222
223
Байтұрсын емлесі Қытай қазақтары арасына, Шыңжанға
тарағаннан кейін шет тілден енген (араб, парсы және еуропа тіл-
дерінен) сөздерді дұрыс жазу үшін
х, һ, ф, ч әріптерін қазақ ал-
фавитіне қабылдау-қабылдамау туралы дау болған. Бірсыпыра
оқымыстылар және баспа орындары өз еңбектерінде осы
әріптерді қолданып та жүрді. ал қазақыландыруды жақтайтын
зиялылар қажетсіз деп білді. 1944 ж. саяси репрессиядан кейін
қазақ-қырғыз ұйымының бір жиналысында жоғарыдағы 4 әріпті
қабылдау мақұлданды.
Оның бір себебі Қазақстан қазақтарының өз тектеріне
«ов», «ев»- орыс жұрнағын жалғап жазуына байланысты еді.
Фамиялиядағы в әрпін у әрпімен жазу ыңғайсыздық әрі күлкілі
жағдай туғызды. мысалы,
М. Әуезовті М.Әуезоу деген сияқты.
Осыған байланысты Әнуар Көкей 1954 жылғы емлеге в әрпін
енгізді.
Сол сияқты Қытай қазақтары емлесінде “ұ” мен «у» дың
қосамжарласып жазылуы да таластың басы болған.
Оқұу / оқыу
/ оқу нұсқаларының қайсысын таңдау қиын еді. Әнуар Көкей
еріндікпен емес, езулікпен жазуды ұсынған:
(оқыу, тоқыу).
Сондықтан ол «Әнуар Көкей» емлесі деп аталған.
Кейін 1954 жылы 27 шілдеде Шыңжаң өлкелік халық
үкіметі:
«1) Қазақ әрпіндегі қосар ұу-дың орнына, бір әріп «у» алын-
сын;
2) Қазақ тіліндегі қосар «ый» әрпінің орнына жеке «и»
қолданылсын;
3) Орыс және басқа ұлттардың тілінен енген сөздерде жазы-
латын жаңа әріп «в» енгізілісін», – деп қаулы шығарды.
Ә.Көкейдің еңбегі туралы жазушы-профессор, дүниежүзілік
қазақтар қауымдастығының төралқа мүшесі Солтан Жанболат
былай дейді: «… ахаңның төте жазуына жуңгө қазақтары іші-
нен екінші рет өмір беру, әмбе оның сәтті де өміршең болуы үшін
оны тағы да реформалай түсу, бүгінгі өзіміз әлі де қолданып
жүрген күйге әкелу қажет болды. міне, осы іргелі істі тынды-
рып, зор да тарихи үлес қосқан адам Әнуар Көкейұлы ақсақал
болатын».
Сөйтіп, 2001ж. соңғы түзетуден бері әліпбиде 34-таңба бар
делінеді. Оның соңғысы – дәйекше деген атпен жіңішкелік бел-
гісі. ал фонема саны – 33, оның 9-ы дауысты, 24-і дауыссыз деп
табылады.
Сонымен, а.Байтұрсын әліпбиінің жетілген түрі қазір Қытай
қазақтары жазуында қолданыста.
Достарыңызбен бөлісу: