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің 
арасында үлкен айырмашылық бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет