Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу



Дата16.02.2023
өлшемі319,44 Kb.
#68534
Байланысты:
өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу

Оқу мақсаты

8.4.2.9- өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу.

8.1.3.3- физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау.

8.4.2.11- өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу.

8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау

Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ- жауап

Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ- жауап

  • 1.Ток күші деп нені айтады? Формуласы. Өлшем бірлігі.
  • 2. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады? Шартты белгісі қандай?
  • 3. Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі? Қандай құралмен өлшейді? Шартты белгісі?
  • 4.Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда?
  • 5. Өткізгіштің кедергісінің белгіленуі және өлшем бірлігі?

1-жағдай: Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
  • I = I1 = I2 = . . . = In


  • 2. U = U1 + U2 + . . . + Un
    3. R = R1 + R2 + . . . + Rn
     

2-жағдай: Өткізгіштерді параллель жалғау
Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.
1. I = I1 + I2 + . . . + In
2. U = U1 = U2 = . . . =Un
3.

Өткізгіштерді тізбектей жалғау ережесі.

  • Өткізгіштерді тізбектей жалғау ережесі.
  • Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, тізбектегі жалпы кернеу олардың қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.

Есептер шығару (Жұппен жұмыс)

Есептер шығару (Жұппен жұмыс)

 

1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36 Oм өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1 = 9В. Кедергісі R2=64 Oм болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.

 

 

2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Oм өткізгіш арқылы I1 = 5А ток өтеді. I2 = 0,8 А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.

 

3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?

Тест сұрақтары

Тест сұрақтары

1.Тізбектеп қосуда қандай шама тұрақты болады?

а) I ә) U б) R

 

2. Параллель қосқанда ток күші қалай өзгереді?

а) I =0 ә) I = I1 + I2 б) I = I1 - I2

 

3. Тізбектеп қосқанда толық кернеу неге тең?

а) U = U1 + U2 ә) U = 0 б) U = U1 -U2

4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?

а) артады ә) кемиді б) өзгермейді

5. Тізбектеп қосқанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?

а) R=0 ә) R = R1 + R2 б) R = R1 - R2

6. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?

а) I ә) U б) R

 

7. Тізбектеп қосуда жалпы кедергісі қалай өзгереді?

а) артады ә) кемиді б) өзгермейді

8. Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер қалай қосылады?

а) параллель ә) тізбектей б) аралас



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет