Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет123/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі Қытай қазақтары тіліндегі төте жазудың Байтұрсын 
әліпбиінен қандай айырмашылығы бар?
2. Әліпби мен емлеге байланысты басты өзгертулер қандай болды? 
3. Қазіргі Қытай қазақтары әліпбиінде неше әріп неше дауысты мен 
дауыссызды бейнелейді?
Оқуға арналған материал
ХХ ғасырдың басындағы кеңестік Қазақстан
және түркітілдес республикалардағы
әліпби реформасына тарихи талдау
араб әліпбиінің орнына латын әліпбиін енгізу мәселесін 
XIX ғасырдың 60-65 жылдары алғаш рет әзербайжан ғалымы, 
драматург мырза-Фатали (кей зерттеулерде мырзахмет Әли) 
ахундов мәселе ретінде көтерген болатын. алайда патша үкіметі 
бұл мәселенің қалың бұқара арасына кең таралуына жол бер-
меді. Ол өз жобасын түркия мен иранның үкімет басшыларына 
ұсынғанымен, бұл елдің билеушілері де жазуда қиыншылықтар 
келтіретінін айтып, ахундовтың жобасын қолдамайды. 
ХХ ғасырдың бірінші ширегінде түркия, иран, Әзербайжан 
және Орта азияда араб жазуының ол елдердің тілінің табиғатына 
сәйкес келмейтіні туралы сөз бола бастады. түркі халықтары жа-
зуын реформалау мәселесін алғаш тағы әзербайжан ғалымдары 
сөз етті. Жәдидшілдік, мұсылманшылдық өрлеген кезде 
түркияда латын әліппесінің қозғалысы күшейе түсті. 1908 жылы 
түрік парламентінде жаңа әліпби мәселесі көтеріліп, комиссия 
құрылды. алайда комиссияда ауызбірлік болмағандықтан, бір 
жылдан кейін тарап кетті.
1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Әзербайжанда әліпби 
өзгерту мәселесі қайта көтеріле бастады. 1919 жылы Бакуде
Халық ағарту комиссариаты жанынан әліпбиді өзгерту мәселесі 
бойынша комиссия құрылып, бір жыл ішінде латын әліпбиін 
үйрету мәселесін қойды. 
ХХ ғасырдың 20-жылдары кеңес үкіметі әліпбиді алмастыру 
мәселесін көтерді. араб әрпінен латын әрпіне көшу шараларын 


224
225
іске асыруда үкімет тарапынан арнайы дайындық жұмыстары 
жүргізілді. Якут республикасы 1921 жылы латын әліпбиіне 
көшті. 1919 жылға дейін арнайы жазуы болмаған Якутияның 
“Батлинговский” атанған орыс әрпіне негізделген жазуы бар еді. 
1919 жылы якут студенті мерзімді басылым бетіне латын жазуы 
негізінде якут әліпбиінің жобасын жариялап, халық талқысына 
ұсынды. Ол кең қолдау тауып, барлық мектептер мен жоғарғы 
оқу орындары осы әліпби негізінде оқыта бастады. 1921 жылы 
Якут автономиялық республикасы жарияланғаннан кейін 
новгородов үлгісіндегі латын әліпбиі мемлекеттік әліпби ретін-
де қабылданды.
1922 жылы 30 қаңтарда Бакуде нариман нариманұлының 
ұйымдастыруымен араб жазуын латынға алмастыру мәселесін 
көтерген түрік оқығандарының жиналысы өтті. Онда 1922 
жылы орыс графикасына көшіруге қарсы болған бұқара 
халықтың наразылығын ескеріп, комитет төрағасы н.нариманов 
(С.агамалыоглы) араб жазуын латынға ауыстыру туралы ұсыныс 
жасады. Ұзақ талқылаулардан кейін бұл ұсыныс қабыл алынып, 
н.нариманұлының төрағалығымен жаңа әліпбиге көшуге байла-
нысты арнайы комитет құрылды. Комитет “Жаңа түрік әліпбиі” 
атты кітап шығарып, мектептерде осы кітаппен оқытуды 
ұсынды. 1924 жылы Әзербайжан үкіметі латын әліппесі негізін-
де құрылған жаңа әліпби шығару туралы декрет қабылдады. 
Башқұрттар 1924 жылы жаңа әліпбиге көшу мәселесін 
көтеріп, ташкентте өткен іі пленумнан кейін Башқұрт үкіметі 
жаңа әліпби жобасын жасап, оны 1928 жылдың 7 мамырында 
бекітті. Жаңа латын әліпбиіне армяндар 1924-25 жылдан бастап 
көше бастады, 1926-27 жылдары бұл елде 30 шақты жаңа әліпби 
ұялары мен үйірмелері болып, оған 1460 адам мүше болса, 1928 
жылы мүшелерінің саны 2800-ге дейін жетті. 
абхаз республикасы 1925 жылы профессор н.Я. маррдың 
әліпбиін қабылдады. түркімен КСр-да 1927 жылдың 7 сәуірінен 
бастап жаңа әліпби комитеті құрылып, 1928 жылы 3 қаңтарда 
ташкентте өткен іі пленумда түркімен республикасы Орталық 
атқару Комитетінің қаулысымен латын әліпбиі мемлекеттік ал-
фавит ретінде жарияланды. 
түркімендер жаңа әліпбиге көшудің нақты мерзімін 1929 
жылдың 5 қарашасына дейін аяқтауды белгіледі. 1926-27 жылда-
ры Өзбекстанда латын әліпбиіне көшуге арналған 19 дайындық 
курс ашылды. 
1923 жылдан бастап Қазақстанда да латын әрпіне негіз-
делген жаңа әліпбиге көшу мәселесі көтеріле бастады. 1923-27 
жылдар аралығында жаңа әліпбиді қолдаушылар мен бұрынғы 
әліпбиді жақтаушылар арасында тартыс, талас басталды. 1925 
жылдан бастап жаппай латыншылардың “Жаңа әліпбишілер 
үйірмесі” немесе “латыншылар үйірмесі” құрылды. 1925 жылы 
н.төреқұловтың “Жаңа әліпби туралы” атты кітабы басы-
лып шықты. Қазақстанда латын әрпіне көшу мәселесін нәзір 
төреқұлов пен мұхтар мурзин көтерді. Олардың бұл бастама-
лары 1924 жылғы Қазақ білімпаздарының жиналысында үлкен 
айтыс-тартысқа түсті. н.төреқұловтың “Жаңа әліпби неге ке-
рек?” деген кітабы мәскеуде жарық көрді. 
1924 жылы Қазақ білімпаздарының съезінде Халел 
Досмұхамедұлы латын әрпін алуға қарсы болғанмен, ла-
тын әріптерінің жобасын жасауға қатысады. “ақ жол” газеті-
не жариялаған “Қазақ тіліне латын әрпін алу мәселесі” деген 
мақаласында: “Өзіміздің осы күнгі әрпімізді бірден тастай са-
лып, латын әрпін алуға қарсы пікірде болсақ та, айналамыздағы 
желіктің салқыны бізге де тиді. Қолданбасақ та латын әріптерін 
біз де тілімізге үйлестіріп көру керек. топқа түсетін болсақ, біз 
де өзімізге лайық жобамен түсу керек. Пән ретінде қолдануға 
тағы керек”, – дейді. Ғалым латынның 14 әрпі (а, б, д, г, к, л, м, 
н, о, п, р, с, т, з) қазақ әрпіне сәйкес келетінін, сондықтан оны 
өзгеріссіз қабылдауды ұсынады. ал ң, ө, ш, қ, ч сияқты әріптердің 
латын тілінде жоқтығын айта келіп, оған лайықты шет тілдерде 
(неміс, ағылшын, поляк) қолданылып жүрген әріптерді жазуға 
болатынын көрсетеді. мәселен, “ш” әрпін ағылшындарша “sh” 
деп жазуды ұсынады. Ол әріптерді латынша таңбалағанда,
еуропалықтардан алысқа кептей, солардың қолданып жүрген 
таңбаларын қолдану қажеттігін де баса айтады. 
...1928 жылдың қаңтар айында ташкентте жаңа әліпби 
Бүкілодақтық Орталық комитетінің іі пленумы болып, 
жаңа әліппе мәселесі бойынша істелген жұмыстардың есебі 
тыңдалды. іі пленумнан кейін қалың бұқараның қалауымен 
Өзбекстан, татарстан, Башқұртстан республикалары жаңа 
әліпбидң алу туралы декрет қабылдады. ендігі кезекте 
Қазақстан мен Қырым республикалары латын әліпбиіне көшуі 
керек болды. Сол себепті жаңа әліпби комитеті қалың бұқара 
арасына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін латыншылар 
қозғалысын ұйымдастыру мәселесін көтерді. 1928 жылдан бас-


22
227
тап Қазақстанда жаңа әліпби (латыншылар) қозғалысы өрістей 
бастады. республиканың мерзімді басылымдарында қозғалыс 
барысы, латын әрпін насихаттау жұмысының барысы туралы 
хабарлар жарияланып тұрды. 
...Қазақ латыншылары 1931 жылға дейін жаңа әліпбиге 
түпкілікті көшіп болатынын хабарлаған болатын. Бұл шараны 
іске асыруда басқа республикалар белсенділік танытып, газет-
журналдарды латын әліпбиі негізінде шығарып, мектептері осы 
графиканы үйрете бастаған еді. ііі пленум “жаңа әліпби барлық 
жерде 1-2 жылда толық іске ассын” деген қаулы шығарады. 
Жаңа түрік Әліпбишілері Бүкілодақтық Орталық Комитеті мен 
Президиумының құрамына О.Жандосов сайланады. ііі пленумға 
О.Жандосов жаңа әліпби мәселесі бойынша Қазақстан тарапы-
нан дайындалған резолюцияны ұсынды. Онда қазақ халқының 
жаңа әліпбиді қолдайтынын айта келіп, таяу арада жаңа әліпбиді 
енгізу шараларын қарқынды түрде дамыту қажеттігі туралы сөз 
болды. ііі пленум Жаңа түрік Әліпбиінің (ЖтӘ) Орталық атқару 
Комитетіне Қазақстандағы ЖӘК жұмысына материалдық қолдау 
көрсету қажеттігін ескертті.
...1929 жылдың 24 қаңтарында ҚаКСр Орталық атқару 
Комитетінің төрағасы е. ерназаров пен осы комитеттің хат-
шысы а. асылбековтің қол қоюымен Қазақ Орталық атқару 
Комитетінің 6 шақырылымының IV сессиясының шығарған 
шешіміне сәйкес жаңа латын әліпбиі бекітілді. ііі пленум-
нан кейін қазақ латыншыларының конференциясы өткізілді. 
Онда 1929 жылдың аяғына дейін Қазақстанның 75 000 адамы-
на жаңа әліпбимен хат танытып, 600 000-700 000 дана жаңа 
(латын) әліпбиін ел арасына тарату қажеттігі баса айтылды. 
1929 жылдың 26 ақпанында жаңа қазақ әліпбиін енгізудегі 
Қазақ аКСр IV сессиясының шешімдерін уақытында орындау 
мәселесі қаралып, 1929 ж. 1 сәуірінен бастап бүкіл мекемелер-
ге жаңа әліпбиді енгізу, осы мекемелердің қызметкерлеріне 1 
маусымына дейін жаңа әліпбиді үйренуді міндеттеу және жаңа 
әліпбиді үйренуде оқу кітаптарын, қосымша құралдар шығару, 
жаңа әліпбиді үйрететін орындар (пункттер) ашу туралы қаулы 
қабылданды. 
Жаңа түркі жазуының негізін ұзақ талқылау мен өңдеуден 
кейін 1929 жылдың 7 тамызында КСрО Орталық атқару 
Комитетінің төралқасы мен КСрО Халық Комиссарлары Кеңесі 
“Жаңа қазақ алфавитін енгізу туралы қаулы” қабылдады. 1929 
жылдың 14 тамызда жаңа әліпбиді Халық ағарту комиссариа-
ты қазақ мектептеріне латын әліпбиін толықтай енгізудің соңғы 
мерзімін 1930 жылдың 14 тамызына, яғни Қазақстанның 10 
жылдық мерейтойына дейін аяқтауды белгіледі. Осы қаулы 
бойынша латын әліпбиінің енгізілу барысын тексеруге арналған 
комиссия құрылды. 
Осы жылы жаңа түрік әліпбиінің Орталық Комитеті 
Одақтық Орталық атқару комитеті жанындағы жаңа әліпбидің 
Бүкілодақтық орталық комитеті болып қайтадан құрылды. Бұл 
комитет 1940 жылдың соңына дейін жұмыс істеді. 1940 жылдың 
соңына қарай «латындандырылған қазақ жазуын орыс графика-
сы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды. 
КСрО түркі халықтарының жазуы ретінде орыс әліпбиінің (ки-
риллица) енгізілуіне байланысты комитет таратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет