Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет19/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80
Байланысты:
О улы Алматы, 012 удк

«Көз алдына ақ шағи көрпесін қымтана бүркеніп, 
бұйығып жатқан Алтайдың қыземшек жоталары елестеді. 
Үкідей үлпілдеген ақ ұлпа қардың үстінде соңына түскен 
қуғыншыдан құтылмаққа жан дəрмен күш салып, бар айла 
тəсілін сарп еткен алтайы қыр сұлуы құйғыта ұшып барады. 
Бірде оңға, бірде сол ға бұлт етіп, одан қалды жалт бұрылып кері 
қашқанымен де жарау ат мінген қуғыншы қыр соңынан қалмай 
əбден діңкелетіп, өкпесін өшіріп барып тура қара тұмсықтан 
ала темірдей қатты сойылмен сілтеп өткенде түз тағысы екі 
бүктетіліп барып омақаса құлады. Қара тұмсықтан қып-қызыл 
қан дірдектеді. Əппақ қарға қып-қызыл қан тамды. Қып-қызыл 
қан...» деген ой бірнеше рет қайталанып беріледі. Лирикалық 
прозадағы мұндай кейіпкердің жанына поэтикалық қуат, шабыт 
берген туған жер табиғаты пате 
тикалық лептегі қаратпа сөз, 
риторикалық сұрақ, лепті сөй 
лемдер арқылы, қайталаулар ар-
қылы, автор сөзінің асқақтығы он 
ың тебіреніс, толқу сезімін 
күшейтіп көрсету мақсатында қолданылған.
Кез келген жазушы өз шығармасында қандай деңгейде бол-
са да өзі сомдаған кейіпкерінің ішкі əлеміне бойлап, адам атты 
болмыстың жан əлемін танытуға ұмтылады. Лирикалық прозада 
да кейіпкер əлеміне терең бойлау, оның жан дүниесіндегі се-
зім иірімдерін қапысыз аңғарту басты міндет болғандықтан, 
суреткер түрлі көркемдік тəсілдер арқылы сан қилы бейнелеулер 
жүйесін тоғыстырады. Бұл ретте ол терең психологиялық тал-
дауға барып шығарманың тұтас композициялық құрылымын 
кейіпкерінің санасы арқылы өріп, оқиғаны оның ішкі жан-дү 
-
ние сінің өзгерістерімен дамытып отырады. Жазушының кейіп-
кердің ішкі əлеміне бойлай еніп, оның жан-дүниесінің сəл 
өзгерісіне, жүрегінің əрбір діріліне дейін тиянақтай жазып, əрбір 
қиналысына назар аударуы психологиялық талдаулар арқылы 
беріледі. Шығармашылықтағы психологизм Батыс еуропалық 


55
əдебиетте ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында пайда болғаны 
зерттеу еңбектерде тұжырымдалған. ХХ ғасырдың басында
З. Фрейдтің жəне К. Юнгтың еңбектеріндегі адам жанының терең 
зерделенуі, əдеби шығармашылыққа, соның ішінде көптеген ірі 
қаламгерлерге өз ықпалын тигізді. 
Психологиялық талдау қазақ көркем прозасында жиыр ма сыншы 
ғасырдың басында көрініс беріп, ары қарай тереңдей дамыды. 
Бұдан кейінгі аралықта көркем прозадағы кейіпкерлердің сомдалу 
үлгісінде психологизмнің алатын орыны айрықша байқалды. 
Қазіргі лирикалық прозада психологиялық талдаудың жарқын 
үлгісін көрсеткен шығармалардың бірі – белгілі жазушы Шəрбану 
Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» атты тарихи тұлға тағ-
дырын арқау еткен хикаяты. Ш. Бейсенова туындыларының 
кейіпкерлері негізінен əйел адамдар. «Мизамшуақ», «Бір ма-
хаббат баяны» повестері мен əр қилы тақырыптағы əңгімелері 
жазушының лирикалық проза бағытында жазылған мəнді дүние-
лері болып саналады. Əдебиет əлеміне ХХ ғасырдың 70-жылдары 
келген толқынның өкілі Ш. Бейсенова қаламына тəн лирикалық 
əуен мен психологиялық желінің шебер үйлесуі осы ғасырдың 
90-жылдары прозашы ретінде танылған тағы бір қаламгер Роза 
Мұқанова қаламында жаңаша қырымен көрінді. Р. Мұқанованың 
тарихи тұлға тағдырын арқау еткен «Дүние кезек», «Құдырет-
кие», т.б. бірсыпыра шығармаларында лиризм мен психологимнің 
үндесуі кейіпкер тұлғасын даралап, оның болмысын танытуда 
шешуші рөл атқарған. «Дүние кезек» əңгімесі орыстың ұлы 
ақыны Пушкин өмірінің ақтық сəтін арқау етсе, «Құдырет - кие» 
əңгімесі əлем билеушісі Шыңғыс хан өмірінің бір кезеңін қам-
тыған. Анығында орталық қаһарман Шыңғысты дүниеге əке-
луші ана – Өлең-шеше. Бұл аталған əңгімелердің лирикалық 
бітімі кейіпкер сезімінің нəзік қылын шертуімен айқындалса, 
сол сезім əлемінің қиналыстары мен күйзеліске түсуін жазушы 
психологиялық талдаулар арқылы бейнелеп жеткізеді. 
Ш. Бейсенованың «Сүзгені соңғы күндері» повесі – тарихи
тақырыптағы туынды. Бұл шығармада лиризм мен психологизм 
Сібір жұртын билеген Көшім ханның кіші əйелі Сүзге ханымның 
сезімі мен ойының, сана ағымының арнасында өрбиді. 
Шығарманың тұтастай құрылымы да Сүзгенің ішкі жан əлемінің 


56
ағымына сəйкес өрілген. Психологиялық талдау лирикалық леп-
пен қатарласып, шығарманың күллі желісі бойы жиналып келеді 
де, шығарма шешімі сол негізде жүзеге асады. Сүзге не үшін өз 
басын құрбандыққа берді, неге ол осы жолды таңдап алды? Оны 
бұл шешімге қандай күш итермеледі? Сүзгенің жан-дүниесінде, 
жалпы тағдырында орын алатын арпалыстар мен құбылыстарды, 
сезім ахуалындағы өзгерістер мен дамуларды көрсете отырып, 
жазушы шығарманың трагедиялық шешіміне алып келеді. Ал 
оған ең оңтайлы тəсіл лирикалық сазбен қатар психологиялық 
талдау болмақ. Осыдан келіп, «Сүзгенің соңғы күндерін» терең 
лирика-психологиялық хикаят деп атауға болады.
Шығарма басталған сəттен-ақ автор кейіпкерінің ой жүйесі 
арқылы лирикалық шегініске жол береді. Сөйтіп Сүзгенің сібір 
жұртына келін болып түсуін, хан ордасының салтанаты мен 
ерекшелігін, Сүзгін атты қамал-қаланың салынуын баяндап 
өтеді. Яғни шығарманың композициялық құрылымы еркін түрде 
шарықтау шегі, экспозициясы, дамуы, шиеленісуі жəне қайтадан 
шарықтау шегі, одан соң шешімі болып құрылады. Шығарма 
құрылымының бұлайша болып түзілуін қаламгердің өзіндік 
тəсілі деуге болады. Өйткені шығармашылықтағы психологиялық 
талдау тəсілі оқиғаның қалай жəне қандай сипатта болса да 
дамуына жол ашып береді.
«Тұла бойын зіл басқандай еңсесін жанышқан азапты күйден 
ұзақты күнге еш серпіле алмай қойған» [184, 4]. Сүзге ханымның 
жағдайы оқырманды да елең еткізіп, оқиға тереңіне тарта түседі. 
Шығарманың жазылу барысында авторлық баяндау мен Сүзгенің 
ішкі монологы, сана ағымы, сезім күйлері психологиялық 
талдаулар көрініп отырады. 
Мына үзінділер Сүзге ханымның ішкі жан-дүниесінде өтіп 
жатқан арпалысты, уайымды, алаңдауды береді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет