159
нәрсеге шешім тауып,
мені не айыптарын, не ақтарын білмегенде. Әйтпесе «комбат
первый» дейтін ол менің ісімді мақұлдағанда. «Старший лейтенант первого батальона»
деуші еді ол маған ызаланып ұрысқысы келгенде. Бірақ бір рет те ашуына ерік беріп,
маған ұрсып көрген емес.
Панфилов өліп, батальонымыз кейінгі қоршаудан шыққан соң, біз өзіміздің полктың
үйіріне келіп қосылдық. Бірнеше соғыстарға қатыстық... Бір күні мені полктың штабына
шақырды. Мен Жалмұхаммед Бозжановты қасыма ерте аттандым. Келсем, Елин ауызашар
үстінде, бір жілікті кеміріп отыр екен.
— А,
комбат первый, — деп ол мені орнынан тура қабылдады.
— Бүгін бір құнажынды сойып едік, соның тоқпан жілігін мүжіп отырмын, көптен бері
сүйек ұстамаған қолым мына жіліктен айрылар емес. Қолымды саған бере алмаймын.
Отыр,
комбат первый, табақтас болайық, — деп маған
қолындағы жіліктің басымен
нұсқап орындық ұсынды.
Мен отырдым. О л қалбалақтап:
—
Сулима, Сулима! — деп адъютантын шақырды. Адъютант келгенде, — ал, біздің
флягада комбат первыйдың сыбағасы қалған болса, тез құй. Бұл кісіні аяз сорып келді ғой,
— деді.
Адъютант маған жарты стакан арақ ұсынды.
—
Қағып таста, комбат первый. Мына жамбасты ал. Ай, шіркін, атаң қазақ емес пе,
сенің ет жеуіңе қарап, менің де араным ашылып барады, — деп әзілдей күлді, жілік мүжіп
отырып, — кеңінен кең отырып әңгімелесерміз, жақсылап тойып ал мынаны аса, — деп
қояды.
Мен де аш бөрідей, таза піскен
жұмсақ етті қарбыта асап, бірде шайнап, бірде
шайнамастан жұтып отырмын.
—Бәрекелді! —деді Елин қолын газетпен сүртіп. —Бәрекелді, ерім! Мына етті жесіңе
қарағанда, сенің анық қазақ екеніңді бір байқап қалдым, — деп қарқ-қарқ күлді.
—
Құдайға шүкір, басқа қолымыздан келмесе де, ет жеу біздің қазақтың қолынан
келеді, жолдас майор,—дедім мен оның әзіліне жауап ретінде. Ол рақаттана тағы да күлді.
Шай іштік. Темекі тарттық. Елин жайбарақат отыр. Асығар емес. Дастарқанды жинап
болғаннан кейін, Елин алдыма картасын жайып салып:
—
Ал, енді, комбат первый, іске кіріселік, — деді.
Елин алдымен мені жалпы жағдаймен толық таныстырды. Одан кейін полктың хал-жайын
айтты. Соңынан менің батальонымның міндеттерін түсіндірді. Біз тұрған Пятница
деревнясының аумағын бүгін таң сәріде
атты әскер полкына тапсырып, батальон
Лопастино, Струсово, Соколово бағыттарына ауысуы қажет екенін ұғындырды.
—
Мына бос жатқан үш-төрт километр жерді сендер бекініске ұстайсыңдар, — деді ол
сөзінің аяғында. Біраз ойланып тұрып, біздің қалайша ауысу, жаңа орынға қалай орналасу
керектігі жөнінде ақылын айтып, кеңес берді. Мен шұғыл қайрылып кетіп бара
жатқанымда тоқтатты да:
—
Ал, комбат первый, айтпақшы, әлгі Попов Василий дейтін, сенің 3-ротаңның
бұрынғы командирін бұдан былай қайтеміз? Сол жігіт туралы пікіріңді айтып кетші? —
деді.
160
—
Тимково түбінде ол қашты. Одан бері мен өзімен жолыққаным жоқ, жолдас майор.
—
Жолықтырмаған мен едім.
—
Онда менен не сұрап тұрсыз?
—
Обалы не керек, Попов Тимководан келе салысымен-ақ батальонға қайта барамын,
пе көрсем де сонда көрейін деген еді. Бірақ сенің мінезіңді біле тұрып мен оны жібере
алмадым. — Момышұлы тебе не простит этого. Лучше оставайся здесь, пока не остынет»,
— деп оны жібермедім.
—
Я ему не прощаю, но и преследовать его теперь не намерен.
—
Мен Поповқа риза болған бір жерім — ол айыбын мойнына ала білгендігі.
«Момышұлы өте қатал болса да, оның қаталдығы әділетті» депті Попов жолдастарына.
Бұл да ерліктің бір түрі. Әрине, Попов сенің алдыңда, жауынгерлердің алдында өз
абыройын өзі төгіп алды. Сондықтан комиссар екеуміз ақылдасып отырып, Поповты сенің
қарамағыңа жібермеуді дұрыс деп таптық. Оны кішірейтіп, рота командирінің
орынбасары етіп тағайындадық.
—
Ал, бұны қайтеміз дегеніңіз не?
—
Егер сен Поповпен жолыға қалсаң, кегіңді сыртыңа шығарушы болма. Әрі-беріден
кейін ішіңе де сақтама. Оған ағалық, жолдастық мейіріміңді көрсете біл. Өз ұяты өзіндегі
кісіні таптамас болар. Ол жаман жауынгер емес.
—
Түсіндім, жолдас майор.
—
Бәрекелді, демек келістік қой?
—
Келістік, жолдас майор.
Достарыңызбен бөлісу: