462
463
Жақсылық қыл түзу заңды ұстанып,
Қос жаһанда еш жамандық көрме сен!»
5745 Жақсылыққа тауфиқ берді саған хақ,
Жолың ашық, еш тайсалма, алаңдап.
Жақсылықты несіне енді бұзасың,
Жаласына қаласың да, тынасың!
Елден безіп, құтыңнан қол үзгенмен,
Не жақсылық іздейсің сен бұл жерден!?
Бұл жер маған ыңғайлырақ дегенім,
Мынау еді айтсам мəніс, себебін:
Маған дүние-дəулет бітіп көрмеді,
Тілегімнің бірі қолға келмеді.
5750 Қатыспадым, біліп ел-жұрт арасын,
Бектер құлқын сезбедім мен, жанасып.
Бұл жалғанның дүние-малын көрмедім,
Жаман-жақсы кісі халын көрмедім.
Халім оңбас, енді онда барсам мен,
Біліп тұрып құлшылықтан тансам мен.
Егер кісі алтын-күміс көрмеген,
Көрсе, құрыр, буынан-ақ өртенер.
Сөзді тыңда сарттар басы аңдаған,
Қытай, жерді керуені шарлаған:
5755 «Кедейлікпен күн өткізді пақырың,
Байып кетсе, болар нағыз тасырың!
Байып кетсе, қайыршы да бағы бар,
Бұрынғы ақ жолынан тез жаңылар?
Құтсыз-бақсыз, дəулет бітсе құт қонып,
Құлқы өзгеріп, тиер елге жұт болып.
Əкім болса, əкімдікті білмеген,
Қатты тиер елге қолмен, тілменен!»
Көрдің, білдің: мал-дүние жидың да,
Көңіліңді һəм нəпсіңді тидың да.
5760 Көзің тойды, көңілің де бабында,
Жарастықпен жүрсің Елік жанында.
Мұның бəрі бір хұданың пейілі,
Берген күллі жақсылығын, мейірін!
Достарыңызбен бөлісу: