МҰҒАЛИМА
Комиссар екеуміз үн қатпастан Соколовоны ойлап отырдық. Тоқсан толғанып, өткен күн
мен түнді еске түсіріп, ұшы-қиыры жоқ шексіз ойлар келіп басады. Бүгінгі түннің қамы
болашақ туралы...
Қазір ғана байқадым... Отырған үйімізді көрпеден құрған шымылдық екіге бөлген екен.
Шымылдықтың ар жағында үйіліп жатқан үй мүліктерінің арасынан ұйқыларын аша
алмай отырған екі жас баланың жүзін көрдім.
Стол көлеңкесіндегі мүйісте отырған үй иесі әйелге көзім түсті.
Солғын түсіндегі тұнық көк көзі бізге қадала қарап, «не айтып, не ойлап отырсыңдар?
Шиеттей балаларым, менің халім не болмақ» — дегендей қинала, қайғыра қарап отыр.
Алдымда отырған әйел көп қорлық, коп қысым, көп кемітуді көріп зорыққан, тарылған,
мұңды көзімен мені арбағандай жіберер емес. Оның көзіндегі мұң терең, қайғылы, зарлы
мұң, даусыз қиналған жанның айқайы. Оның арбауынан зордан өзімді ажыратып алдым.
Көзге көз түскенде бір-бірінен ажырауының қиын екенін бірінші рет сездім.
Бұрын менің көзім ғашық көзімен кездесіп, дұшпанның көзімен арбасып еді. Бүгін мұңы
терең, қайғысының шеңбері кең көзбен бірінші рет кездестім.
Бұл әйел осы мектептің мұғалимасы екен. Біз отырған бөлмеге оны немістер қуып тыққан
екен. Немістің табан асты салған қырғын соғысы, алдағы соғыстың үрейлі қаупі ол әйелді
өте жабықтырып, жаншып, өзін қартайтқан. Үстіндегі киімі арық денесіне қапталғандай,
маңдайынан екі бөліп таралған жылтыр шашының желкесіне өре түйілген бұрымы босап
тарқаған, беті қансыз сұп-сұр.Әйел орнынан ақырын тұрып, пешке ағаш салып, шәйнекке
су құйды. Мені бір ой қайтадан билеп кетіп, әйел мен Ахметханның әңгімесіне онша
құлақ салмай біраз отырдым... Сөйлесе неміс, қиыншылық, ашаршылық, балалар туралы
бірен - саран сөздері алыстан естілгендей құлағыма оқта-текте бір тиеді. Әйел сөйлегенде
бәсең даусынан жәбір көрген, көп уайым жеген адамның арызының сарынын сеземін.
Бірақ түгел ұқпаймын... Шымылдықтың шеті ашылғанда қарасам өңшең жүктің, мүліктің
ортасында жатқан балалар, шешесі оларды, бар нәрселерін оқтан болат, жаңқадан қалқан
етіп, пана істегені анық көрініп тұр.
Даладағы ұлыған боранның сарыны әлі басылар емес. Айналаның барлығы уілдеуде. Жел
екпіндей соққанда біз отырған үйдің төбесі сықыр-сықыр етеді.
Менің ойым Мамоновта, боранның әр сиқыры маған Мамонов ертіп кеткен жиырма
жігіттің қар күреп, жол - жолды бөгеп жатқан қимылының хабарыңдай естілді.
—
Мама, шөлдедім, — деген баланың даусы мені ойдан оятты. Жүресінен отырып от
жаққан әйел:
—
Шыдай тұрғын, қалқам, әлі шай қайнаған жоқ, — деп жауап қатты баласына.
222
—
Шақырыңызшы, балаңыз да отқа жылынсын, — деді Мадияр. — Оны есіте
салысымен көрпеден жалаң аяқ жүгіріп, бес-алты жасар қыз бала келіп, пешке қолын
созып жылынып тура қалды. Бір бөлке нан мен екі консервіні алып, даладан Синченко
кіріп келіп:
—
Бар болғаны осы, жолдас комиссар, — ден ол алып келгенін Мадиярдың алдына
қойды. Мадияр пештің үстіне екі консервіні қойып:
—
Наның тас болып қатып қалыпты ғой, жігітім - ау? - деді.
—
Маған беріңіз, мен мұны қылышпен шаппасам, пышақпен кесілмес, — деп нанды
алып, отын жарғандай шапқылай бастады Николай. Мұздаған нанның жаңқасын Мадияр
алып пештің үстіне қойып жылыта бастағанда, қызған темірге түскен нан уағының күйген
иісін сезіп, шымылдықтан екі баланың асқа телмірген көзі көрінді.
Әйелден табақ сұрап алып, Мадияр жылынған консервіні ашып, табаққа салып болған
соң:
,— Тамақ үй иесімен тәтті деген, жеңгей, келіңіз балаларыңызбен, үй ішіндегілеріміз бас
қосып, от басында отырып тамақ желік, — деп үй иесі әйелді, балаларымен дастарқанға
шақырды.
Әйел ұяла төмен қарап:
—
Қойыңыз тақсыр, астапыралла, жолдас комиссар, өздеріңіз жей беріңіздер, бұл үйге
біз қайбір ие дейсіз...
—
Бұл жердің анық қожасы сіздер, неміс пен біз күтпеген жерден келген мазасыз
қонақтар ғана, — дедім мен.
-— Сіздер сияқты қонақтарды көптен екі көзіміз торт бола күткенбіз, — деп мұғалима
даусы дірілдеп жауап қатып, сөзін аяқтай алмай еңіреп жылап жіберді.
Барлығымыз от басында айнала отырып тамақтандық. Соғыс басталғаннан бері бірінші
рет семья ішінде тамақ жегенім осы еді.
Консерві мен қатқан нанды жеп отырған сүйкімді үш баланың түріне қарап, олардың
байсалды, ақылды шешесіне қарап, өткен - кеткен, ел, әйел, балалар еске түсті.
Қайдан қалған бір түйір қант екенін білмеймін, Синченко қалтасынан алып, үшке бөліп
балаларға берді. Балалар қуанып, сілекейлеп сора бастады. Қайғылы көңілді әйел
Николайдың оның балаларын есіркеп тәтті бергеніне тағы көңілі босап, көзінен жасы
моншақтап кетті.
Осы отырыс әйелді, балаларды, бізді де тебірентіп, жорық соғыстарда жүрек түбінде үнсіз
жатқан үйді, жарды, баланы сағынған сезімді оятты. Тым-тырыс біраз отырдық. Мүмкін
біз бұлай отырғанда, мына боранмен бірге өзіміз отырған үйдің іргесіне дұшпанның
танктері келіп қалған болар деген ой менің босап келе жатқан көңілімді қатайтып,
ширатты. Аһ, соғыс, соғыс, сенің көп кезеңің мен қырық қырлы, алуан түрлі құбылысың
жауынгерлерге не көрсетіп, не сездірмеді?
Есік ашылды, даладан кірген аяздың будақ буының ішінде үсті-басы қырауға бөленген екі
адам кіріп келді. Кірпігіндегі қырауды қолының сыртымен сүрте беріп Мамонов
Скачковқа қарап, таңданып біраз турды да, от басындағы балаларды көріп:
223
—Міне, балалар, сендерге екі аяз ата келді,—деп балалардың түріне қарап қарқ-қарқ
күлді.
Балалар екі аяз атаға тандана қарап, шешесіне жақындап тығыла бастады.
—
Қорықпаңдар, қарақтарым, ағаң ойнап айтады, — деді Мадияр. Мамонов белбеуін
шешіп, үстіндегі қарын қағып тұрып баяндай бастады.
—
Жолдас командир, айтқаныңыздың барлығын орындадық. Барар жерге зордан
жеттік. Әйтеуір қолдан келгенше бір төбешік етіп қарды үйдік. Күрекпен қарды көтере
бергенде жел суырып ала жөнеледі. Көп әурелендік... Кейіннен қарды шекпенімізбен
етектеп тасып, әйтеуір бір төмпешікті үйдік. Не шығарын қайдам, мүмкін, қайтадан жел
сол үйгенімізді қуалап, суырып, жермен жексен етіп кетіп жүрмесе.
—
Алдымен бірнеше ағаштарды құлатып салғанда, ол қарды тоқтатар еді ғой? — деді
Мадияр.
—
Екі ағашты құлаттық, жолдас комиссар.
—
Әттең жиырма шақты мина қояр ма едік, бірақ ол бізде жоқ, — деп күрсіндім. —
Пулемет қойылды ма?
—
Бір пулемет орналастырылды, — деді Скачков.
Біз үйде отырмыз. Солдаттардың бір тобы қостың сыртынан бақылап, мына боранды
қараңғы түнде барлауда жүр. Біреулері постыда тұр. Біреулері суырып тұрған қардан оp
аршып жүр. Қалғандары қардан істелген күркешікте, бір-біріне жанаса тығылып, ұйықтап
жатыр. Дала да аңдай ұлып, құйындай ұйтқып тұрған боран, сыпыра үдей соғып тұрған
жел...
Генерал Чистяков қайда отыр екен? Не ойлан отыр екен? Шехтман мен Кургановтың
полктары не істеп жатыр екен? Олар торт күннен бері қыстақты ала алмай, бүгін мына
боранда тағы шабуыл жасап жатыр ма екен, не істеп жатыр екен? Мен полк командирімін.
Маған ешнәрсе мәлім емес.Ешкіммен байланысым жоқ. Еш жақтан хабарсыз отырмын.
Айналаның бәрі маған зынданда жатқандай қараңғы, белгісіз... Тек ой мен болжау ғана
мына жағдайда мені әр жаққа алып барып бір соғады. Кенеттен дұшпан келіп қалса не
етпекпін? Мына жағдайда менің халім — естімес керең мен көрмес соқырдың жайынан
артық емес... От басындағы әйел маған сұрлана, үрейлене қарайды, менің ойымдағыларды
тапқандай. Мен төмен қараймын.
—
Жолдас командир, ана жақтан пулеметтің даусы шығады, —.деп Синченко ентігіп
кіріп келді.
Біз барлығымыз далаға шықтық. Алыстан безілдей атылған пулеметтің даусы боранды
жарып естіледі. Кейде қақалып, кейде тұншыққандай, даусы ыдырап - ыдырап естіледі.
Баж-баж етіп, тыныс ала үні өше қалып, қайтадан тіріледі. Үдеп соғып, тыншиды.
—
Сол, сол, біздің пулемет, даусынан танып тұрмын, — деді Мамонов дауысқа қарай
кулагын түре тыңдап.
Алыстағы пулемет даусын безілдете арпалыс хабарын бізге жолдауда... Кенеттен оның үні
өшті... Біз қауырт құлақ қойып қанша тыңдасақ та, қайта үн қатпады. Ұлыған боранның
даусынан басқа үн жоқ...
—Барлаушылар жіберілсін, —дедім мен. Мамонов қараңғыға ғайып болып кетті.
224
Бұзылған үйдің ду алын ықтап турмыз, айналаға құлақ саламыз. Уілдеген желден басқа
дыбыс жоқ... Турмыз. Барлаушылар ешкіммен кездеспей қайтып келді. Сақ болып, таңды
күтуден басқа бізде ешқандай дәрмен жоқ. Үйге қайтадан ешқайсымыз енгеніміз жоқ. Жел
желбірей соғып тұр... Күтпеген жерден шығыстан бір жарық көрінді.
Таң ататын кез емес еді. Күйген күннің сәулесіндей аспанға қызара шалшыған ненің
жарығы? Жарық ұлғайып өрге шапшып төмен түскен бұлтты қызыл, сарғылт бояй
бастады.
—
Соколово ғой, — деді маған бұрылып Мұхамедияров шошығандай.
—
Ия, Соколовоның өртінің жалыны болу керек. Дұшпан орнынан қозғалған болар.
Қасымдағы барлық офицерлерді жан-жаққа жұмсап жіберіп, әсіресе, Соколово тарапынан
сақ болсын деген жарлық бердім.
Сарғая күтумен тағы бір-екі сағаттай тұрдық. Өрті өршіп, Соколово жанып
жатыр.Біраздан соң өрттің сағын сындырып, бозарып таң ата бастады. Мұхамедияров пен
екеуміз түндегі біздің жігіттер шала - пұла жолды бөгеген қар дуалға қарай жүрдік...
Үлкен төбешіктей болып үйілген қар жолдың орманнан шыға берісінде алып жайындай
сұлап жатыр. Боран үйілген қарды суырып әкетудің орнына, қар үстіне қар үйіп, нығыздап
тастапты. Осы үйілген қар, танктердің жолына өте алмастай бөгет болып біздің
сенімімізді ақтағандай.
Соколовоға қарай баратын жолдың үстінде танктың жылан бауыр екі ізі жатыр. Үйілген
қардағы екі үңгір түнде келген танктың сүзбелеген тұмсығының белгісі.
—
Түнде бұл жерде дұшпанның танкі болған екен, — деді Мұхамедияров, — мына
үйілген кар оны кейін қайтаруға себеп болған.
—
Ия, біздің үйген қарымыз неміске басқа жол көрсеткені ап-айқын, ап-анық, — деді
Мамонов, комиссарды қуана қоштап. Алдыңғы елу-алпыс қадам жол жағасындағы бір
қарайған нәрсеге көзім түсіп, солай қарай жүрдім. Маған комиссар мен Мамонов ілесті.
Жолдың жиегінде қар басқан пулеметтің сынық қалдықтары быт-шыт болып жатыр. Оның
қасында танктың жылан бауыры белуардан төмен жанша басып өткен пулеметшінің
денесі жатыр. Барлығымыз азамат өлігін көре сала бас киімдерімізді алып, қол қусырып
біраз тұрдық. Мадияр дәті шыдамай, еңіреп жылап жіберді. Біздің алдымыздағы жатқан,
түндегі әлемге жар салып дұшпанмен жекпе-жек соғысқан ердің денесі екені күмәнсіз.
Оның алдында құлаш жетер жерде ердің оғына ұшып қаза тапқан неміс солдаттарының
оннан аса өліктері жатыр.
Мен түрін шырамытқандай болып, қасына жақындап барып, бетіндегі қарды қолыммен
қағып сүртіп, еңкейе үңіліп қарап, кеше кеште кездескен Андрей Алешинді таныдым.
Соғыста тағдыр алуан түрлі болады. Кеше кеште бүгін осылай жолығысамыз деген кімнің,
қайсымыздың ойымызда бар еді?!
«Ол кісі бізге бүгін түнде немістер келуі мүмкін деген еді. Оларды өткізбестен, токтатқан
жерім осы болды» деп жатқан сияқты, ер өлімімен қаза тапқан Андрей Алешин.
AЛFA
Орманнан қос атты шыға келді. Дивизия штабының офицері маған генерал Чистяковтың
дәптерінің бір бетін тапсырды. Ойқыс, ірі қолмен генерал маған былай деп жазыпты:
225
«Дұшпан бүгін түні Соколовоны тастап кетті. Шехтман полкі оның соңынан өкшелеуге
түсті...» — деп, кейіннен біздің орнымызды Н. бригадасының бір тобына тапсырып, бүгін
сағат он бірден қалмай алға баратын жолымызды, сапарымызды бұйырып жазыпты.
***
Соғыста, бір жерге табан тіреп арпалысып қалған дұшпанды орнынан қозғау қиын, жау
жеңіліп орнынан бір қозғалса, оған тұрақтап тоқтау оңайға түсе қоймайды. Жау жылжып,
сырғанап тоқтай алмай шегініп барады. Бір жерге тіреле бергенде, біз келіп оны тағы сүзе
бастаймыз, шайлығып қалған жазған алды - артына қарамай зыта жөнеледі... Түлкідей
бұлғақтап бір жотаға жорытып, әлі құйрығын ұстатар емес. Кейде жалт беріп, тісін ырсита
ырылдағандай, бір қыстаққа бекініп, бізге қыр көрсетті. Айбаттанып қабамын деп қарсы
ұмтылады. Бірақ қоян-қолтық арпалысқа жүрексініп, қаймыға ыршып бұрыла жөнеледі...
Біз соңынан қалмай келеміз. «Қашаған жүйрік келеді» дегендей әлі жеткізер емес.
Орманды аралап зытып барады. Алдынан орай соғуға жер жағдайы жөнсіз, қалың қар
шідерлеп –тұсап, емін - еркін аяқ создырмайды. Кібіртіктеп жорғалай қуып келеміз.
Әттең, тың күшіміз жоқ, әйтпесе төтеннен соғып алар бірнеше жағдайлар бармақ тістетті.
Достарыңызбен бөлісу: |