Адамның жануарлар дүниесінің әрбір жүйелік топтарына тән ұқсас белгілері: Р/с Жүйелік топтар Адам ағзасындағы ұқсастық белгілер 1
Хордалылар
(желілер) типі
Ұрығының дамуында хор даның (желінің), жүйке түтігінің, жұ тқыншақтың
екі бүйірінде көптеген желбезек саңылау ларының болуы.
2
Омыртқалылар тип
тармағы
Денесінің арқа жағында ұзына бойы орналасқан көптеген омыртқалар
тізбегінен тұратын омыртқа жо тасының болуы. Миының бес бөлімге
(алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопақша ми және мишық) бөлінуі; екі жұп
(алдыңғы және ар тқы) аяқтарының болуы; жүрегінің денесінің құрсақ
жағында орналасуы.
3
Сүтқоректілер
класы
Терісінде тер, май және сүт бездері мен түктерінің болуы; ми қыртысының
күрделі дамуы, тістер інің жеке топтарға (күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу
тістер) жіктелуі; кеуде қуысы мен құрсақ қуысының арасын бөліп тұратын
көкеттің (диафрагма) болуы; қалдық белгілер (рудимент) мен арғы ата
тегінің белгілер ін (атавизм) қайталауы және т.б.
4
Нағыз аңдар класс
тармағы
Етті еріндерінің болуы; ұрпағын тір і туып, сүтпен асырауы; сүт бездерінің
ұшында ұрпағы еметін емшектің болуы және т.б.
5
Ұрықжолдастылар
инфракласы
Жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын ұрықжолдасының (плацента)
болуы; ұрығының аналық ағзадағы арнайы мүше – жатырда дамуы және
ұрығының ұрықжолдасы арқылы қоректенуі және т.б.
6
Маймылдар отряды
(приматтар)
Кеу де тұсында бір жұп сү т бездер інің болуы; саусақтарының ұштарында
мүйізді тырнақтары мен алақанында бедерлі өрнектерінің болуы; алдыңғы
аяқтарындағы басбармағының басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасуы;
етеккір кезеңінің ұқсас болуы; жү ктілік мерзімінің 9 айға дейін созылуы т.б.
7
Жоғары
сатыдағы
маймылдар
отряд
тармағы
Көпшілік түрлер інде құйрығының болмауы; миының мөлшерінің төменгі
сатыдағы маймылдардан едәуір үлкен болуы; алдыңғы ми сыңарларында
көптеген
сайшалар
мен
иірімдер дің
болуы;
саусақтарындағы
тырнақтарының жалпақ (үшкір емес) болуы; қан топтары мен қан
құрамындағы резус-факторлардың ұқсас болуы және т.б.
8
Тартанаулы
маймылдар
инфраотряды
Мұрын қуысының перде арқылы тар қуыстарға бө ліну і; танау тесіктерінің
бір-біріне жақын, әрі төмен қарай орналасуы. Миының жақсы дамуы және
т.б.
9
Адамтектес
маймылдар
тұқымдас үсті
Тұлғасының ір і болуы; ұртының жақсы дамуы; шонданайында сүйелді
түзілістің болуы; құлақ қалқанының ұқсастығы; үлкен ми сыңарларының
маңдай бөлігінің жақсы дамуы; көптеген ішкі мүшелер інің (бүйрек, өкпе,
т.б.) құрылысының ұқсас болуы; қалдық мүшелердің (аппендикс, т.б.)
сақталуы; иммундық қасиеттер інің ұқсастығы; көптеген жұқпалы
аурулардың таралуының ұқсас болуы және т.б.
10
Адамдар тұқым дасы Екі аяғымен тік жүріп тіршілік етуі; аяқ-қол бұ лшықеттерінің жақсы дамуы,
табан сүйектерінің күмбезденіп орналасуы, бесбармақтарының өте күшті
дамуы; қолбасы сүйектерінің күрделі қозғалыстар жасауға икемділігі;
омыртқа жотасында 4 иілімнің пайда болуы; жамбас қуысының кең болуы;
бассүйегіндегі ми сауыты бөлімінің бет бөлім інен едәуір үлкен болуы,
көзінің биноку лярлық көру ерекшелігі; иық буынының әр түрлі бағытта
қозғала алуы және т.б. Еңбек құралдарын жасауға қо лының икем болуы;
қоғамдық еңбек етуіне байланысты санасының жетілуі, сөз арқылы қарым-
қатынас жасауы және т.б.