Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет94/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Пысықтау сұрақтары:
1) араб графикасына негізделген қазақ жазуында дауыстылар 
қандай таңбамен белгіленген? 
2) Дауыстылар қандай белгілері бойынша топтастырылған? 
3) Әліпби құрамы қандай болды?
4) Қадим жазуының басты ерекшелігі неде? 
1-тапсырма.
Төмендегі қадим жазуымен жазылған сөздерді қазіргі 
жазуға түсіріңіз.
ﻰﻠﺮﻭﺘﺮﺁ , ﻰﺮﺎﺒ, ﻰﻟﺎﻧﻭﻜ, ﻪﺴﺮﻴﻨ ,ﻦﺍﺪﻨﺗﻳﻟﻭﻴﺪ, ﻪﻜﺭﺍﺩﺯﺒ, ﻦﺍﻭﺭﻴﻜ, ﻦﺎﻜﻳﺪ,ﻚﻴﺳﻴ, ﻰﻜﻳ, 
ﻦﻴﻜﻴ, ﻪﭘﺮﻮﻜ, ﻪﻨﺠ,  ﻪﻜﻪﻴﻭﺗ . 
2-тапсырма.
Төмендегі араб жазуымен басылған мәтіннің графика-
орфографиялық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
ﻦﺎﻗﻗﭽ ﺎﻐﻜﻨﻨ ﺍ ﻥﻴﻤ ﻯﺎﺒﺮﺎﺻ ﻯﺎﺒ ﺍﺮﻗ
ﻦﺎﻐﻗﭽ ﻪﻘﻜﻨﺍﺪ ﻯﺮﻭﺍﺩ ﻙﻨﻨﻭﺎﻜﻴﺍ
ﻪﺳﺘﺎﻴ ﻪﻟﻴﻜ ﻚﻨﻮﺼ ﻥﺎﻐﻟﺳﻭﻘ ﻯﺎﺒ ﻰﻜﻴﺍ 
ﻥﺎﻘﭼﺎﻗ ﺍﺮﻭﺗ ﻞ ﺍﺮﺎﻤ ﺯﺍﻮﻮﺑ ﻦﺍﺪﻧﻭﺪﻟﺁ
Қарабай Сарыбай мен аңға шыққан
Екеуінің дәуірі даңқа шыққан
Екі бай қосылған соң келе йатса
Алдұндан бұуаз марал тұра қачқан.


174
175
8-семинар. Араб графикасына негізделген
қазақ жазуы: жәдид жүйесі

араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес 
келе бастаған, демократияланған түрі – жәдид деп аталады. Бұл 
жазу реформасы нобель сыйлығының иегері, Қырым татары
и.Гаспыралының жаңа әдісті мектебі – усул жадидпен байла-
нысты. 
Жадид жазу үлгісінің басты ерекшелігіне 
- дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба 
арқылы беріліп, жазуда хатқа түсіп отыруын, 
- араб және парсы сөздерінің тілімізге икемделіп өзгеріске 
ұшыраған түрінің таңбалануын, 
ң дыбысының қадим жазуындағыдай сегіз түрлі таңбалар 
арқылы емес, екі түрлі таңбамен берілуін, 
- араб әліпбиіндегі басы артық таңбалардың қолданылмауын 
айтуға болады, мысалы, қазақ сөздерін таңбалауда араб әліпби 
жүйесіндегі мына таңбалар қолданылмаған деуге болады: ﻆ , ﺙ ,
ﺾ , ﺫ . Осы айталғандардан қадим жазуының біртіндеп жүйелене 
түсіп жадид кезеңіне өткенін көруге болады.
«түркістан уалаяты» газетінде дауыстылардың харакат 
арқылы беріліп, жазуда таңбаланбауы сирек ұшырасады. Бұл 
үрдіс «Дала уалаяты» газетінде біртіндеп жүйелене түседі де, 
араб жазуымен басылып шыққан кітаптарда дауысты дыбыстар 
жүйелі түрде жазуда таңбаланып отырады. 
«түркістан уалаяты» газетінде харакаттар белгіленбеген, 
бірақ жазылмаса да олар дауысты дыбыстың мәнін береді. 
Дегенмен харакаттары қойылған сөздерді аз да болса кездестіру-
ге болады: дамма арқылы берілген сөздер: құл және күң – ﻚﻨُﻜ
(1874, №6), күтүб – ﺐﻭﺘُﻜ ,  құшақтасыб – ﺐﺴﺎﺘﻘﺎﺸُﻗ , құрметтеб 
– ﺏﻴﺪﺘﻤﺭُﻗ (1874, №10), тұхым – ﻢﺤُﺗ ,  құдай – ﺍﺪُﺤ (1874, №16), 
құл – ﻝُﻘ (1977, №30). Фатха арқылы белгіленген сөздер: бағасы 
 ﻰﺳﺎﻐَﺒ (1875, №1), ақраб – ﺐَﺭﻘﺍ (1874, №24). 
Кесра, яғни қысқа и арқылы беріліп, жазуда таңбаланған 
сөздер кездеспейді. ал даммалы алиф арқылы беріліп харакаты 
таңбаланған үйнүң – ﻚﻧﻮﻨﻳُ١ (1874, №16) деген сөзді кездестірдік. 
Сөз басында келетін ы, і дауысты дыбыстары жүйелі түрде ке-
3 Семинарға оқу үшін берілген бұл мәтін Г.мамырбекованың «XVIII-
XIX ғғ. араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық 
ерекшеліктері» атты зерттеуінен (алматы, 2006) алынды.
сралы алиф арқылы таңбаланған, яғни иа таңбасы арқылы жазу 
кездеспейді.
Сөз ішінде бір дауыссыз дыбыс қосарланып келсе, біреуі ғана 
жазылып үстіне «ташдид» белгісі қойылады. «ташдид» белгісі 
қойылған сөздер өте сирек ұшырасады. ташдид арқылы берлі-
ген сөздердің көбі араб тілінен енген сөздер: амма – ﺎﱠﻣﺍ (1876, 
№1; 1879, №14), ауал – ﻞﱠﻭﺍ (1876, №9; 1879, №8), мәдәт – ﺕﱠﺪﻤ 
(1879, №27), алла – ﻪﱠﻟﻟ ﺍ (1882, №1), руссиа – ﻪﻳﱢﺳﻭﺭ ,  қазақиа 
ﻰﱢﻴﺍﺯﻗ (1876, №2).
араб тілінде екі алиф қатар келсе біреуі ғана жазылып үстіне 
мадда белгісі қойылады. ал газетте дыбыстық мәні бар алифтің 
үстіне ғана мадда белгісі қойылып отырған. маддалы алифпен 
сөз басындағы а, ә дауыстылары таңбаланған: алыб – ﺐﻠﺁ , әкел 
 ﻞﻴﻛﺁ . Дыбыстық мәні жоқ алифке мадда белгісін қою газеттер-
де мүлде кездеспейді. Бұл ерекшеліктің қадим жазу жүйесінде 
толықтай сақталғанын ескерсек, жадид жазу кезеңінде де 
жалғасын тапқанын көреміз.
Харакаттар дауысты дыбыстарды беруде сирек ұшырасады. 
О, ө дыбыстары харакатпен емес, тек таңба арқылы жазуда 
қойылып отырғанын байқаймыз. Бұл жадид жазуының негізгі 
ерекшеліктерінің бірі, яғни бір дыбысқа бір таңба. Бұл үрдіс 
араб жазуымен басылып шыққан кітаптарда жүйелене түсіп, ба-
сым сипат ала бастайды.
... Газеттерде өнер, баға, ауа сөздерінің парсылық тұлғасын 
бұзбай таңбалау басым болып келеді. мысалы, өнер/һөнер, 
баға/баһа ауа/хауа
Газеттердің ең басты ерекшелігі қысаң дауыстылар ы мен 
і-нің жазуда таңбаланбауы. Сонда газеттерде еріндік дауысты-
лар о, ұ, ұ, ү дыбыстары жүйелі түрде жазуда белгіленіп отыр-
са, ал ы, і қысаңдары таңбаланбаған. Баслұб, бітүбді деген 
аздаған сөздердің еріндікпен таңбаланғаны болмаса, басым 
көпшілігінің жазуда белгіленбегенін көреміз. мысалы, барб (ба-
рып), келб (келіп), қарздары (қарыздары), қлб (қылып). ал жаз-
баларда сөздің соңғы буынындағы ы, і қысаңдары еріндік ұ, ү
әріптерімен көп жағдайда таңбаланып отырған.
... Жадид жазуымен басылып шыққан кітаптардың таңбалану 
ерекшеліктері: 
1. Дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес, таңба арқылы 
беріліп, жазуда хатқа түсіп отырған, араб әліпбиіндегі 28 әріп 
таңбаларының барлығы дерлік (бір мәтін ішінде) қазақ сөздерін 


176
177
таңбалауда қолданылмаған, жуан сад (ﺺ) және жуан та (ﻂ) 
әріптері тек жуан дауысты сөздерде ғана таңбаланған.
2. Әр баспаның өзіне тән жазу жүйесі болған. мысалы, бір 
баспада көбінесе  че () қолданылса, екіншісінде керісінше, шин 
(ﺵ) таңбаланады. Кей баспада қысаңдар еріндікпен таңбаланса, 
кейбірінде керісінше жүйелі түрде жазуда таңбаланбай отырған 
(соңғысы жиі кездеседі).
3. Қадим жазу дәстүрі бойынша дауысты дыбыстардың алды-
нан қойылатын үнсіз алиф пен дыбыстық мәні бар маддалы алиф 
жүйелі түрде сақталып отырады. Бұл араб жазуымен шыққан 
барлық кітаптарға тән белгі. 
4. араб-парсы сөздері жазуда түп тұлғасын сақтаумен қатар 
қазақ тілінде икемделген фонетикалық нұсқасы арқылы да бері-
ле бастаған.
5. г және ң дыбыстарының таңбасы араб әліпбиінде жоқ 
болғандықтан да болар, көбінесе ң дыбысы жүйелі түрде түркілік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет