Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
199Бауыржан Момышұлы-Москва үшін шайқас 230330 123802

СТАРШИНА 
Мен алдыңғы шептен қайтып штабымыздың күркесіне жақындай бергенімде Бықи 
жағынан бір қос атты арбаның келе жатқанын көріп күтіп тұрдым. Арбаның үстінде екі 
адам. Оның біреуі бірнәрсені сүйем ұстап отыр. Маған жақындағанда, жиырма 
төрт:Жиырма бестердегі қызыл шырай, күлімдеген тұнық жасыл .көз, сұңғақ ақсары жігіт 
арбадан секіріп түсіп, қалт тұра қалып: 
— 
Жолдас аға лейтенант, біз Шехтманньщ полкынан комиссардың бұйыруы бойынша 
сіздерге нәрселер алып келдік, — деді. «Булатон комиссарға жеткізген болды ғой» деп 
ойладым. 
Старшинаның «порсе» дегені бірнеше жәшік патрон және екі шелек піскен ет болып 
шықты. 
— 
Патрондарыңа рахмет, старшина. Ал мына екі шелегіңнің ішіндегісіне мен жалғыз 
өзім тояр ма екенмін? 
— 
Кушайте на здоровье, товарищ старший лейтенант, — старшина күлімсірей жауап 
қатты. 
— 
Біз мұнда бес жүз аш ауызбыз... Нан неге алып келмедіңдер? 
— 
Біз бергенін алып келдік. 
— 
Рахимов! Мына шелектегімен не істемекпіз? — деп сұрадым. 
— 
Кәмпитті бөлгендей бөлеміз де, жолдас комбат. 
— 
Онда старшиналар мен политруктерді шақыртыңыз. Роталардан адамдар келді. 
Пышақпен етті бөлуге кірісті. 
— 
Ал, жігітім, осында көрген - білгеніңді айта барғайсың, — дедім мен старшинаға, 
маған тиген бір түйір етті аузыма сала беріп.Күн ашық болды. Жылына бастады. 
Россияның күзгі ашық күндері біздің оңтүстіктің ашық күнінен айрықша келеді. Күн 
найза бойы көтерілгенде түнгі салқында қырауланған шықтар жіпсіп үлкен сәскеге дейін 
буырқанып буланып жер бауырлай жатқан сирек тұманша жер бетінде, орман үстінде 
көгілдір перделеніп барып асықпай тарқайды. Жерден қоңыр салқын дымқыл иіс түске 
дейін шығып тұрады. Күннің сәулесі бажырайып жарқылдамайды, асықпай жылытады. 
Ашық күнде самолеттер мен артиллерияны күші басым жақ мейлінше пайдалануға 
болады. Демек бүгін жаудың самолеттері мен артиллериясы зерікпей көзге түскенін 
бомбалауға мүмкіндіктері мол. 
Сағат азанғы онда алыстан самолеттер тобы көрініп, Волоколамскінің бізден арғы шетінен 
артиллерия атыс дабылы сарындай гүрілдеді. 
— 
Кеше немістер станцияны ала алмаған көрінеді ғой мына сарынға қарағанда, — 
деді құлағын түре тыңдап тұрған Рахимов. 
— 
Демек, бүгінгі негізгі шайқас сол жақта болды ғой. Қазірінше біздің тарапта 
ешқандай қимыл байқалмайды. 


55 
— 
Егерде алға барлаушылар жіберіп анық-қанығын білсек қайтеді. 
— 
Сіздің ойыңыз әрине дұрыс - ақ, Хаби, бірақ та болдырған атты бәйгіге қосқандай 
болып жүрмелік. Одан да қалған дәрменімізді окоптарымызды тереңдетуге жұмсағанымыз 
жөн болар. Немістер біз шақырмай-ақ өздері де келіп қалар. 
Артыма жалт қарасам Бықи жағынан бір атты құйындата шауып келеді. Бізге жеткенде 
шұғыл тоқтай қалып, мана екі шелек ет алып келген старшина атынан ырғып түсті. 
Қолында алдына өңгеріп келген бір тола кендір қапшықты жерге тастай салып, өзі қалт 
тұра қалып: 
— 
Жолдас комбат! Барлығын да комиссар Корсаковқа айттым. Міне, сіздерге ол кісі 
жүз пачка махорка, он шақты құты шырпы, жиырма шақты газеттерді тезден алып барып 
тапсыр деп мені жұмсады... — деп ентіге сөйледі. 
— 
Сенің фамилияңды да сұрамаппыз ғой, жігітім. 
— 
Мен Ивановпын. 
— 
Ал аты-жөнің, өз есімің мен әкеңнің атын айтшы. 
— 
Тек қана Ваня Иванов десе де болады ғой. 
— 
Өзің де Иван болып шықтың ба? 
— 
Әкемнің аты да Иван, жолдас комбат. Документтерде Иван Иванович Иванов 
болып жазыламын. 
— 
Ай, сендерге басқа ат табылмағандай бәрің бірдей Иван болғандарыңа жол болсын? 
— деп Рахимов күле сұрады. 
— 
Қайдам, жолдас лейтенант, ат қойғанда бізден сұрамай қойыпты ғой, — деп оған 
старшина күле жауап қатты. 
— 
Ал, Иван Иванович, саған үлкен, үлкен барлығымыздың атымыздан алғыс, құдай 
бар болса тағдыр сені сақтасын, қарағым Ваня. Ну, поезжай! Спасибо, брат! 
Шауып кетіп бара жатқан Ивановтың соңынан қарап тұрып: 
— 
Орыстың осындай жақсы жігіттері болады, — деді Рахимов. — Taп біздің Степанов 
сияқты ақпейіл, бауырмал екен мына старшина да. 
Иван Ивановичтің алып келгенін үлестіруге кіріскен еді Хаби. 
Мен алғы шепті аралап келемін. Жауынгерлер окоптарын тереңдете қазып жатыр. 
Кейбірсулері оқта-текте басын көтеріп алға елеңдей қарап қояды. Менімен бірге келе 
жатқан Краев: 
— 
Тамақ жедік, махорка тарттық, жақын арада мүмкін жүз грамм да ішерміз, а, 
жолдас комбат? 
— 
Оның закускасы болмай жүрмесін, Семен. 
— 
Арақ бар жерде закуска да табылар. Мен өзім жеке басымды алсам қазір бір 
стопканы қағып тастап, жеңімнің ұшын бір иіскесем болғаны... 


56 
— 
Болды енді, әзілің жетті. Ісіңді жөндеп басқар. ...Сағат он бір... Сағат он екі... Біздің 
алдымызда жаудың бірде-бір солдатының қарасы көрінбейді. 
— 
Осы аш отырғанда адам мүлдем зеріккіш келеді екен, — деген Бозжановтың 
даусын күркенің сыртынан естідім. — Егер де мен үлкен орында командир болсам, қарап 
отырмас едім. Тіптен тіке Волоколамскіге тартып, қаланың бір шетін басып алып отырар 
едім. Кейіннен құдай басқа салғанын көре жатар едік, — деді ол оны мақұлдап отырған 
біреуге. 
Бозжанов! Бермен келгін! 
Ләпбай, жолдас комбат! — деп қысыла - қымтыла Жалмұхаммед кіріп келді. 
Мұнда не қып сандалып жүрсің? 
Мана махорка алғалы келіп едік... Мен осында аздап кідіріп... жігіттермен сөзге 
айналыңқырап қалыппын. 
Алғы шепке барғын да, ротаңды жинап жаңағы сөзіңді солардың алдында оттағын. 
Жоқ, жолдас комбат... Тек әшейін... 
— 
Бар ротаңа! 
* * * 
Сағат бірден аса бергенде Шехтманның полкының комиссары Корсаков келді. 
Комиссардың түрі солғын. Мен оған барлық жағдайды қысқаша баяндадым. 
— 
Жүріңіз, алға барып көрелік, — деді комиссар менің сөзімнің аяғын тыңдап болып. 
Жолда келе жатып Корсаков маған жалпы жағдайды айтты. — Капров пен Елиннің 
полктарына кешелі бері ауыр салмақ түсті. Әсіресе, Капров полкында. Обалына не керек, 
жауынгерлер табан тіресе жаудың басым күшімен айқасуда. Естіп тұрсыз ғой — олар 
қазір де ауыр халде соғысып жатыр. 
Алғы шепті аралап жүргенде, жауынгерлермен сәлемдескені болмаса комиссар үн қатқан 
жоқ, тек жан-жаққа көз салып аяңдап жүріп отырды. Менімен қоштасып тұрып 
аттанардың алдында Корсаков былай деді: 
— 
Аш халыққа мен не дейін? Өздеріңіз де сөйлескен боларсыздар. Сіздер үшін 
қолымнан келгенімді істеуге тырыстым, штаб кухняларынан етін сіздерге жібергізіп, 
сорпасын оларға қалдырдым. Екі тәуліктен бері азық-түлікті жөнді уақытылы ала алмай 
жатырмыз. 
Комиссар көрші батальонға қарай кетіп бара жатқанында, оның артынан қарап тұрып 
Рахимов: 
— 
Бұл полкта бізге жаны ашыр үш адам бар: Булатов, Иванов, Корсаков, - деді. 
— 
И это очень хорошо, Хаби, — дедім оған мен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет