213
Мен тұрған орнымнан қозғалмай қала бердім. Генералдың соңынан ере жөнелді Мамонов.
Мамонов генералға бастан - аяқ істелген істерімізді көрсетіп бір сағаттан кейін қайта
ілесіп келді.
Генералдың түндегі ызғары сынған, бұрынғысынан көңілді. Кінәлі түрде жақындап келіп
маған: — Қарағым, қарт жаман ағаңды айыпқа бұйырмағын. Сәл, қызбалығым билеп
кетіпті... Бірақ та барлық жағдайдың анық - қанығына жету өте қажет болды, -— деп басқа
сөз қатпай аттанып жүріп кетті.
Біз барлығымыз генерал қасындағыларымен бірге орманға енгенше, соңынан қарап
тұрдық.
—
Ер көңілді, жігіт ағасы екен біздің генерал. Бұрын кім білсін, — деді Трофимов.
—
Ия, кішіден кішірейіп, кешірім сұрағаны, адамгершіліктің ең үлкен дәрежесі, —
деді Мұхамедияров.
—
Қалай, жол-жөнекей генерал менің сілемді қатып па боқтаған болар, ә? — деп
сұрадым Мамоновтан. Ол жымиып күліп:
—Жоқ, ең алғаш аздап кейіді. Соңынан аралап көріп жұмсарды. «Тағы не көрсетесіз?»
деді маған. Мен оны тағы немістердің көбірек жатқан шетіне алып бардым. «Жоқ,
шырағым, буларды мен көргемін» — деп менің айыбымды ашқан соң: «Енді сізге
көрсетерлік ешнәрсе жоқ», — дедім.
Барлығымыз Мамоновтың генералды алдаймын деп алдай алмағанына қарқ-қарқ күліп
тұрғанымызда бір солдат келіп маған қағаз ұсынды.
— Саяси жетекші Мәлік Ғабдуллин жіберіп еді, — деді ол. Дәптерден жыртып алынған
бір жапырақ қағазға Мәлік қазақша «Батырлар тобын бастаған батыр Төлеген Тоқтаров
екен...» деп жазыпты...
Достарыңызбен бөлісу: