«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


ІІ. ЗАМАННЫҢ БҰЗЫЛҒАНЫН, ДОСТАРДЫҢ ЖАФАСЫН



Pdf көрінісі
бет146/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

ІІ. ЗАМАННЫҢ БҰЗЫЛҒАНЫН, ДОСТАРДЫҢ ЖАФАСЫН 
АЙТАДЫ
6565 Тұрайын да дүниені шарлайын,
Опалы жан кезігер ме барлайын.
Кісі сирек, қайда іздейін — тілегім,
Іздеп тапсам, бір көрейін реңін.
Бəрін таптым, тек кісілік таппадым,
Тілек болса, жүзін көру, баққаным.
Опа құрып, жафа толды ғаламға,
Аз-маз опа қалды қандай адамда?
Опалы ерді тапсам, егер, ағайын,
Мойныма артып, жанарымдай бағайын!
6570 Опалы жан табылмаса не етейін,
Тағы киік ішінде өмір кешейін!
Көк отын жеп, қақ суына қанайын,
Құмда түнеп, кенептен тон жабайын.
Бақсы* болып шөлді кезіп кетейін,
Елден жырақ бұл жаһаннан өтейін.
Бұл болмаса, дүниеден танайын,
Желдей есіп, өзендейін ағайын.
Жафа шектім, ием, мұңлы сияғым,
Опалы кім, шыбын жанды қиямын!
6575 Кісі аты бар, кісіліктің өзі жоқ,
Қайда кетті? Іздегенге ізі жоқ.
Жаһанда іздеп бауырмал жан таппадым,
Қатыгезді қайтем, көңіл тартпады.
Кімді өзіме жақын балап, қарасам,
Албасты боп шықты, қалай жанасам?!
Кімді сүйіп, жақын тарттым жаныма,
Жафа қылды, кімді сүйем тағы да!
Кісі жанын танытатын сөз бен тіл,
Тіл, жан ала болды, сенсін кімге діл!
6580 Бүгін мұнда кімді жақын санайын,
Кімге сеніп, кімді досқа балайын?!
Көңіл беріп, кімге мұңым шағайын,
Мұңымды айтсам, мұңаярсың талайың!
Үміт үздім ағайын-дос, жаттан да,
Бауырың — жат, құлқы жаман қастан да!
Сақталса антпен иман, сенім, қасиет,
Ант ұстаушы бар ма? «Ер!» — деп, бас ием!
Тұз-дəм хақын сақтайтын бір жан бар ма,
Мен бөлейін алтын, күміс, гəуһарға!
6585 Көрші, қане, бірге күйіп, сүйінген,
Бəрін беріп, мен кетейін үйімнен.
Дос-жараннан кім бар сенер, ағайын?
Оны бек қып, өзім құл боп қалайын!
Кісі таппай, жалғыз басқа мұң толды,
Мұңым меңдеп, сүйінішім күл болды.
Ел неге азды? Заңды неге бұзады?
Қай заманға келдім, қалай тұрамын?
Иə, жынды, иə ақымақ шығармын,
Айтқанымды ұғындыршы — ұғармын!
6590 Ми тозды ма əлде əңгіме күшейіп,
Елес пе əлде өзім дəрі ішейін.
Кезікті ме кіл сондай жан, қайтейін?
Қырсық адам өзім бе əлде, қайтайын!
Опалы адам, қане, қарап қанайын,
Мақтанайын, мақтап лəззат табайын!
Қалдырса олар жарғы, заңын, ағайын,
Көріп бүгін, бір сүйініп қалайын!
Немесе айтсын заң, жарғыны, сынайын,
Түзік — төрге, бұзықтарын қуайын.
6595 Жақсылармен кетті заңның талайы,
Қалды осалдар, қайдан жақсы табайын!


 516
517
Пенде болса бойын түзеп, тік жүрген,
Ол кеткендер періште екен, кім білген!?
Олар өтті, бұлармен не табармын?
Қалай жүріп, қандай іске жарармын!
Айта-айта, бітірмеспін сөзімді,
Мен кетейін, тиып өзім өзімді!
(Сөз бітпейді, сөйлегенмен нешеме,
Жетер осы, сөзің бар ма, кетейін!)
Еш жақсылық таппадым мен, не етейін,
Шаһар, ұлыс, жұрттан безіп, кетейін!
6600 Атымды естіп, көз көрмеске көшейін,
Сөзді үзейін, таба алмастай — өшейін!
Қалай шыдап жүрем, азып шыбындап,
Шаян, шыбын шағып, иттер ырылдап!..
(Шыбындай жеп, шаяндайын шағады*,
Үреді иттей — қайсысын мен қағамын!?)
Сұм-сұғанақ ортасында ұлыдым,
Күні-түні азап артып құрыдым!
Тимесін бар маған жафа-жəбірі,
Бұзық, сұмнан тұрайын һəм əрірек!
Пайғамбардың өңін берсе, ей, Алла!
Төрт сахаба жүзін көрсем, ей, Алла!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет