Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


мәдени-әлеуметтік, лингвистикалық



Pdf көрінісі
бет164/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

мәдени-әлеуметтік, лингвистикалық жағы басым түсуі шарт.
Қазіргі кезде әліпби саясатымен байланысты қоғамдық пікір 
екіұдай болып, үмітшілдер жағы (апологеттері) латынға көшуді 
қызу қолдап жатса, күдікшілдер жағы (оппоненттері) күмән кел-
тіріп, қарсы болып жатыр.
Үмітшілдердің уәжі:
Орыс әліпбиі (кирилл әліпбиі) ұлт тілдерін ассимиляция-
лау мақсатын көздеп, кезінде зорлықпен, күштеумен таңылған. 
тоталитарлық қоғамның унитарлық саясатының салдарынан ары-
луымыз қажет деп, өзбектер де, әзербайжандар да, түрікпендер 
де, молдавандар да латынға көшті, ал қазақтар шешек шыққан 
үйдей шетте жалғыз қала бермек пе? түркітілдестер бір әліпби 
кеңістігінде болғаны дұрыс (с а я с и ф а к т о р).
Ғылым да, білім де Батыста (Батыс деп отырғаны – Батыс 
еуропа, Солтүстік америка елдері), солардың озық техноло-
гиясын игергендер экономикалық жағдайларын түзей бастады. 
¤ркениеттің кең өрісіндегі елдермен әліпбиіміз де бір кеңістікте 


292
293
болуы қажет. Бәсекелеске қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу 
жалпы ұлттық идеяға айналып отыр. интернет жүйесіне кіріп, 
қазақ тілінің коммуникациялық, ақпарат тарату, алу ауқымы 
кеңейеді (с а я с и-ә л е у м е т т і к ф а к т о р).
Қазіргі әліпбиде басы артық әріптер көп, емле ережелерін 
қайта қарау қажет, орыс тілінің жазу тәртібімен қазақ әліпбиінің 
кіндігі байланып қалған. мұндай түйткілдерден жазу-сызуы-
мызды арылту үшін латынға көшу қажет (л и н г в и с т и к а л ы 
қ ф а к т о р).
Күдікшілдердің уәжі:
Үшінші рет қаріп (шрифт) ауыстырудан не пайда? Жетпіс 
жыл бойғы рухани дүниемізден келер ұрпақ тағы да көз жазып 
қалып, аға буын жаңа жазуды үйрене алмай сауатсыз болып 
қалады (ә л е у м е т т і к-п с и х о л о г и я л ы қ ф а к т о р).
ел жағдайы шүкіршілік дегенмен, әліпби ауыстыру қыруар 
қаржыны қажет етеді (э к о н о м и к а л ы қ ф а к т о р).
Әліпби ауыстыру саясатын еліміздегі орыстілді отандастары-
мыз хош ала қоя ма? 8 мың шақырым шекаралас көршілеріміз де 
құптай қоймас, ресейден теріс айналып, Батысқа бет түзеді деп 
түсінбей ме? (с а я с и ф а к т о р)
Әліпбиді өзгертпей-ақ, кем-кетіктерді ішінара жөндеуге бо-
лады (л и н г в и с т и к а л ы қ ф а к т о р).
Орыс жазуына жетпіс жыл бойы бауыр басып қалдық, исі 
сіңді, сондықтан әліпби ауыстыру жұртшылыққа қиын тиеді (п 
с и х о л о г и я л ы қ ф а к т о р).
Әліпби ауыстырып, латынға көшпесе де, экономикасы көш 
ілгері Жапония, Оңтүстік Корей тәрізді елдер бар. Қытай тәрізді 
алып ел бұл мәселені жылы жауып қойды. Одақтас елдің сана-
тында болған грузин, армян елдері әліпби ауыстырамыз деп ба-
сын ауыртып жатқан жоқ. Олай болса әліпби парадын жасаудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет