Орындаған: Шелекбай Сая Тобы; Миф 21-2К Әдістемелік нұсқаулар



бет1/2
Дата20.06.2023
өлшемі17,17 Kb.
#102495
түріНұсқаулар
  1   2

Орындаған: Шелекбай Сая
Тобы; Миф 21-2К
Әдістемелік нұсқаулар
1. Берілген тақырып бойынша материалдарды оқу.
2. Берілген тапсырмаларға жауап беру.
3.Дайындаған мәліметтерді топтау.
4. Қысқаша талдау жасау.
Тақырыбы: Мектеп гигиенасы.
Сұрақнама
1. Мектеп гигиенасы туралы түсінік.
Мектептегі оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.
Мектеп оқулықтары тез тозбайтын, ақ немесе сәл сарғыш түсті тегіс қағаздан жасалады. Мемлекеттік стандарт бойынша 1-ші және 2-ші номерлі А және Б маркалы қағазды пайдалануға болады. Кітаптың мұқабасы мықты, ұзақ пайдалануға болаты, салмағы жеңіл, оңай дизенфекциаланатын болуы тиіс. Кітаптың әріптері мен суреттері анық, біркелкі тегіс типографиялық қара бояумен басылады, 1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтардың әріптері мен цифрларының биіктігі 2,8мм, әліппелерде – 4,5-3,5мм, 2-4-ші сыныптар үшін 2,1-1,75мм, 5-11-ші сыныптарға 1,75-1,50мм. Кітаптардың ішіндегі суреттері әдемі, әр түсті, көз тарататындай болу керек. Сөздердің аралығы 2мм, әріптер аралығы 0,5мм. Оқулықтардағы әріптер тығыздығы гигиеналық талап бойынша 1см2 жерде 1,5 әріптен аспау керек. Әріптер жолының ұзындығы 100-110мм. Жолдың мұндай ұзындығы сөйлемдердің толық мағынасын түсінуге ыңғайлы.
Мектеп гигиенасы жалпы гигиена (гигея — емдеуші, денсаулық әкелуші) ғылымымен тікелей байланысады. Гигиена адам денсаулығына қажетті сыртқы ортаның (экологиялық) жағдайларын және аурудың алдын алуға бағытталған шараларды зерттейтін ғылым.Адам денсаулығы табиғи және әлеуметтік-экономикалық әсерлерге байланысты қалыптасады, сондықтан гигиена ғылымы оған қажетті түрлі сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырып, оларды жүзеге асырып, бақылайды. Халық денсаулығы, әсіресе халықтың болашағы — балалар мен жастардың денсаулығы әлеуметтік мақсат болғандықтан, табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жонге келтіру, денсаулық сақтауға қажетті мөлшерлерді жасына сай анықтап, оны іске қосу мәселелерін гигиена ғылымы шешеді.
2. Оқу гигиенасы
Мектепте, әсіресе бастауыш сыныптарда, сабақтың көп уақыты оқуға және жазуға бөлінеді. Бұл жұмыс оқушылардың ми қабығының қызметімен ғана байланысты емес, сондай-ақ көзің жұмысымен де байланысты.Сабақта оқыған кезде, кітаптың көлбеу орналасуы, үй жағдайында немесе кітапханада жұмыс істеген кезде балалар мен жас өспірімдердің кітап оқуын жеңілдету және көздің шаршауын азайту үшін кітаптың астына арнаулы тығырық қоюға болады.
Дұрыс отыру талабын орындау – оқу гигиенасының міндетті талабы. Кітапты жатып оқуға үзілді – кесілді тиым салу қажет, өйткені бұл жағдайда кітапты дұрыс ұстауға мүмкіндік болмайды.Көздің қалыпты жұмысы бұзылады да оқушының шаршауы ұлғайады. Тамақ ішіп отырған кезде кітап немесе газет оқу да зиянды, оқыған кезде оқушыларды жеткілікті жарық мөлшерімен , жарық сәулелерінің дұрыс бағытымен, сондай – ақ тыныш жағдайымен қамтамасыз ету мектеп гигиенасының аса маңызы болып табылады.
3. Жазу гигиенасы Жазу гигиенасы. Жоғарыдағы оқушыларды отырғызу, оқу кезіндегі табиғи және жасанды жарыққа қойылатын талаптар жайлы айтылғандарды толығымен жазу гигиенасы туралы да айтуға болады, бірақ жазуға тағы бірқатар талаптар қойылады. Бұл талаптар жазу процесінің физиологиялық ерекшеліктерінен келіп шығады: жазу кезінде мидың қабығы мен көру органы ғана жұмыс істеп қоймайды сонымен қатар дененің көптеген еттері де жұмыс істейді.Тез жазу баланы қатты шаршатады. Жазу кезінде оқушыныдұрыс отырғызудың оқу кезіндегіден гөрі де маңызы зор, өйткені жазу кезінде бала немесе жас өспірім үнемі қимыл жасап отырады. Баланың тұла бойы дұрыс орналаспаған жағдайда әсіресе бас азды көпті алға қарай еңкейгенде, оны ұстап тұрған мойынның бұлшық еттеріне күш түседі. Осының нәтижесінде бұлшық еттертезірек шаршайды. Балалар мен жас өспірімдер жазудың гигиеналық ережелерін оңай бұзады.Қиғаш жазу ең алдымен дұрыс және балалар мен жас өспірімдердің бойына сәйкес жасалған парталардың болуын талап етеді. Қиғаш жазу кезінде дәптер оқушы тұла бойының орта тұсына қарсы орналасу керек. Ол столдың шетіне қиғаш жатуға тиіс.Жоғарыдағы оқушыларды отырғызу, оқу кезіндегі табиғи және жасанды жарыққа қойылатын талаптар жайлы айтылғандарды толығымен жазу гигиенасы туралы да айтуға болады, бірақ жазуға тағы бірқатар талаптар қойылады. Бұл талаптар жазу процесінің физиологиялық ерекшеліктерінен келіп шығады: жазу кезінде мидың қабығы мен көру органы ғана жұмыс істеп қоймайды сонымен қатар дененің көптеген еттері де жұмыс істейді.Тез жазу баланы қатты шаршатады. Жазу кезінде оқушыныдұрыс отырғызудың оқу кезіндегіден гөрі де маңызы зор, өйткені жазу кезінде бала немесе жас өспірім үнемі қимыл жасап отырады.
4. Мектеп тәртібінің негізгі элементтері.
-тазалық;
-тыныштық;
-тәртіп;
-Гигиенаны сақтау;
-Дұрыс отырып оқу,жазу,т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет