Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Адам анатомиясы лекция

экспериментті әдістер деп бөлінеді. 
Іші қуысты мүшелерді зерттеуде көбіне инъекция (ішіне сұйық зат толтыру) және коррозия 
әдістері қолданылады. 
Соңғы 
кезде 
анатомиялық 
зерттеулерде 
микроскопиялық, 
ретгеноскопиялық, 
компъютерлік томографиялық және т.б. әдістер жиі қолданылады. 
Анатомия ғылымының тарихи дамуына қысқаша шолу. Жалпы адам анатомиясы туралы 
деректер адам пайда болған кезден бастап-ақ пайда болған. Ертедегі Қытай, Үнді, Мысыр елдерінің 
деректерінде адамның жеке мүшелері жайлы қарапайым мәліметтер кездеседі. 
Ертедегі Греция жерінде өмір сүрген ойшылдар мен дәрігерлердің ішінен Гиппократты 
(шамамен 460-377 б.з.д) ерекше атауға болады. Оны медицина ғылымының атасы деп орынды 
атайды. Оның адам мінез-құлқының және дене құрылысының ерекшеліктері, жеке мүшелердің 
құрылысы жайындағы жазғандарының танымдық мәні зор болды. 
Аристотель (384-322 ж. б.з.д.) жануарлар мен адам денесінің құрылысында ұқсастық бар 
екендігін атап көрсетіп, ең басты мүше – жүрек екендігіне ерекше тоқталған. Ол аорта (қолқа) 
қантамыры, “антропология” туралы терминдерді ғылымға енгізген.
Анатомиялық алғашқы түсініктер, ұғымдар ертедегі Греция ойшылдары Герофил, 
Эразистратт еңбектерінде де кездеседі. 



Көрнекі ойшыл, әрі дәрігер Клавдий Гален (131-201) өзіне дейінгі анатомиялық ұғымдарға 
талдау жасап, әрі толықтырып “Адам дене бөліктерінің қызметі туралы” деген аса құнды еңбек 
жазды. К. Гален еңбектері 14 ғасыр бойы анатомиялық және медициналық еңбектердің қайнар көзі 
ретінде пайдаланылды. Сондықтан да, Галенді анатомия ғылымына ерекше еңбек сіңірген ғалым деп 
атайды. 
Анатомия және медицина ғылымына ерекше еңбек сіңірген ғалымның бірі Әбу-Насыр әл-
Фараби (870-950). Оның “Адам мүшелері туралы” т.б. еңбектерінде анатомия ғылымы жөнінде 
құнды тұжырымдар көптеп кездеседі. 
Орта Азиядан шыққан ғұлама ғалым Абу Әли ибн-Сина (Авиценна, 980-1037) “Медицина 
заңдары” деген іргелі еңбегінде анатомиялық өте құнды пікірлер, қорытындылар және тұжырымдар 
бар. 
Қайта өрдеу дәуірінде (ХIV-XVI ғасырлар аралығында) Батыс Европада жаратылыстану 
ғылымы саласында көптеген өзгерістер болды. Анатомия ғылымында да едәуір ілгерілеу байқалды. 
Бұл кезеңде анатомия ғылымына өз еңбектерімен үлес қосқан ғалымдар – Леонардо да Винчи (1452-
1519), Андрей Везалий (1514-1564), Габриэль Фаллопий (1523-1563), Бартоломео Евстахий (1510-
1574) және т.б. болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет