Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары қалай таңбаланады?



Pdf көрінісі
бет171/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары қалай таңбаланады? 
Дауыстыларды диакритикамен: <ә> фонемасын ä/ă таңба- 
ларының, <ө> фонемасын ц/ŏ әріптерінің бірімен, <ұ> дыбы-
сын ŭ, <ү> дыбысын ь әрпімен, <ы> дыбысын э<і> дыбысын і
әрпімен беру немесе дәйекше арқылы белгілеуге болады. 
Сонда қазақ тілі дауыстылары үшін (егер дәйекше қолда- 
нылмаса) латын жазуының мына таңбалары лайық: -a, <ә>- 
ă, <ы> – э, <і> – і, <ұ> – ŭ, <ү> – ь, – o, <ө> – ц, <е> – е. 
Дауыссыздардан <қ> фонемасының
бірнеше таңбасы 
ұсынылып жүр: Qq, Кк, Í í әріптері, ал <к> фонемасы үшін 
Кк және Сс таңбалары тең ұсынылып жүр. егер бір инвари-
ант фонеманың жазуда таңбаланатын варианттары өзара ұқсас 
әріппен берілуі керек деген әліпби теориясына салсақ, онда 
жуан дауыссызды <қ>-к, ал жіңішке дауыссызды <к>-í деп 
таңбалау дұрыстыққа әкеледі. ал егер қабылданған әліпбиде 
сол дауысты беруге сәйкес келетін әріп таңбасы (мұнда, мысалы 
Qq – әрпі) болса, онда әліпби мүмкіндігін пайдалану дұрыс деп 
танылады. Біздің ойымызша, <қ> фонемасы үшін басы артық 
диакритикалық таңбадан гөрі, q әрпін қолдану тиімді. ал <к> 
фонемасына к таңбасы бар, <ң> фонемасын ŋ әрпімен, <ш> өзге 
түркі әліпбилеріне сай ş әрпімен таңбалаймыз.
енді бір пікір “орыс жазуындағы я, ю әріптері а, у 
фонемаларының жіңішке варианттарын таңбалайды. Сондықтан 
қазақ жазуындағы бұл әріптер өз қызметінде тұрған жоқ, әрі са-
уат ашу ісінде, тасымал жасауда, буын жігін үйретуде қиындық 
тудыратын таңбалар болып отыр. Кейбір сөздердің жазылуын 
жаттап алуға тура келеді (қояйын, аяйын)” дегенге саяды. Бірақ 
я, ю әріптері қазақтың төл сөздерінің дыбысталуына кері әсерін 
тигізгені туралы мәлімет болған емес. Бастауыш сыныпта бұл 
әріптерді <й> мен <а>-ның, <й>-мен <у>-дың қосындысы деп 
оқытады (тек и мен у-дың дыбыс құрамын дұрыс бермейді). 
Дегенмен я, ю, л әріптерінің қос дыбыс мәнін беруі сөздің буын 
құрамын белгілеуге зиянын тигізіп келді десе де, жазу үнемділігі 
үшін едәуір жеңілдік еткенін мойындау керек. ендігі жазуда, мы-
салы, аю, сою, қию сөздері ajuw, sojuw, qэjuw деп, 2-3 әріпті, не-
месе компьютер тетігін артық басатын боламыз. Әйтпесе, ру, су, 
аю, қию сөздері екі, үш әріппен жазылса да ұ-рұу, сұу, а-йұу, қы-
йұу деп, 4:3, 4:5 дыбыспен айтылып, екі буыннан құралады деп 
үйрету ауызша тіл мен жазба тілдің айырмашылығын көрсетер 
еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет